БӘЗ-ге қойылатын талаптар.

1) Тұз қышқылында еруі керек.

2) Тұз қышқылымен қосылғанда ерімейтін тұздар түзбеуі керек.

3) Ингибитордың қышқылымен қызу реакцияға түсуі.

Металлды коррозиядан сақтау үшін көбіне ПБ-5(жабысқақ қара қоңыртүсті сұйық) қолданылады. 0,25-0,5% тұз қышқылының коррозиялық қаситтің 31-42 есе түсіреді.

Ингибитар тұз қышқыл тез ериді, суда ерімейді, күшті минералды суда ерімейді.

Бұл ингибарды көп қолданғанда тұз қышқылының ертіндісіндегі жабысқақ шөгінді масса пайда болады, бұл оның жетіспеушілігі болып табылады.

УФ НИИ мәліметтері бойынша НСІ конденсациясы 10 % болатын ТҚ ертіндісінің әсерін уникал қосқаннан кейін азаяды, мөлшері:

0,05 % - 15 есе;

0,1 %-22 есе;

0,25 %-31 есе,

0,5 %-42 есе азаяды.

Ингибатор тұз қышқылы түгелдей ериді, бірақ суда ерімейді. Катапин К ингибаторын пайдалану негізінде өте жақсы нәтиже алады. Олардың әсерінен жоғары болуы өте аз концентрацияда (0,01 -0,025%) көрінеді және олар тұнбайды.

Шыңырауды ТҚ өңдеу кезіндегі стабилизаторлар дегеніміз - қышқыл

ертіндісіне темір тотығының шөгуін болдырмау үшін қосылатын реогенттер.

Заводтан алынған қышқылдың құрамына көп жағдайда темірдің шамасы көп болады. Қоспада темірдің болуы қышқылды тасымалдау және сақтау кезінде, металдар коррозияға ұшырағанда және тоттар ерігенде темірдің көбеюіне соқтырады. Стабилизаторлар ретінде уксус қышқылы (СН3 СООН) қолданылады.

Шыңырауды меңгеру кезінде қышқылдың қабат жынысымен реакциясы кезіндегі өнімі қабаттан шығарылуы тиіс. Бұл процессті жеңілдету үшін қышқылға оны дайындау кезінде интенсификаторларды қосады.

Бұлар реакция өнімдерінің беттік көлемдік төмендететін әрекеттік заттар. Кеуекті арналар қабырғаларында адгорбцияланып желдеткіш жыныс бөлшектерінен судың бөлуіне жәрдемдеседі және олардың мұнаймен шайылуы мен реакция өнімдерінің қабаттан шығарылу жағдайда жақсартады.

Интенсификаторлар ретінде әртүрлі беттік әрекеттік заттар (БӘЗ) каталин

-А, марвелан - К қолданады.

Тұз қышқылын қолдануда қышқыл металлмен реакцияға түсіп, темірді мынадай реакция арқылы бұзады:

Fe + 2HCl = FeCl2 + H2

Металл қондырғыларды даттанып бұзылудан сақтау үшін, (сораптарды, сорапты – компрессорлы құбырларды) қышқылға арнайы ингибиторлар қосады. Ингибиторлар металл бетіне жұқа пленка түзіп, қышқылдың металлды бүлдіруіне кедергі келтіреді.

Тұз қышқылын өңдеуге дайындау үшін, мынадай әдістерді қолданады

1. Тұз қышқылды

2. Формалин қосу

3. Уникол қосу

Тұз қышқылын ингибиторлаудың бірінші әдісінде арнайы араластырғышқа берілген тұз қышқылын ерітуге жарайтындай көлемде су құйяды. Содансоң осы судың жартысындай етіп, мұнай құйяды да, концентрациялы тұз қышқылын қосып, араластырады.

Қоспаны мұқият 25-30 минут араластырады. Содан соң қоспаны 24 сағатқа қалдырып, тұндырады. 24 сағаттан соң қоспа пайдалануға дайын болады. Қыс кезінде қоспаны 25-30 0С-қа дейін бумен қыздырады.

Формалин – 40 пайызды (СН20) формальдегиттің судағы ерітіндісі. Формалин металлды даттанудан 95-99 пайызға қорғайды. Формалиннің қолданылу мөлшері анықталады.

У- СН20-ң формалиннің концентрациясы У=40%-тең болады.

Формалинді 30 л соңғы кездерде қышқылды Униколмен өңдейді.

У-2, У-к, М-н униколдары жиі қолданылады. У-к униколы У-2 униколын булау арқылы алынған концентрат. У-2 униколы – жартылай мөлдір, шөгінді қалдықты , қою қоңыр сұйықтық. У-к – мөлдір емес, шөгінді қалдықты, қою қоңыр сұйықтық. Н-м – униколы қою қоңыр түсті порошок. У-2 ингибиторын ертіндігелі 5 пайыз көлемінде 27 пайыз концентрациялы тұз қышқылына қосады. У-к униколы 0,125 пайыз мөлшерінде, М-н униколын – 1 пайыз мөлшерінде қосады. У-2 униколын темір жол цестерналарымен немесе 200-500 л темір бочкалармен, ал У-к, Н-м ингибиторларын сиымдылығы әртүрлі ыдыстармен тасиды. У-2 ингибиторы темір ыдыста тұз қышқылын 6 айға дейін сақтауға болады.

Қышқыл құрамында басқа заттардың болуы және жыныс құрамында кейбір заттардың болуы, қышқылмен жыныстардың арасындағы реакциядан кейін тұз түзілін, суда нашар ериді. Бұл тұздар жыныс қуыстарын толтырып, өнімділікті азайтады. Бұндай процесстерді болдырмау үшін, қышқылдарға стабилизаторлар қосады.Стабилизатор ретінде хлорлы барий сірке қышқылы және еріткіш қышқылдар қолданылады.

Шыңырауды өңдеуге арналған тұз қышқылы күкірт қышқылды болып келеді. Күкірт қышқылына көмір қышқылды кальциймен реакцияға түсу нәтижесінде гипс түзіледі де, жыныс қуыстарына толып тұрып қалады және суда нашар ериді. Күкірт қышқылының қалдықтарын жою үшін хлорлы барий қолданылады. Сірке қышқылын темір оксидтері және хлорлы алюминий түзілмес үшін тұз қышқылына қосады. Сірке қышқылын бұрғылауданшыққан әрбір шыңырауға қалданылады.

Еріткіш қышқылдарды қабырғаларында цемент қабықтары бар шыңырауларға қолданады. Перфорациядан кейін тетіктерді тазалауға, цемент қабықтарын тазалауға еріткіш қышқылдарды 1-2 пайыз мөлшерінде қарап қосады.

Наши рекомендации