Реттеудің нысандары мен әдістері

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2) салық салу;

3) инвестициялау;

4) сыртқы қарыз алу;

5) сыртқы берешек

6) экспортты қаражаттандыру

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау* шикізаттық ресурстар мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия** қойылуы мүмкін.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, әлемдік баға,сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақшалай бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақшалай бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұгынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады.

* Лицензия – өнімдердің тауарлардың, валютаның, ақпараттың әкетіліміне немесе әкелімге құзырлы мемлекеттік органдар беретін рұқсат. Квота – сыртқы саудалық қызметке арналған өнімнің жалпы көлеміндегі бөлік, үлес.

** Мемлекеттік монополия дегеніміз сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ең тиімсіз әдісі, бірақ экономика жай-күйінің қолайсыз жағдайларында импорт пен экспортты бақылау есебінен төлем балансын тепе-теңдікке келтіру проблемасын шешу үшін қолданылуы мүмкін. Бұл әдіс белгілі бір сыртқы экономикалық операциялар жасағанда немесе сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсетуге (мысалы, мемлекеттік сақтық компаниялары импортты міндетті сақтандыру) мемлекеттік компанияға немесе мемлекеттің қатысуымен айрықша құқықтар беру нысанында қолданылуы мүмкін. Тұтастай алғанда мұндай шаралар тарифтік емес реттеу әдісіне жатады.

Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді (құбылмалы) немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе бақа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл арақатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта рыногының қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта бағамының кемуі экспорт кезінде құнның импорт кезінде өтелінетін шығасын тудырады және керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс (22.1 кестені, А бөлімін қараңыз).

22.1 кесте. Валюта бағамдары өзгерімінің экспорт пен испорттың көлеміне әсері (шетелдік ақшалай өлшемдерінде – шет. ақшалай өлш. және ұлттық ақшалай өлшемінде – ұлт. ақшалай өлш.)

КӨРСЕТКІШТЕР Бағамдар нұсқалары
1-қалыпты 2- қалыпты 3- қалыпты
Бағамдардың арақатынасы (шет.ақшалай өлш.:ұлт.ақшалай өлш.) 1:150 1:140 1:180
Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт.өлш.) А. Тіркелген бағамдар    
Экспорт      
Алынған экспорттық түсім-ақша (мың шет.ақша өлш.)
Белгіленген бағам бойынша қайта саналған экспорттық түсім-ақша (мың ұлт. ақшалай өлш.)
Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың ұлт.өлш.) - -100
Импорт      
1. Отандық импортер үшін:      
2. Шетелдік валютаға қайта саналған ақшаның сомасы (импорт құны, мың шет. ақшалай өлш.) 66,7 71,4 62,5
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (рыноктық шарттар бойынша мың ұлт. өлш. 1:150) 93,75
Валюталардың қалыпты бағамының шарттарынан ауытқу (мың. ұлт. өлш.) - -625
2. Шетелдік импортер үшін:      
Жеткізілім көлемі (мың. шет. өлш.)
Өткізуден алынған табыс (мың. ұлт. өлш.)
Шетелдік валютаға қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың. ұлт. өлш.) 107,1 93,7
Шетелдік импортер үшін ауытқу (мың. шет. өлш.) - 7,1 -6,3
Б. Икемді бағамдар      
Экспорт      
Жеткізілім көлемі (мың. ұлт. өлш.)
Шетел рыноктарында сату (мың. ұлт. өлш.) 66,7 71,4 62,5
Еркін бағам бойынша ұлт. өлш. қайта саналған өткізуден алынған табыс (мың өлт. өлш.)
Импорт      
1. Отандық импортер үшін:      
Валютаға қайта саналған қаражаттардың сомасы және сатып алу көлемі (мың. шет. өлш.) 66,7 71,4 62,5
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі (мың. ұлт. өлш.)
2. Шетелдік импортер үшін:      
Шетелдік өлшемдегі жеткізілім көлемі (мың. шет. өлш.)
Өткізуден алынған табыс (мың. шет. өлш.)
Валютаға қайта саналған өткізуден алынған түсім-ақша (мың. шет. өлш.)

Импорт кезінде (шетелдік импортер үшін) шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жер-гілікті рынокта мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді (2-нұсқа) және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның ісуіне байланысты рыноктың тұқыруына ұрындырады (3-нұсқа).

Отандық импортерлер үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.

Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол, өз кезегінде, қаржы құралдары – экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өнді-рушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.

Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбүр етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғат ресурстарының сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.

Қазіргі жағдайларда әлемдік валюта рыногында түрлі сыныптамалық белгілер бойынша валюта бағамдарының сан алуан түрлері бар:

айырбас валюта бағамдары: спот-бағам, форвард, кросс-бағам;

есеп айырысу валюта бағамдары: атаулы валюта бағамы, атаулы тиімді валюта бағамы, нақты тиімді валюта бағамы;

будандық валюта бағамы: валюта дәлізі, басқарылатын құбылым, нысаналы аймақтар, сырғымалы беркіту (фиксация), оңтайлы валюталық кеңістік.

Валюта бағамының мүмкін оңтайлы нұсқасы реттемелі құбылым режімі болып табылады.

Импорт пен экспортты құндық реттеу сауда мәмілелері қатысушыларына импорттық және экспорттық субсидиялар беру арқылы жүзеге асырыла алады. Халықаралық заңнамамен тура экспорттық субсидияларға тиым салынатындықтан жасырын субсидиялар (жеңілдікті несиелендіру, бастапқы шикізаттың, материалдардың, энергетикалық ресурстардың бағаларын кеміту, фрахтты қаражаттау) берілуі мүмкін.

Әдеттегідей, мемлекет дайын өнім экспорты мен шикі зат импорты үшін жеңілдіктердің бүкіл арсеналын пайдаланады және шикі заттың экспорты және дайын өнімнің импорты кезінде қандай бір жеңілдіктерді жоққа шығарады, мұның өзі ұлттық өндірісті қорғау үшін маңызды.

Наши рекомендации