Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған қылмыстар түрлері
3. Қылмысты айқындау мен саралау мәселелері
Негізгі ұғымдар: жемқорлық
Қылмыстық кодекстің 13-тарауы "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа" арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше "Лауазымды қылмыстар" деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалык, саяси өзгерістердін нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік
органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың кызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының кылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.
Осы екі органның - мемлекеттік немесе коммерциялық және өзге ұйымдардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс кызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана коғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құкыктары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың кызметін қорғау, оған кылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат коғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір тарауға біріктіруге негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар: 1) Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнаулы субъект-мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.
2) Бұл тараудағы қылмыстар кызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
3) Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, заңды кызметін қызмет мүддесіне кайшы түрде бұзады.
2. Қызметтік өкілетті теріс пайдалану (307-бап)
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр кылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген кызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі кұкық пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады.
Оның кауіптілігі сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге карама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Мемлекеттік аппараттың қалыпты, занды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың объектісі болып табылады. Осыған байланысты, егер кызметтік өкілетті теріс пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскер құрамдарында және әскери құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана қылмыс және 13-тарауда көзделген өзге де қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті теріс пайдаланған тұлғалар ҚК-тің 228-бабы бойынша осындай іс-әрекеттері үшін қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа ескертпелерді ескере отырып жауап беруге жатады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады лауазымды адамның өзінің қызметтік өкілетін пайдалануы; лауазымды идамның қызмет мүдделеріне қайшы келетін белгілі бір іс-әрекет жасауы; егер осы іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне, не қоғамдық немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.
Мынадай іс-әрекеттер лауазымды адамның өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалануы деп түсініледі, егер ол іс-әрекет оның қызметтік өкілетінен туындайтын болса және осы лауазымды адам атқарып отырған қызметінің аркасында берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты болса онда (ҚК-тің 307-бабы) кызметтік өкілетті пайдалану туралы айтылған. Осыған орай бұл қылмыстар негізінен әрекет жасау жолымен жасалады немесе әрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.
Лауазымды адамдардың құзыреті тиісті лауазымды адамдардың қызметі жөніндегі құқықтар мен міндеттердің шегін айқындайтын заңдармен, ережелермен, жарғылармен немесе нұсқаулықтармен не болмаса басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Лауазымды адамның әрекеті деп лауазымды адам оның атқаратын кызмет жағдайының арқасында ғана жасай алатын әрекетін айтуға болады.
Ші дәріс.