Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайлар.
Негізгі ұғымдар: жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықты қарастырғанда бірінші кезекте: «ол қалай туындайды?, жемкорлықтың пайда болуына қандай жағдайлар әсер етеді? » ,- деген сұрақтар туындайды. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда қазіргі криминология саласында қылмыстың, жемқорлықтың себебін әлеуметтік құбылыстардың бірі деген түсінік қалыптасқан. Адамзат қоғамы дамуы барысында Шәкәрім Құдайбердіұлы мынадай тұжырым жасайды: «Өзінің қадыр-қасиетін жақсы білетін адам өзгелерді қорламайды. Ол әрқашанда өмірге, яғни қоғамға адамның қадыр-қасиетін, сенімді бағалай алады» деген. Францияның белгілі заңгерлерінің бірі Арно Монтбур бірде «қоршаған ортаны жаппай ластайтын нәрсеге ұқсас сыбайлас жемқорлық болашақ адамдарының жүздерін жабыңқы етеді» деп атап көрсеткен еді. Яғни сыбайлас жемқорлық адамның қадыр қасиетін бағалай алмауына, бірін бірі қорлауына әкеліп соқтырады.
Әлемдік тәжірибенің арғы-бергі тарихына көз алып, ой зерделесек, экономикасы дамыған қуатты мемлекеттердің өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте түбегейлі жеңіске жетіп көрмепті. Сонау мүлік теңсіздігі пайда болған сәттен бастап-ақ тіршілікке өз дәнін тастап үлгерген сыбайлас жемқорлықтың біреудің мүлкін тартып алу секілді арнайы әрекеттен мемлекет қазынасын талан-таражға салу, мансабын пайдалану тәрізді анағұрлым жетілдірілген биік дәрежеге көтерілуі талай-талай дәуірлерді артқа тастаған бұл дерттің өлмейтін, өшпейтін итжандылығын әйгілесе керек. Сондықтан да негізгі мәнін өзгертпесе де заманына қарай айла-шарғысын түрлендіріп отыратын осынау қауіпті қылмысқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының алғашқылардың бірі болып күрес жариялап, әлемдік деңгейде халықаралық конвенциялардың әзірленуі тектен тек емес.
Қазақстан Республикасының “Сыбайласжемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауында «Сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін өте зиянды, саяси, экономикалық, реформалардын аяққа тұрып кетуіне кедергі жасайды, әлеуметтік жағдайды әлсіретеді» - деп сыбайлас жемқорлықтың елдің экономикасының дамуына кері әсері туралы ашып айтып, Қазақстан Республикасында 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының шығуына себеп болды. Сонымен, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдері басшылығының иелегінде ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының талаптарын күллі әскери қызметкерлердің орындауын қамтамасыз ететіндей жеткілікті заңдылық базалары бар.
Жемқорлық саясатта ғана емес экономика және баскару элиталарында да кеңінен таралып отыр. Яғни құқық қорғау органдары институционалды жемқорлықпен күресуде әлсіздік танытуда. Жемқорлық пен оны тудыратын жағдайлар екі жақты болып табылады. Біріншіден, жемкорлықты терендететін жағдайлар туындаса, екінші жағынан масштабты жемкорлық басым түсіп оларды шешудің өтпелі кезеңін туғызады. Бұдан мынадай міндеттер туындайды: біріншіден, жемқорлықтың пайда болуына әсер ететін жағдайлармен күрес жүргізу арқылы жемқорлықты азайту және дамуына кедергі жасау; екіншіден, бұл проблемаларды шешуде құқық қорғау органдарымен бірлесе әрекет ету .
Қазақстандағы жемқорлық мен халықтың өмір сүру деңгейі дүние жүзілік тәжірибе бойынша коррупцияның деңгейі сол елдің халықтың өмір сүру деңгейіне байланысты болады деп көрсетеді. Қазақстандағы 7 обылыста жүргізілген тестің көрсетуі бойынша экономиканың (50,6%.) түсуінен кейін халықты толғандыратын екінші жағдай ол жемқорлық (14%), одан кейін ұйымдасқан қылмыс (10,6%). Англияның консалтинг компаниялары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан әлемде жемқорлық бойынша 7 орынды иеленеді екен. Қазақстанның парламент қызметкерлерімен жүргізілген сұрақ бойынша 91% басты шешілуге жататын мәселелердің бірі отандық өнімді өндіруді ұлғайту және қылмыс пен жемқорлықпен күресуді санайды.
Криминалды кәсіпқойшылықтың өсуі, көптеген қылмыстардың ниет мақсаты пайда табу болып кеңеюі қылмыстық ұйымдардың өздері жасырынып және жасырын түрде жасалған әрекеттері, сонымен қатар, көлеңкелі экономиканың жетекшілері мен жасалған әрекеттер, соның бірі республика аумағынан тыс жерде қылмыс жасайтын топтармен байланысып, Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің басын қатыратын себептерінің бірі болып табылады. Солардың бірі, қылмыстық орта ұйымдасу нысандары түрінде орын алатын болды.
Криминалды әлемнің өкілдері өз алдына кез келген тәсілмен пайда табуын көздейді, қаржы банк жүйесіне және кәсіпкерлік қызмет саласының мүмкіндігінше солармен сіңісіп кетуіне әрекет жасап тырысып бағады. Сырқы экономикалық байланыстарды өздерінің пайдасы үшін пайдалануға, өз орталарына мемлекттік қызметкерлерді және Құқық қорғау органдары қызметкерлерін тартуда. Сол уақытта, жедел іздестіру шараларын жетілдіру, қаржы шаруашылық қызметте қадағалауды күшейту, қоғамда болып жатқан процесстерден байқалуда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары анықталып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлері, сондай – ақ, жауапкершіліктің күшіне ену шарттары белгіленген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда қауіпті кесапаттың жолын кесу шаралары жан жақты қарастырылғанына қарамастан әлгіндей жағымсыз құбылыстардың маңызды буындардан қылан беріп, ол жайында дабыл кетерілгенімен ізінен сез ерген лауазымды тұлғаның іле-шала судан таза шығатындығы бұл төңіректе әлі де көптеген мәселелердің жете ойластырылмай отырғандығын байқатады. Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрестің кей жағдайларда негізгі бағытынан ауытқып, қатардағы науқандық іске айналып кететіндігінде осындай да түйткілдер бар тәрізді. Көптеген құқық қорғау органдарының өкілдері оны жоққа шығармайды.
Сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда жоюын білдіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, елде саясатты және әлеуметтік экономикалық жағдайды ары қарай нығайту үшін бірден бір сезілетін арнайы механизм болу қажет. Ол, республиканың әр азаматы, конституциялық құқы және еркіндігінің қорғауында құқық қорғау органдары қызметін, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа және заң бұзушылыққа қарсы күрес жүргізу күштері барына сенімді болулары қажет.
Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады.