Экономикалық жіктеудін ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалыптастыру тәртібі

Республикалық және жергілікті бюджеттердің келесі қаржылық жыл жобасын жасау үшін мемлекеттік мекемелер бағдарламалар әкімшіліктеріне шығыстардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша бюджеттік шығындардың есептемелерін ұсынады. Мұндай есептемелерді құру үшін мемлекеттік мекемелер келесілерді қолданады:

• бірыңғай бюджеттік жіктеуді, оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуін;

• бюджет шығындарының экономикалық жіктеуерекшеліктерінің құрылымын;

• орташа мерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарға сәйкес тиісті кезеңнің болжамдық көрсеткіштерін;

• заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген әрекеттегі нормалармен және нормативтермен.

Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері, мысалы, келесі формалар арқылы құрылады:

• 01 -111 форма мемлекеттік бюджет арқылы үсталатын мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

• 10-111 форма прокуратура органдары қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

• 11-111 форма құқық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қаржы полиция агенттігі органдарының және кеден қызметі жұмыскерлерінін негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады;

• 12-111 форма әскери қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады.

Осы формалар бойынша есептемелер үшін ҚР Президенттінің «Әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар агенттігі органдарының және прокуратура органдары жұмыскерлерінің категориялары бойынша қызмет тізілімдемелерін бекіту жөніндегі» және «Мемлекеттік бюджет арқылы ұсталатын республикалық органдар жұмыскерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесі жөніндегі» Жарлықтары (2013ж. 25 на-урыз №575 және №576) негіз болады.

Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызмет-керлерінін жинақтаушы зейнетақы қорларға аударылатын міндетті зейнетақы жарнамаларын есептеу үшін 01-114 форма арналады. Мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің әлеуметтік салық төлеу шығындарын есептеу үшін 01-121 форма қолданылады. Бұл формада салық салынатын еңбекақы қоры, әлеуметтік салық мөлшерлемесі мен жылғы салық сомасы белгіленеді. Ал балан-старында автокөлік құралдары бар мемлекеттІк мекемелер сол автокөлік құралдарының иелері ретіндегі азаматты-құқыктық жауапкершіліктік міндетті сақтықтың жарнамаларын есептеу үшін 01-125 форманы пайдаланады.

 
 
 

Денсаулық сақтау мекемелерінен басқа мемлекеттік мекемелер барлық шығындардың ішінде тамақка арналған шығындарын есептеу үшін 01-131 форманы толтырады. Бұл формада тамақ азықгарын алушылардың атауы, азық нормасы және азыктанатындардың орташа жылдық саны көрсетіледі. Мысалы, білім беру мекемелерінде азықтанатындар болып оқушылардын орташа жылдык саны есептеледі, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерде - тұрғындардын орташа жылдық саны, әскери және оған теңестірілген органдар мекемелерінде - әскери қызметкерлердін орташа жылдық саны.

Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарынын қызметкерлері, әскери оқу орындарынын курсанттары және тағы басқа теңестірілген кызметкерлер мемлекеттік бюджет құралдары арқылы арнайы киім-кешек және басқа да заттық мүлік бұйымдарымен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Осыларды сатып алуға, тігуге және жөндеуге арналған шығындарды есептеу үшін тиісті мемлекеттік мекемелер 01-134 формасын пайдаланады. Бұл формада киім-кешек пен басқа да арнайы заттык мүлікті алушылардың атаулары мен олардың орташа жылдық саны, белгіленген норма мен шығындардың барлық сомасы көрсетіледі.

Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы каржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің барлық шығындары жоғарыда көрсетілген экономикалық жіктеудің ерекшеліктеріне сәйкес арнайы формалар толтыру бойынша есептеледі. Сол формалар бойынша шығындарды есептеу мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеттерін реттейтін әр түрлі нормативтік актілер ережелеріне негізделеді. Мысалы, ел ішіндегі кызметтік іс-сапарларға бағытталған шығындарды есептеу үшін 01-136 форма толтырылады. Бұл арада есептемелер негізі ретінде «Мемлекеттік бюджет аркылы ұстайтын мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің ҚР шегіндегі қызметтік іс-сапарлар Тәртібін бекіту жөніндегі» Үкімет өкімі (2012 ж. 22 қырқұйек №1428) қолданылады. Ал егерде қызметтік іссапар шетелге бағытталса, онда мемлекеттік мекеме 01-137 форманы толтырады және шығындар есептеуі «Шетел валютасында іссапарлық шығындарды өтеу жөніндегі» Қаржы министрлігінің бүйрығына (1998 ж. 16 қараша №534) негізделеді.

