Тақырып. кәсіпорынның өндіріс құрылымы
1. Өндірісті басқару құрылымын ұйымдастыру
2. Кәсіпорынның өндіріс құрылымының белгілері, факторлары, параметрлері және көрсеткіштері
3. Өндірісті басқару жүйесінің элементтері
4. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру
1. Өндірісті басқару құрылымын ұйымдастыру
Өндірісті басқару жүйесінің өз құрылымы бар. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы - бір тұтастың дамуын және оның қызмет етуін қамтамасыз ететін, өзара тұрақты қатынаста болатын өзара байланысқан элементтердің реттелген жиынтығы.
Кәсіпорын және оның бөлімшелерінің қызметі, сәйкесінше жетекшімен немесе арнайы органмен үйлестірілуі және бағытталуы тиіс. Кәсіпорындағы еңбекті бөлу ауқымды және сәйкесінше қызмет түрлері мен бөлімшелері көп болғанда, оның барлық басқару органдарының құрылымы күрделенеді, ондағы иерархия деңгейлері көп болады.
Кәсіпорын қызметінің ауқымын әрі қарай кеңейту кезінде сәйкесінше иерархия деңгейлерінің саны өседі.
Басқару органдары әрқашан нақты бөлімшелерге немесе олардың топтарына қатысты болады, сондықтан олардың құрылымы кәсіпорынның жалпы ұйымдастырушылық құрылымымен сай келуі керек. Сәйкесінше, келесідей басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын бөліп көрсету керек:
1. Сызықтық
Жетекші
3.6.1- сурет. Сызықтық құрылым сызбасы
2. Сызықтық-штабтық
Жетекші Штаб
Штаб
3.6.2- сурет. Сызықтық-штабтық құрылым сызбасы
3. Функционалды
Жетекші
Функционалды жетекшілер
3.6.3- сурет. Функционалды құрылым сызбасы
4. Мақсатты-бағдарламалы
Жетекші
Бағдарлама
жетекшісі
3.6.4- сурет. Мақсатты-бағдарламалы құрылым сызбасы
5. Дивизиондық
|
|
|
қызметтің
жетекшілері
Функционалды
бөлімшелер
3.6.5-сурет. Дивизиондық құрылым сызбасы
6. Матрицалық
|
Функционалды
қызметтер
|
|
|
3.6.6- сурет. Матрицалық құрылым сызбасы
7. Бір стратегиялық бизнес құрылымы
|
тобы
|
|
|
|
жетекшілері
|
|
|
жетекшілері
3.6.7- сурет. Бір стратегиялық бизнес құрылымының сызбасы
2. Кәсіпорынның өндіріс құрылымының белгілері, факторлары, параметрлері және көрсеткіштері
Менеджелердің міндеті ұйымның мақсаты мен міндеттеріне сай келетін, және де ішкі және сыртқы факторларға әсер ете алатын тиімді құрылымды таңдау болып табылады. Кәсіпорынды басқарудың нақты ұйымдастыру құрылымын белгілер, факторлар, параметрлер және көрсеткіштер тобы анықтайды:
1. Бастапқы ақпарат Басқару объектісінің сипаттамасы Объектінің ақпараттық байланысы Объектінің материалдық байланысы Басқару міндетінің құрамы | 2. Әсер етуші факторлар Технология Қолда бар персонал Сыртқы орта Шешімдер жүйесі Кәсіпорын көлемі Қалыптасқан құрылым Бизнес стратегиясы |
3. Құрылымдық белгілері Функционалды тағайындау Жұмыс уақытының аралығы «Қызмет көрсетілетін» өнім Бағыныштылар саны Қызмет көрсетілетін тұтынушылар тобы Қызмет көрсету процесі Қызмет көрсету аймағы | 4. Анықталатын параметрлер Басқару деңгейлерінің саны Жұмысшыларды бөлу Бөлімшелер саны Жұмыстарды автоматтандыру деңгейі Бағыныштылар саны Ақпарат қозғалысының бағыты Міндеттерді бөлу |
5. Бағалау параметрлері Басқару жұйесін ұстау (содержание) шығындары Бөлімшелердегі еңбек шиеленісі Жұмысшылардың ақпараттық жүктелімі Ақпаратты өндеу уақыты Өндірістік кідірістерге назар аудару уақыты Жедел сауалдарға назар аудару уақыты Басқару міндеттерін шешу уақыты Басқару шешімдеріндегі қателіктер саны | 6. Оңтайлы құрылымның белгілері Жоғары мамандандырылған персоналы бар шағын бөлімшелер Басшылық деңгейінің аз саны Топ құрылымында мамандардың болуы Жұмыс кестесінің тұтынушыларға бейімделінуі Өзгерістерге шұғыл бейімделене алуы Жоғарғы өнімділік Төмен шығындар |
7. Қорытынды сипаттамалар Кәсіпорын пайдасы Өнімнің өзіндік құны |
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы (нұсқау)
Бөлімдер | ||
Жоспарлау Қаржылық Стратегиялық жоспарлау | Өндірістік Техникалық Қауіпсіздік техникасы Техникалық ақпарат Жобалық | Өткізу Жабдықтау Маркетинг |
Кадрлар Еңбек және еңбек ақы Техникалық жабдықтау | Бас механик | Бас энергетик |
Темір жол көлігі Автотранспорт көлігі | Әкімшілік-шаруашылық Тұрмыстық-коммуналдық | Сыртқы-экономикалық |
3.6.8-сурет. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
Цехты басқарудың ұйымдастырылу құрылымы (нұсқау)
3.6.9- сурет. Цехты басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
3. Өндірісті басқару жүйесінің элементтері
Өндірісті басқару жүйесі – бұл қойылған мақсаттарды өндірістік бөлімшелердің жүзеге асыруындағы өзара әрекетінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін, құрылымдық элементтердің өзара байланысының жиынтығы.
