Акция – қаржы құралы

Акционерге тиесілі акцияны иесіз деп тануға болады ма?

Иә, көріп отырғанымыздай, қазіргі нарықтық экономикалық заманда Азаматтық құқықтың алатын орны өте ерекше. Сүлейменов өзінің тағы бір сөзінде, азаматтық құқық ғылымының саяси құрылысқа мүлдем бағынышты емес екенін атап өтеді. Өйткені сонау Римде де, АҚШ-та да, елімізде де мәміле жасалынды, жасалынады және жасалына береді. Расында да бұл нақты теоремаға айнлған сияқты.

Сонымен, біздің ең өзекті тақырыбымыз болып отырған, Акционерлік қоғам. Оның ішінде, акционерге тиесілі акцияны иесіз деп тани аламыз ба?

Біз бұл сұрақтың жауабын зерттей келе, нақты заңға және ғалымдардың пікіріне сүйенеміз. Алдымен көршілес Ресей Федерациясының ғалымы Басиннің пікіріне тоқталсам.

Акционерлік қоғам туралы заңның 12-бабынасәйкес, акционерлік қоғамның акциялары құжатсыз нысанда шығарылады. Демек акцияға меншік құқығы ретінде көрсетілмеген, акцияның иесін мемлекеттік реестрде бекітілген тізім арқылы білеміз. Құжатсыз нысанда акция иесі болған акционер міндеттеме құқыққа ие болады. [1]

Бұл мәселе сонау Рим заңгерлерінен бері келе жатырған даулы мәселе. Шынында акцияны иесіз деп тани аламыз ба?

Құқықтық табиғаты жағынан, құжатсыз нысандағы акциялар үнемі пікірталасқа салынып жүргені рас. Теория тұрғысынан алып қарасақ акция ұстап көруге жатпайтын мүлік. Ал дәстүрлі және құқық тұрғысынан алып қарасақ, құжатсыз нысандағы акция мемлекеттік тізілімге тіркелмесе, оның заңдық күші жоқ. Ресей және Қазақстан заңнамаларына сәйкес, айта кету керек бұл екі мемлекеттің де заңнамасы бір концепциядан бастау алған. Демек құжатсыз нысандағы акция – бұл зат емес, керісінше мүліктік құқық.

Біз бұл жерде мынаны нақты түсінуіміз қажет. Жарғы капиталында бекітілген үлес бұл – таза міндеттемелік құқыққа жатады. Ал оны қалай болмасын меншік құқығы ретінде тани алмаймыз. Акцияны зат ретінде яғни қаржы құралы ретінде мойындап, ал жарғылық капиталдағы үлесті міндеттеме ретінде бөліп жарудың қажеті жоқ. Өйткені мемлекеттің табиғи құқығы жағынан АҚ да, ЖШС та бірдей қарастырылады. Шын мәнінде де, АҚ мен ЖШС-тың мақсаты мен міндеттері бір-біріне өте ұқсас.

Сонымен, туындап тұрған сұрақ біреу ғана. Акцияны яғни қаржы құралын мұліктік немесе міндеттемелік құқық ретінде қарастырамыз ба?

Мысалы, АҚ мүліктік құқық болса, ал құрылтайшылары міндеттемелік құқыққа ие. Яғни бұдан келіп шығатын түйін, мемлекеттік акционерлік қоғам 100% үлесі мемлекетке тиесілі болса да, ол емлекеттік емес заңды тұлға болып табылады. Ал бұл АҚ-ң мүліктері жеке меншікке тиесілі. Бір сөзбен айтқанда «парадокс».

Соңғы жылдары «КАЗАХОЙЛ», «КЕГОК» сынды ұлттық компаниялардың құқықтық нысандарына байланысты проблемалар жиі көтеріліп жатыр. Бір жағынан алып қарасақ, бұл АҚ, яғни меншіктеріне мүлік тіркелген және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Ал екінші жағынан олар мемлекеттік

функцияларды атқарады, мемлекеттік акциялар пакетіне билік етеді. Бұл қарама-қайшылықты заңды жолмен реттеу керек. [2]

Азаматтық кодекстің 36-бабына сәйкес, Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздерi құрған заңды тұлғалардың мүлкiне құқықтары

1. Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн.

2. Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер жатады.

Сүлейменовтың жоғарыда көрсетілген мақаласына сәйкес, АК-тің баптарына өзгерістер енгізілуі қажет.

АК-нің 115-бабына сәйкес акция бағалы қағаз ретінде қаржылық құрал түріндегі мүлікке жатады, демек, оны АК-нің 242-бабының ережесін қолданып, иесіз деп тануға жол берілмейді. Көріп отырғанымыздай, заң бізге: акцияны қаржы құралы ретінде танып, оны мүлікке жатқызады және иесіз деп тануға жол бермейді. Алайда, сот практикасына сүйенсек, 2016 жылдың сәуір айындағы Тараз қаласы, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында нөмірі №3115-16-3-1/341 сәйкес акцияны иесіз деп тану туралы шешім қабылданған. Енді сұрақ туындайды. Неге сот шешімі өзгеріп отыр? ҚРАК басқаша дейді, АҚ туралы заңнама мүлдем керағар пікірді ұстанса, Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы мүлдем басқаны көрсетеді. [3]

Сонымен нақты түйінге көшсек, менің негізі позициям бойынша, Сүлейменов пен Басинның келтірген пікірлеріне қосыламын. Біздің Азаматтық кодекстегі меншік пен мүлік құқықтарының айырмашылығын ажыратып, дұрыс анықтама беруі қажет. Сот құқықтың қайнар көздеріне сәйкес, бірінші басшылыққа: ҚР АК-ті алады, одан кейін АҚ туралы заңды және Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын. Цивилистер нақты қателіктерді көрсете отырып, тығырықтан шығу жолын көрсетеді. Алайда, біздің құқықтық жүйеміздің бұл процестерге өзінің дайын емес екендігін көреміз. Барлығы да айналып келгенде, заң нормаларындағы бір-біріне кері позицияларға келіп тіреледі. Сонымен қатар, бұл көптен бері келе жатырған ең даулы проблемалар

[1] [1] https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30780390#pos=128;-163

[2]
http://zangerlf.com/ru/publications/203

BESTPROFI

Наши рекомендации