Мемлекеттік мекемелерге сырттан көрсетілген әр түрлі қызметтерді өтеуге арналған шығындарын есептеу үшін де арнайы формалар белгіленген. Мысалы, байланыс қызметтерін өтеу үшін шығындар 01-142 форма арқылы есептеледі, ал көлік қызметтерін өтеуге арналған шығындар сомасын есептеу үшін 01-143 форма толтырылады. Сондай-ақ, заңды және жеке түлғалар мемлекеттік мекемелерге атқарылған жұмыстар мен көрсеткен қызметтерді өтеуге бағытталған шығындар сомасын есептеуге 01-149 форма арналған. Бұл формада жасалған есептемелер шығындардың жалпы сомасымен бірге олардың негізгі түрлері бойынша келесі көрсеткіштер арқылы келтіріледі:

1. Заңды тұлғалар үшін:

• қызмет көрсету мен жұмыс атқаруға қатынасқан жұмыскерлердің еңбекақысы;

• іссапарға арналған шығындар;

• бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер;

• басқа да салықтар;

• материалдармен мүліктену;

• электроқуат пен жылудан басқа коммуналдық қызметтер;

• электроқуат;

• жылу;

• байланыс қызметі;

• көлік қызметі;

• негізгі құралдардың ағымдагы жөндеуі;

• ғимараттарды үстау мен күту;

• басқа да шығындар.

2. Жеке тұлғалар үшін:

• қызмет көрсету мен жұмыс атқаруға қатынасқан жұмыскерлердің еңбекақысы, сондай-ақ оның еңбекақысынан ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті төлем;

• іссапарға арналған шығындар;

• материалдармен мүліктену;

• көлік қызметі.

Тағы бір арнайы форма- ол занды тұлғалардың залалын өтеуге оларға бағьпталған ағымдағы трансферттер бойы шығындарын есептеуге арналған үш бөлімнен қалынтасатын 01-311 форма. Бірінші бөлімде- заңды тұлғаның шаруашылық әрекетін іске асырудан алынатын табыстарының жалпы сомасы көрсетіледі. Екінші бөлімде - ағымдағы сипаттағы шығындардың негізгі түрлері бойынша есептелген барлык шығындардың жалпы сомасы көрсетіледі. Үшінші бөлімде - заңды тұлғаның табыстарынан асып түскен шығындар сомасы, яғни бюджет құралдары арқылы өтелетін шығындар көрсетіледі,

Заңды тұлғалар ұсынатын осы форма бойынша есептемелер негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері залалдарды өтеуге арналған ағымдағы трансферттер бойынша шығындарды есептеу үшін 01-311 жиынтық форманы құрады да оны Қаржы министрлікке немесе жергілікті қаржы органдарға ұсынады.

Шығындардың экономикалың жіктеуінің басқа ерекшеліктері бойынша есептемелер еркінше формалар арқылы құрылады. Бюджеттік өтініштер қалыптастырғанда осы формалар бойынша есептемелер тек қана болжамдық жылға құрылады.

Жоғарыда белгіленген формалар бойынша есептемелер негізінде мемлекеттік мекеме бағдарламалары бойынша жиынтық есептемелер формасын құрады. Бұл формада шығындардың жалпы сомасы және оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша болжамдық жылдың шығындар сомалары көрсетіледі. Және де осы формада өткен қаржы жылғы нақты мәліметтер, ағымдағы қаржы жылғы анықталған жоспар және келесі үш жылдың болжамдық мәліметтері келтіріледі.

Мемлекеттік мекемелер осы форманы шығындардың экономикалық жіктеуінің барлық ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелерін қоса бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне тапсырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мемлекеттік мекемелердің жиынтық есептемелері формасының негізінде бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар бойынша жиынтык есептемелер формасын құрып, Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарға ұсынады

Тұжырымдама

Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын Үкімет Парламентте талқылау үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 жүлдызына дейін ұсынуы тиіс. Бұл жоба Парламент палаталарының бірге отырысында талқыланып, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін тиісті заң қабылдау арқылы бекітіледі. Егерде белгіленген мерзімге дейін республикалық бюджет жөніндегі Заң қабылданбаса, онда Республика Президенті алдымыздағы қаржы жылдың бірінші тоқсанына арналған бюджет бекітілгенге дейін әрекетте болатын республикалық қаржы жоспары жөнінде Жарлық жариялауға құқы бар. Бұл жоспар республикалық бюджет жобасының төрттен бірі көлемінде ағымдағы жылдың 30 желтоксанға дейін бекітілуі тиіс. Осы жоспар қабылданған жағдайда республикалык бюджет жаңа жылдың наурыз айының 1 жұлдызына дейін бекітілуі тиіс.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Республикалық және жергілікті бюджет жобасын қарау және бекіту қандай тәртіптері бар?

2. Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері қандай формалармен толтырылады?

Наши рекомендации