Басқару жүйесінде басқару функциялары жүзеге асырылады. Бұл жүйеде жалпы элементтерді бөліп көрсетуге болады. Бұндай элементтерге келесілерді жатқызуға болады: басқару процесі, жүйе мақсаты, басқару объектісі, басқару субъектісі және басқалар.
Өнім өндіру кәсіпорын жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Осы процестерді басқару кәсіпорын шегінде, әрбір негізгі цехта ұйымдастырылады. Өндірісті басқару бойынша ең жауапты жұмыс өнімді жоспарлау болып табылады, яғни цехтар, учаскелер үшін өндірістік бағдарламалар және оларды орындау үшін қажетті жағдай жасау. Бұл жұмыс белгіленген жоспарлы кезеңдерге сай жиі қайталанылады, өндірістік бөлімшелердің функционалдық қызметтермен және сызықтық басшылармен орындалады.
Кәсіпорын бөлімдерінің және цехтардың басқару персоналдары бұл процеске қатысады, жоғарыда айтылған барлық функциялар жиынтығы реттейді, кәсіпорын тиімділігінің жетістіктері мен бағдарламаны орындауда тұрақты қолдаулар көрсетіледі. Көрсетілген процедуралар кәсіпорын және цехтардың ұжымына басқарушы персоналдың әсер етуімен жүзеге асырылады.
Өндірістік бағдарламаларды жасау және өндірісті басқару бойынша басқа қызметтерді орындау, басқару персоналының өндіріс барысы туралы мақсаттылы ақпаратын, және де оны өндеу үшін есептеуіш техника құраларын қолдануына негізделеді. Мұндағы персонал, ақпарат, есептеуіш техника материалдық элементтер ретінде, басқару процесінде қолданылады. Осы элементтер арасында басқару қатынастары және белгілі байланыстар бар. Материалдық емес элементтермен өзара байланысқа түсуі, өндірісті басқару жүйесін құрайды.
Өндірісті басқару жүйесі элементтерінің өзара байланысы 3.6.10- суретте көрсетілген.
Ескертулер:
1. Басқару деңгейі бойынша жүйе элементтерінің арасындағы горизонтальды байланысы, оларға сәйкес басқару процесін сипаттайды.
2. Вертикальды байланыстар өндірісті басқару процесінде АСУ ұйымдастырушылық құрылымдарының, функционалды қызметтер мен сызықтық басшылардың өзара әрекетін көрсетеді.
3.6.10-сурет. Өндірісті басқару жүйесінің элементтерінің өзара байланысының сызбасы
4. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру
Басқару құрылымы шеңберінде басқару процестері (ақпараттың қозғалысы және басқару шешімдерін қабылдау) жүзеге асырылады, олардың қатысушылары арасында басқару қызметі мен міндеттері бөлінеді, демек оларды орындау үшін құқық пен жауапкершілік беріледі. Осы тұрғыдан басқару құрылымын менеджменттің белгіленген мақсаттарына жетуге бағытталған, басқару процесінде болатын, басқару қызметінің кооперациясы мен бөлініс нысаны ретінде қарастыруға болады. Басқару процесінде басқару функциялары бір-біріне кіреді және толықтырады, олардың жиынтығы мен өзара байланысы басқару циклін құрайды және өндірісті күнделікті басқарудың мәнін көрсетеді (3.6.11- сурет).
Айтып кететін жайт ұйымдастыру, үйлестіру, мотивация функциялары белгілі өндірістік жағдай үшін нақтыланған, сыртқы және ішкі орта факторларының ықпалына тұрақты, сондықтан ұзақ кезеңге қатысты өзгермейді.
