Тақырып 15: Білім әлеуметтануы және бұқаралық ақпарат құралдары
1.Білім әлеуметтануы: зерттеу пәні, қызметі, әлеуметтанулық теориялары.
2.БАҚ: түрлері, ерекшеліктері, қызметі.
3.БАҚ қоғамға әсер ету теориялар: функционалистік, марксистік, мәдениеттанушылық және т.б.
4.БАҚты әлеуметтанулық зерттеу әдістері.
Білім (лат. scientia, ағылш. knowledم) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
Мәлім тақырып, немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, ал ол таным әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны білім деп атаймыз. Ол тәжірибе және ойлау арқылы мәлім іс туралы жеттігірек ұғындырады, оның математикалы және жүйелі танылуын ғылым, техника, өнер, философия деп атаймыз. Білім зерттеу, күзету, тексеру, ой тәжірибесінен, ғылыми тәжірибеден өткізу арқылы қалыптасады, реттелу арқылы топтастырылады. Адамның әлденені тануы тегі қандай құбылыс екені философияда ең көп талқыланған көне тақырыптардың бірі, одан білімтану (Theory of Knowledge) келіп шықты. Білімнің қолданылуынан айтқанда, ол мәлім топтың игілігіне жарайды, сонымен ол топ қалғандарына қарағанда сауатты болып шығады. Білімге сүйенген басқару мен орындау істің сапасын көтеретіні анық.
Бұрын білім аз санды адамның бәсіресі құсап сезінілген. Қазір жалпыға ортақтастырылды және кез келген адам білім ала алады, оны пайдаланып жоғары мақсаттарға жете алады. Білім сын көзбен қарау арқылы дамиды, бірақ бұл білімге жеккөрінішпен қарау болмауға тиіс.
Адамзат баласы ақиқатқа талпынады, шынайы пайдалы білімге талпынады. Оның шегі қайда апаратын белгісіз. "Білім - күш" деген сөзді Ф.Бэкон айтқан, бірақ ол адамзатты бақытқа бөлейтін жақсы күш пе, әлде сорлататын, құртатын жаман күш пе, бұл туралы да талас көп. Қазіргі білімнің беталысы әрі сүйіндірерлік, әрі шошытарлық. Қазір адамзат білімнің кемшілігін түзететін "жасыл білімге" ауысып бара жатқаны байқалады.
Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар, ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген. Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше тобы – дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мәдениетте Білім мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің әлеуметтік мәртебесі мен мәні отырықшы, техника-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философия ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дәлелдеудің айрықша түрлерін, негіздеу мен дәлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия шеңберінде айрықша пән – ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда Білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның қажеттілігінен Білім беру институттары туындады. Платонның «билеуші-философ» идеалы – (білімді әрі оған сай басқарушы ел басы) қазіргі «ақпараттық қоғамда» өзінің көрінісін тапты, яғни билік Білімнің қазіргі формасы – ақпаратты иелену ретінде айқындалуда.
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайады. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.
Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді.
Білім беру социологиясының орталық проблемасы «интеллект коэффициенті» деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым – абстракты ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді.
Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ағылшын социологы Дж.Дуглас 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Дуглас оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады.
Әлеуметтік әркелкіліктің моделін білім беруде – мәдени депривация теориясы деп атайды. Мәдени депривация теориясының әр түрлі теорияларында әлеуметтік субъективті мәдениеттер білім алу саласында басқа әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған ортаның мәдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін социологтар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мәселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептердегі бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек.
Мәдени депривация теориясы білім беру жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын түзету үшін практикалық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі мамандарға зәру болған кезеңде ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім, дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мәдени депривацияны жоюға бағытталған еді.
Интеракционистердің пікірінше, адам айналасын өзі бақылап отырады. әлеуметтік шындық интеракционистер үшін жеке адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінен құралады деп айтылатындығы жайлы біз бірінші теориялық бөлімде атап кеткенбіз. Батыс социологтарының бір бөлігі педагогтардың көпшілігі «идеал оқушы» моделін, осындай белгілі бір стандартта ұстанатындығын атап өтеді. Оқушының мұндай идеалды образы оқушының ең жақын, өзіне сай қасиеттеріне орай қалыптастырылады. Оқушының осы идеалды образға жақындығы немесе алшақтығы оның табысын анықтайтын болады.