Тақырып. Фирманың (кәсіпорынның) шығындары және табысы
Тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.
«Экономика» ұғымы. Экономика ұғымын үш көзқарастық тұрғыдан анықтау: экономика шаруашылық іс-әрекет ретінде, экономика шаруашылық жүргізу туралы ғылым ретінде, экономика шаруашылық жүргізу жағдайында қалыптасатын адамдар арасындағы қатынастар ретінде. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Экономикалық теорияның қызметтері: ғылыми, әдістемелік, тәжірибелік. Негізгі экономикалық ұғымдар:қажеттілік, материалдық игіліктер мен қызметтер, экономикалық қорлар, ресурстың шектеулі болуы, экономикалық қатынастар, экономикалық заңдар мен категориялар.
Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері: ғылыми абстракция, анализ және синтез, индукция және дедукция, экономиканың математикалық үлгісін жасау, экономикалық тәжірибе жүргізу.
Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. «Иемдену-айыру» қатынастары. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары. Қоғамда меншік формаларының көптүрлі болуының заңды қажеттілігі. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, түрлері, әдістері, проблемалары.
Тақырып. Экономиканың негізгі ұйымдастыру формалары
Натуралды шаруашылық экономиканы ұйымдастырудың алғашқы тарихи формасы (көрінісі) ретінде. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері және дамып өзгеруі. Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы. Товарлы шаруашылықтың пайда ьолу жағдайлары. Товарлы шаруашылықтың негізгі белгілері. Товар және оның сипаттық қасиеттері. Ақша жалпылама айырбас эквиваленті ретінде. Ақшаның қызметтері. Нарықтың түрлері. Нарық инфрақұрылымы.
Тақырып. Экономикалық жүйелердің үлгілері және өтпелі экономиканың заңдылықтары.
Экономикаға жүйелі көзқарас. Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарыеың орны. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау (дәстүрлі, әкімшілдік-әміршілдік, аралас, нарықтық). Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері. Әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде өзгеруі.
Өтпелі экономиканың заңдылықтары: меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, ішкі және сыртқы экономикалық жағдайды босату, нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. ҚР экономикасын қайта құру: мақсаттары және кезеңдері.
Тақырып. Нарықты экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі
Нарықты экономика товар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. Нарықты экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау, баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарық механизмінің элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.
Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші жағдайлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.
Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.
Тұтынушылық мінез-құлқы. Тұтынушының жалпы (түпкілікті) және кезекті (қосымша) пайдалықты максималдау талдамы.
Тақырып. Капиталдың айналымы және қайтармалы айналымы
іріс және ұдайы өндіріс. Жеке-дара ұдайы өндіріс. Фирма (кәсіпорын) нарықтың экономика субъектісі ретінде. Капиталдың қайтармалы айналымы мен айналымы. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың ескіруі. Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруі (құнсыздануы). Амортизация. Қор жинау мәні және жағдайлары. Инвестициялар және оның түрлері.
тақырып. Фирманың (кәсіпорынның) шығындары және табысы
Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындар. Фирманың табысы: жалпы, орташа және шекті. Өндіріс факторлары және факторлық табыстар. Еңбек өндіріс факторы және еңбек ақы еңбек бағасы ретінде. Капитал өндіріс факторы және процент капитал иесінің табысы ретінде. Жер ауылшаруашылығының негізгі факторы ретінде. Жер рентасы және оның түрлері. Жерді экономикалық бағалау және нарықтық бағасы. ҚР-дағы жерлер және жер қатынастары. Пайда кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Өндірушінің шығындарын минималдау және пайдасын максималдау ұстанымы.