Жоба және компания құрылымының ұйымдастырылуы.
Компанияның ұйымдық құрлымы оның ішкі құрлысын, басқару әрекеттерінің ағынын, еңбекі үлестіру және өндіріс ерекшеліктерін бйнелейді. Йункционалдық және қызметті ұйымдастыру – қарама – қарсы полюстер, ал матрицалық ұйымдастыру – аралық жағдай. Ең мықты деге ұйымдық құрылым жоқ. Йункционалдық құрылым мен жобалық құрылымды қарсы қоюдың қажеті жоқ. Функционалдық құрылым синонимі иерархиялық құрылым (7 – сурет).
Сурет 7. Функционалды құрлым.
Функционалдық құрлымының төмендегідей ерекшеліктері бар:
Ø Біріңғай бастау принципі сақталады.
Ø Жұмыс жағдайы түсінікті және тұрақты
Ø Операциялық қызметтер үшін жақсы ыңғайланған
Ø Бөлімдер мамандырылуы сараптауды жинақтауға мүмкіндік береді
Ø Орындаушылар арасында шешім қабылдау мен өзара байланыстар қиындау. Оларт ек басшылар арқылы жүзеге асады.
Ø Басқару шоғырлаенған және жоғарғы басшылардың құзырлылығында
Ø Ерекше бойынша, жоба жүрісін бақылау тиімсіз.
Функционалдық құрлым көп деңгейлі иерархиялы. Функционалдық құрлым басшылары бұлар басқарма басшылары, оларға қарайтын бөлімдер, зертханалар, секторлар, топтар басшылары. Әрбір бастықтың орынбасары бар, және олар біреу ғана емес. Мысалы: минитрліктер, ведомствалар, ғылыми институттар жәнекеңес кезегіндегі кәсіпорындар.
Ұйымдық құрылым спектрінің бір шетінде жоба құрлымы тұрады (8 – сурет).
Сурет 8. Жоба құрылымы.
Таза жобалық мекемелерде:
Ø Жоба өндірістік бөлім ретінде жеке ұйымдастырылады.
Ø Жобаға персоналдар уақытша келісім – шартпен қабылданады.
Ø Жоба аяқталған срң персоналдар жұмыстан шығады.
Ø Баяу старт
Ø Тәжірибе қосылмайды
Ø Команда сақталмайды.
Жобалық мекемелер аса тиімді емес, бірақ орындаушы мекемеден физикалық алыста орналасқан, жобаны орындауға арналған жалғыз ғана мүмкіндік, мысалы жаңа мұнай құбырының құрлысы.
БЖ өңдеуде ең кең тарағаны матрицалық мекеме. Матрицалық ұйымды ұйымдастырудың үш түрі бар: Әлсіз, балансталған және күшті (9 - сурет – 11 - сурет). Бж өңдеу компанияларында йункционалдық бөлімдер өнім сызығына сәйкес анықталады. Мысалы, CRM – жүйе өңдеу бөлімі, қаржы өүйесын өңдеу бөлімі, қосымша өнім өңдеу бөлімі.
БЖ өңдеу негізінен тапсырыс бойынша орындалатын компанияларда функционалдық бөлімдер қолданылатын сәйкес ақпараттық технологиялар біріктіріледі. Мысалы, деректер қорын өңдеу бөлімі, J2EE – қосымша өңдеу бөлімі, веб – өңдеулер бөлімі, тестілеу, құжаттау бөлімдері т.б.
Сурет 9. Әлсіз матрица.
Әлсіз матрицада жобада қарастыратын қызметтер ролі мен өқілеттілігі өте шектеулі. Жобаға нақты басшылықты функуионалдық жетекшінің бірі анықтайды. Жоба координаттарын «трекер» деп атайды, сондықтан ақпарат, шығындар есебі, есеп – берулер құрылуы туралы ақпарат жинайды.
Сурет 10. Балансталған матрица.
Балансталған матрицаның ерекшелігі, оны жобаға бөлінген қорларын басқаратын менеджер басқарады. Ол жұмыстарды доспарлайды, орындаушылар арасында есепті үлестіреді, мерзімін және нәтижесін бақылайды, шектеулерді есепке ала отырып, жоба мақсатына жетуге толық жауап береді.
Балансталған матрицада екі жақты басқару мәселесі туындайды. Функционалдық бөлім бастығы мен жоба менеджерінің өңдеушілердің материалдық және кәсіби өсуіне ықпалдары бірлеу болады.
Сурет 11. Күшті матрица.
Күшті матрицада жобаны басқару жеке құзырлық облысын басқару болып табылады, онда жалпы қорды қолдану және сараптауды жинақтау қажет. Сондықтан күшті матрицада жоба менеджерлері жеке функционалдық бөлімге бірігеді – жобына басқару офисі (ЖБО). ЖБО жобалауды басқару облысында корпаративті саясат және стандарт өңдейді, жоспарлайды және менеджерлердің кәсіптік дамуын жүзеге асырады.
Матрицалық құрылымның тағы бір ерекшелігі, оларда көпсатылы иерархия жоғалып, «жазық» бола бастайды. Кәсіпорын ереже бойынша әртүрлі категориялы мамандар жұмыс істейтін функционалдың бөлімдерге бөлініп, тікелей бөлім бастығына бағынады. Зертхана, сектор, топ бастықтары жойылады. Матрицалық құрылымда функционалдық бөлім бастығының ролі функционалдық құрылыммен салыстырғанда өндірістік үрдісбе едәуір төмендейді. Оның құзырлылығында функционалдық бағытты, жоспарлау және қызметкерлер карьерасын дамыту, жұмысты материалды – тезникалық жабдықтау сұрақтарын стратегиялық дамыту қалады. Өкілеттілік пен жауапкершілікті бұлай бөлу функционалдық басшылар мен жоба менджерінің арасындағы даулы жағдайларды тудырады.