Теракт деп танылмағандар жағдайлар

2011 жылғы мамырдың 17-інде Ақтөбедегі ҰҚК департаментінің ғимаратында 25 жастағы Рахымжан Махатов өзін-өзі жарып жіберді. Сол кезде жауапты органдар азаматтың радикалды экстремистер тобына қатысы бар екенін айтқанымен, аталған оқиғаны теракт ретінде танымаған болатын. Олардың айтуынша, Мақатов ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін жауапкершіліктен жалтармақ болған.

Бір апта өткен соң, 24 маусымда Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторы маңайында Ауди-100 маркалы көлігі жарылды. Тергеу жұмыстары Сергей Подкосов есімді орыс мұсылманына тиесілі жарылғыш зат жарылған. Онымен бірге, өз жолаушысы не тасымалдап бара жатқанынан хабарсыз таксист жүргізушісі де қазақ болды. Бірақ бұл оқиға да теракт болып танылған жоқ.

28 маусым күні Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында полиция тоқтатқан көлігінен қару мен экстремистік кітаптар тауып, көлік иесі Талған Шақановты қамауға алынған болатын. Екі күн өткен соң, 30-нан 1 маусымға қараған түні белгісіз біреулер ауыл полиция пунктінің екі полициясын атып кетеді. Ресми емес дерек көздеріне сәйкес, қайтыс болған қызметкерлер — Айдос Боранбаев пен Нұрлан Алпысбай қонаққа келіп, көліктен түсе бергенде белгісіз біреулер оқ жаудырған. Қатты шудан далаға шыққан үйдегілер алтыға жуық адам байқағанын айтқан.

Осылай 1 маусымнан бастап, Шұбарши мен оған жақын Саркөл, Кеңқияқ ауылдарының отызға жуық діни адамды ұсталды. Тергеу амалдары барысында күдіктілердің туыстары мен жақындары да қылмыскер мен қылмыс айғақтарын жасырмақ болғаны үшін ұсталған. Кейіннен күдіктілердің шетелге кетіп қалғандары белгілі болып, Ақтөбе мен Оралдан тартылған қауіпсіздік қызметкерлері қайтарылды. Бірақ «Сұңқар» мен «Бүркіт» арнайы жасақтары Кеңқияқ ауылын тінту барысында қылмыскер топқа тап болып, 8 – 9 маусым аралығында атыс болды. Сол түні 10 қылмыскер, 2 полиция қызметкері қайтыс болды. 10 күнге созылған операцияны Ақтөбе қаласының Ішкі істер департаменті терроризм емес, «заңсыз мұнай саудасына кедергі келтіргені үшін полициядан кек алу үшін жасалған қастандық» деп қортындылады.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар - student2.ru

Жыл

«Institute for Economics and Peace» ұйымы дүниежүзіндегі террорлық әрекеттерді есепке алып, зерттеу жүргізген. 2011 жылы жарылыс ұйымдастырғандар саны күрт өскен, сонымен қатар барлық жарылыстың 9 пайызының ғана алды алынған. Аталған жылдағы террорлық әрекеттер ескеріліп, терроризм жиі болатын елдердің индексінде Қазақстан 47-орында тұрды. Осылайша, бұл жыл Қазақстанның әрбір тұрғыны терроризммен танысып, жан-жақта болған жарылыстар азаматтардың үрейін алған жыл ретінде есте қалды.

2011 жылдың тамызында Атырау қаласында теракті жасауға даярлық жүргізді деп айыпталған уаххабистердің үлкен тобы құрықталды. Ал 31 қазан күні Атыраудың облыстық әкімшілігі мен прокуратура маңайында екі жарылыс болды. Өзін-өзі жарып жіберген 24 жастағы Бауыржан Сұлтанғалиев қайтыс болып, іс алғаш рет террористік әрекет ретінде тіркелді.

8 қарашада Алматы қаласында екі полицияны алдап шақырып, атып тастаған. «Терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда қылмыскерлер тек 3 желтоқсан күні Алматы облысының Боралдай аулында ұсталды. Экстремистер тұрақтаған жеке үйде қақтығыс болып 4 террорист, арнайы жасақтың екі мүшесі қаза тапты.

