Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтінге тақырып беріңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында тұрғын үйдің әлеуметтік-саяси мағынасына мән бере отырып: «Ендігі бір өзекті міндет – тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұрынғы жүйе шеше алмаған іске кірістік. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, неге қабілетті екендіктерін қазақстандықтарға көрсетсін. Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш»,– деген болатын.

Елбасының 2012 жылғы Жолдауында да тұрғын үйдің ерекше орын алғанын байқаймыз. Жолдауда: «Біз жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет», – делінген.

Қазіргі уақытта тұрғын үй мәселесіне баса назар аударылуда. Алайда бұл мәселені шешу үшін оның саяси құрылымын терең жүйелі қарастыру және басты стратегиялық бағыттарды даярлау қажет. Сонымен қатар азаматтардың жағдайын жақсартуға қабілетті нәтижелі тұрғын үй саясатын жүзеге асыру керек.

Тұрғын үйдің тапшылығы мен тұрғын үй саясатының маңыздылығы мем­лекетте көтеріліп отырған бағдарламалар мен ресми құжаттарда да көрсетілген. Тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қойған тапсырмалары – жалдамалы тұрғын үй нарығын да­мыту мен мемлекеттік тұрғын үй жалдамалық қорын басқару жөніндегі мамандандырылған компа­ниялар құруды және мемлекеттік емес сектордың әлеуметтік жаңғыртуға қатысуын ұлғайтуды ынта­ландыру.

Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты қағидаттары: азаматтардың тұрғын үй құқықтарын айқындайтын жаңа заңнамалық және нормативті негіздерді дамыту; тұрғын үй қорын басқаруға азаматтардың қатысуы; коммуналды инфрақұрылымды дамыту; тұрғын үй құрылысын дамытуға ат салысу; жер нарығын құру; тұрғын үй саласындағы қаржылық нарықты жетілдіру; жаңа қалалық даму саясатын дайындау; жылжымай­тын мүлік нарығы инфрақұрылымын дамыту; тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру.

(Д.О.Салиева)

Сөздік

тұрғын үй – жилой дом

жаңару – развиваться; расцветать

жолдау – послание

ағымдағы жыл – текущий год

бағдарлама – программа

жүйе –система

Үкімет – Правительство

әкім – аким; управляющий

жауапкершілік – ответственность

қабілет – способность

саяси құрылым – политическая структура

бағыт – направление

тапшылық – дефицит; недостаток; нехватка

жаңғырту – модернизировать

ынталандыру – заинтересовать; стимулировать

жылжымайтын мүлік – недвижимость

қолжетімділік – доступ

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Елбасы халыққа Жолдауында қандай мәселелерге айрықша тоқталды?

2. «Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын», – деген ойды қалай түсінесіз?

3. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін не істеу қажет?

4. Тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз қандай тапсырмалар берді?

5. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты қағидаттары қандай?

Тапсырма. Синоним сөздермен сөйлем құраңыздар.

үй – баспана

өзекті мәселе – көкейтесті мәселе

жедел – жылдам

даярлау – дайындау

жүзеге асыру – іске асыру

тапшылық – жетіспеушілік

Грамматика: Төл сөз Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.
Төл сөздің орын тәртібі және олардың тыныс белгілері
1. «Төл сөз», – автор сөзі.   2. Автор сөзі: «Төл сөз».   3. Автор сөзі: «Төл сөз», – автор сөзі. 4. «Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз». 1. «Тиын тиынға қосылып теңге құрайды»,– дейді әкем. 2. Әкем былай дейді: «Тиын тиынға қосылып теңге құрайды». 3. Әкем:«Тиын тиынға қосылып теңге құрайды», – дейді. 4. «Тиын тиынға қосылып , – дейді әкем, – теңге құрайды ».

Тапсырма. Мәтіннен төл сөздерді көшіріп жазыңыздар. Олардың тыныс белгісіне назар аударыңыздар.

8-тапсырма. Төл сөз бен автор сөзін ажыратып, тыныс белгілерін қойыңыздар.

1. Қуаныш Арманға Жаңа үй салайық деді.

2. Мерей Ақанқызы Баспанаң болмаса, өмір сүру қиын деді.

3. Электр энергиясы қымбаттады, сондықтан жарықты үнемдеңдер деді анам.

4. Арман достарына Қазіргі уақытта тұрғын үй мәселесіне баса назар аударылуда деді.

Екінші сабақ

Наши рекомендации