Тұтас кәсіпорын үшін басқару жүйесінің экономикалық мазмұнын көрсететін арнайы функциялар тән. Олардың ішінде - «Өндірісті басқару» жүйесі бар. Әрбір жүйенің қызметтік бөлімшелері кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын сипаттайды. Әрбір бағынатын және өзара байланысқан басқару жүйесінің буындары басқару процесінің белгілі бөлігін жүзеге асырады.
Өндірісті басқару қызметтік жүйесі үшін басқару аппараты кәсіпорын және әрбір цех деңгейінде ұйымдастырылады. Өйткені, өндірісті басқару жүйесі кәсіпорынның мақсатын жүзеге асырудағы шешушісі болып табылады, оған барлық басқа қызметтік жүйелер тікелей қатысты.
|
3.6.11- сурет. Өндірісті басқару циклының сызбасы
Әрбір негізгі цехтар үшін төрт негізгі қызметтік жүйелерді бөліп көрсетуге болады:
1. Экономикалық қызметті басқару;
2. Өндірістің технологиялық дайындығын басқару;
3. Өндірісті жедел басқару;
4. Өндіріске техникалық қызмет етуді басқару.
Мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, басқару объектілеріне ықпал ету басқарудың ұйымдастырушылық, экономикалық, және әлеуметтік әдістер көмегімен орындалады.
Әрбір басқару шешімдерін орындау басқару аппаратымен жүзеге асырылады. Бұл басқару процесінің қорытындылаушы кезеңі, онда ұйымдастырушы-тәжірибелік жұмыстарда сызықтық басшылар мен функционалдық қызметтер жоғарыда айтылған және әрбір цех үшін ерекше басқару әдістері қолданылады.
Жоғарыда келтірілген әрбір басқару функциясының сипаты, оның басқару процесінде белгілі бір орны және мәні бар екенін көрсетті. Олардың барлығы өзара байланысқан және басқару шешімдерін дайындау кезінде бір-бірін толықтырады.
Қазіргі заман жағдайында, ірі кәсіпорындарды басқаруда басқару аппараты іске кірістірілген, себебі көптеген мәселелерді шешу қажет, ал әрбір басқарудағы жұмысшының ресурстары шектеулі. Сонымен қоса, мәселелер алуан түрлі және ерекше болғандықтан, кәсіби талдау жасау және дұрыс шешім табу үшін, бір ғана тұлғаның білімі мен тәжіребесі жеткіліксіз.
Осыған байланысты бөлімшелер мен оның жеке басқару деңгейлері арасындағы басқару құрылымы аясында, басқару жауапкершілігі мен өкілеттілікті орынды бөліп беру міндеті тұр. Сонымен бірге, бірінші кезекте менеджмент деңгейлерін қабылдау қажет (3.6.12- сурет).
Басқару төрағасы
Жоғары Бас директор, директор, директор
деңгейдегі орынбасары, бас маман
басшылар
Орта деңгейдегі Бөлім бастығы, цех бастығы,
менеджерлер цех бастығының орынбасары
Бірінші деңгейдегі Цехтық бюро бастығы,
менеджерлер топ жетекшісі, мастер,
бригадир
3.6.12- сурет. Менеджменттің деңгейлері
Сол немесе басқа басқару деңгейіне бағытталған, өкілеттілік пен жауапкершілік ауқымы бірқатар факторлармен анықталады. Біріншіден, бұл күрделі, маңызды және алуан түрлі шешілетін мәселелер. Менеджмент деңгейлеріне сәйкес келесідей өкілеттіктер, жауапкершіліктер мен міндеттерді бөлуді ұсынуға болады:
Жоғарғы деңгейдегі менеджерлер
1. Мақсаттарды анықтау.
2. Стратегиялық ресурстарды бөлу.
3. Ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру.
4. Пайданы басқару.
Орта деңгейдегі менеджерлер
1. Тапсырма беру. Жоспарлау. Шешім қабылдау.
2. Кадрларды іріктеу. Персоналды оқыту.
3. Жұмысты үйлестіру және бақылау.
4. Қызметкерлердің жұмысындағы дербестікті қолдау.
Бірінші деңгейдегі менеджерлер
1. Өзінің хабардарлық аясында дербес шешімдер қабылдау.
2. Егер өзінің хабардарлық аясы шегінен тыс шешімдер шығып жатса, басшыға хабарлау.
3. Өз пікірін ашық түрде айту.
4. Өз қызметін жақсартудың мүмкіншіліктерін ойластыру.
5. Өз қызметі туралы жетекшіні хабардар ету.
6. Өз қызметін басқа қызметкерлермен үйлестіру.
7. Өз біліктілігін жоғарлату.