Ал 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласының тұрғыны жалғыз өзі террорлық әрекет ұйымдастырды. Оқиға барысында террористің ізін кескен екі қызметкер қылмыскер қолынан қаза болды. 34 жастағы Мақсат Қариевті құқық қорғау қызметкерлері ұстамақ болғанда жиһадшы өзін өзі жарып жіберген. Сол уақытта жарылысты денесімен жапқан полиция капитан Ғазиз Байтасов қаза болды. Ерлікпен қаза тапқан капитанға «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар - student2.ru

Жыл

21 маусымда Ақтөбе қаласында үш азамат такси жүргізушісіне шабуыл жасаған, ал оған көмекке келген жол полиция қызметкерін өлтірген. Екі күннен соң қылмыстық топ табылып, өз еркімен берілу туралы ұсынысқа қарамай оқ жаудырған. Болған атыс салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алып, екі экстремист қаза болды. Оқиғаға қатысы бар 17 жасар жергілікті тұрғын ұсталды.

11 шілдеде Таусамал ауылында жарылыс болып, жер үй өртке оранған. Қалдықтарды қазбалау барысында сегіз адамның денесі табылды. Үй ішінде жарылғыш заттар мен қару табылған. Полицияның айтуынша, үйде болғандар теракті жасауды жоспарлаған. Бір ай өткен соң, 17 тамызда, Алматы аумағындағы Бағанашыл ауылында полиция Таусамал ауылындағы жарылысқа күдікті болған қылмыстық топқа қарсы арнайы операция жүргізеді. Жеке үйде жасырынған 12 қылмыскердің көзі жойылды. Құқық қорғау органдарынан ешкім жапа шеккен жоқ.

14 қыркүйектен 15-не қараған түні белгісіз біреулер автокөліктен Атыраудың орталығындағы полиция постына оқ жаудырады да, ары қарай қалалық полиция ғимаратына шабуыл жасайды. Қылмыстық топ 21 қыркүйек күні қала сыртындағы Көктем аулында ұсталды.

Бұдан соң Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 12 қыркүйек полициямен атысқан 5 адам мерт болды.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар - student2.ru

Жыл 17 мамыр — 2012 жыл 21 қыркүйек арасында Қазақстан аумағында терроризмге қатысы бар оқиғалар кезінде 74 адам (оның 12-сі — полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары) қаза тапты.

Жыл

ҚР Бас прокуратурасының хабарлауы бойынша, 2013 жылы террористік қылмыс үшін – елуден астам, экстремистік қылмыс жасады деген айыппен 32 азамат ұсталған. Бақылау комитеті, сонымен қатар, 83 азаматқа қатысты экстремизм мен терроризм бабы бойынша 38 қылмыстық іс қозғалған. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен (127 азамат) салыстырғанда төмен.

Жыл

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-әрекет жөніндегі зерттеулер нәтижесі туралы Ерлан Қарин «Қазақстан терроризм қаупі төмен мемлекеттер қатарында тұр» деп баяндама жасады.

«Шынайы жағдайға келсек, терроризм қаупін бағалаудың түрлі жаһандық индекстері бойынша Қазақстан лаңкестік қатерлер барынша төмен мемлекеттер қатарында тұр. Бұны әр түрлі институттардың мәліметтері растайды. Сонымен қатар, АҚШ-та орналасқан аса ірі талдау-сараптамалық орталығы өз сараптауларында тіпті Қазақстанды қоспаған. Оның себебін өз ойымша топшылай кетсем, ондай институттар Қазақстанның аумағында орын алған оқиғаларды террористік актілер ретінде жіктемейді және террористік актілерге жатқызбайды да. Әрине, әр түрлі құрылымдар бұл оқиғаларды әр түрлі бағалайды, дегенмен олардың басым бөлігінде сарапшылардың пікірі бір-бірінен алшақ емес», — деген еді Е. Қарин.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар - student2.ru

Жыл

2015 жылы Қазақстан әлемдік экономика мен бейбітшілік зерттеу орталығының террористік қауіп жоғары елдердің рейтінгінде 83 орында тұрды. 2012 жылы біз бұл индексте – 47, 2014 жылы 63-орында болдық. Бұл – террористерден төнетін қауіп жыл сайын төмендеді деген сөз.

