Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердіц кезеңдер

Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік билік-тің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен ¥лттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жоніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді. Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджет-тік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол Бюд-жеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңна-малы-нормативтік актілермен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

• тұтастық - оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюд-жеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік кұжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;

• дербестік - оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі үйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын қүқықпен қамтамасыз етуіне;

• теңгерушілік - оның маңында барлық бюджеттердің кіріс-тері мен шығыстары арасындағы арақатынстарды дүрыс тағайындалуына.

Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюд-жет түрақтылығы мен аймақтар және іс-әрекет салалары ара» ларьшдағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларн қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақ-тау қажет - ол мемлекеттің барлық қаржы саясаттының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер қүру.

Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметті-экономикалық ортамер-зімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақс-тан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай - ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресур-старын басқарудағы мемлекеттік биліктің функцияларын регла-мснттеуі. Бүл функциялары келесілер арқылы көрінеді:

• мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттары-ның әрекеттесуінде;

• әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

• салықты-фискалдық қүралдарды жетілдіруде;

• бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

• бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен қүрылымын тағайындағанда;

• республикалық бюджет тапшылығының көлемін анық-тағанда;

• жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

• мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен огеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда.

44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

1. Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:

трансферттермен;

бюджеттiк кредиттермен;

2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

трансферттермен;

бюджеттiк кредиттермен;

кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.

2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.

3. Нысаналы трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттiк бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.

4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтарылуға жатады.

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.

Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.

6. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.

7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.

Республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.

8. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, өткен қаржы жылында пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жыл басындағы бюджет қаражаты қалдықтарының және осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке төменгі тұрған бюджеттен қайтарылған сомалар, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.

Наши рекомендации