Жыл

Ақтөбе қаласында 5 маусым күні экстремисттік көзқарастағы 26 азамат «Паллада» қару-жарақ-дүкеніне кіріп, суық қаруларды ұрлап шыққан. Салдарынан, бiрiншi қару дүкенiнiң сатушысы мен оқиға орнына бiрiншi болып жеткен күзет қызметкерi қаза тапты. Ал екiншi қару дүкенiнде келген адам пышақ жарақатынан мерт болды. Жалпы алғанда, 3 бейбiт адам көз жұмып, 2 адам жараланды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәлімдеуінші, шабуылдың салдарынан 9 адам қаза тауып, 38 адамның әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Министрдің айтуынша, шабуыл жасаған 26 азаматтың 13-інің көзі жойылып, 6-ы жарақаттанды. Енді қалған 7 адам іздестіріліп жатыр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жалпы 38 адамның 15-і жеңіл жарақаттар алған, амбулаториялық емге бағытталып, 20 адам емханаға жатқызылған. Олардың 17-сіне ота жасалған, ал тоғызының жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта Ақтөбеде ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары басқаратын штаб жұмыс істейді.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар - student2.ru

Болған оқиғаға байланысты Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Осы жылдың соңғы терактісі Алматыда болды. Қызылорда қаласының бұған дейін істі болған 27 жастағы азаматы Алмалы аудандық ішкі істер департаментінде тұрған пост полицейіне оқ атып (кейін қаза тапты), оның автоматын ұрлап кеткен. Кейін күдікті Абылай хан — Төле би көшелерінің қиылысына қарай жүгірген, қашып бара жатқанда артынан қуған екі құқық қорғау қызметкерін атып өлтірді. Атыстан соң күдікті тұтқындалды. Атыс туралы ақпарат шығып, оқиғаның мән-жайы анықталған соң террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Алматыдағы жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің оперативті отырысын жинады да, аталған оқиға «теракт» деп танылды.

Қылмыскерді құрықтау барысында 4 адам: 3 полицей, 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, одан бөлек 7 адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Теракт деп танылмағандар жағдайлар - student2.ru

Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;

2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;

3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;

4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;

5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;

6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

6-1) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;

7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;

8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;

9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;

10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:

терроризм профилактикасы;

террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;

шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметі;

11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;

13) терроризм профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жөніндегі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;

14) террорист – террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;

14-1) террористік материалдар – терроризм актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекет белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;

15) террористік топ – бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;

16) террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;

17) террористік ұйым – террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатысты террористік ұйым деп тану туралы сот шешімі қабылданған және заңды күшіне енген ұйым;

18) террористiк iс-әрекет – төмендегі әрекеттердің кез келгенін жасау:

терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және iске асыру;

терроризм актiсiн жасауға айдап салу;

терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз әскерилендiрiлген құралымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), ұйымдасқан топты ұйымдастыру, сол сияқты осындай құрылымдарға қатысу;

террористердi азғырып тарту, қаруландыру, үйрету және пайдалану;

терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға және жасауға ақпараттық тұрғыдан немесе өзгедей жәрдемдесу;

терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату;

көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекеті террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жәрдемдесу.

7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті

Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді, террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операциялар өткізуді ұйымдастырады, қарсы барлау шаралары арқылы террористік іс-әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады, шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады және оның жай-күйін бақылайды;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, күзетілуге жататын өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операциялар өткізіледі;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі терроризмге қарсы операцияларды өткізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

5) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган террористік ұйымдар, сондай-ақ террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар тарапынан төнетін террористік қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне залал келтірілуіне жол бермеу мақсатында барлау қызметін жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады;

6) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органы қаржы мониторингін жүзеге асырады және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданады;

7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;

7-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді;

9) байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды және этносаралық келісімді насихаттауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде терроризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

9-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуі мен экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға қатысады;

11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық жанжалдарды және терроризм көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;

12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық құрылыстардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті организмдер көздерінің физикалық қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;

13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарды көлік-коммуникация саласының объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;

14) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

15) экономикалық тергеу қызметі террористік қылмыстар жасау құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де нәрселерді Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;

16) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

17) әділет органдары терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шараларды іске асыруды және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

19) білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарында факультативтік сабақтар өткізу жолымен қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;

21) діни қызмет саласындағы уәкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

Наши рекомендации