Тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өзара сұхбаттасып, әңгімелесіңіздер.

Тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өзара сұхбаттасып, әңгімелесіңіздер. - student2.ru Сізді ата-анаңыз еркелетеді ме? Қалай еркелетеді?

Тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өзара сұхбаттасып, әңгімелесіңіздер. - student2.ru Сіз ата-анаңызға қандай жылы сөздер айтасыз?

Тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өзара сұхбаттасып, әңгімелесіңіздер. - student2.ru Сіз өзіңізден үлкен ағаңызды (әпкеңізді) немесе кіші ініңізді (қарындасыңызды) қалай атайсыз?

Тапсырма. Берілген мақалды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер. Әдептілік туралы мақал-мәтел жазыңыздар.

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Тапсырма. Сұрақтар бойынша пікір алмасыңыздар.

· Тәрбие дегеніміз не?

· Адамның тәрбиелілігі неден көрінеді?

· Әдептіліктің белгісі неде?

· «Арлы бала» деген тіркесті қалай түсінесіздер?

· Сіздің ойыңызша әдепсіздікке нелер жатады?

Тапсырма. «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» атты тақырыпта эссе жазыңыздар.

БӨЖ тапсырмалары (І апта)

Мәтінді оқып, түрлі елдердің сәлемдесу салттары туралы әңгімелесіңіздер.

Сәлемдесу салты

· Орта ғасырлар кезінде ел кезген сері-рыцарлар үйдің босағасынан аттай бере темір дулығаларын шешіп, өздерінің үй иесіне сенетіндігін, оны құрмет тұтатынын білдіреді екен. Бұл дағды біздің сәлемдесу салтымыздың бір белгісі ретінде қалып қойды. Амандасқанда, үйге кіргенде бас киімді алу – ежелден келе жатқан салт.

· Тибеттіктер бір-бірімен сәлемдескенде, оң қолымен бас киімін шешіп, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен.

· Жапондардың амандасу салтында үш түрлі тәжім ету рәсімі бар: төмен, орташа және жеңіл иілу.

· Үнділер екі алақанды біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иеді.

· Түркі тектес кейбір халықтардың ескі дәстүрінде келіндер жолы үлкен адамдар үйге енгенде, оң тізесіне екі қолын тигізіп, сол аяғын бүгіп, үш рет сәлем беретін болған. Қазір де ауылдық жерлерде жас келіндер екі қолын қусырып, иіліп ізет жасайды. Мұндай сәттерде оларға: «Көп жаса, қарағым!» - деп рақмет айтады.

· Халықаралық этикет бойынша, бірінші болып жасы үлкен – кішіге, әйел – еркекке, ұстаз – шәкіртіне, бастық – қызметкеріне қол ұсыну жүйеленген. «Міне, мен саған бірінші болып қолымды ұсынып отырмын, бұл саған деген ниетімнің дұрыс екенін көрсетеді» деген пейіл табы бар онда.

(Ж.Бейсенбаев)

Сәлемдесуге қатысты қандай дәстүрді білесіз? Ой бөлісіңіздер.

Сәлемің түзу болсын» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

ЕКІНШІ АПТА

Отан отбасынан басталады

Бірінші сабақ

Лексикалық тақырып: Отбасы – шағын мемлекет.

Грамматика: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Қос сөздер

Тапсырма. Басым сөздерді тыңдаңыздар. Оқыңыздар.

Отан, отбасы, баба, ата, әже, әке, аға, әпке, іні, қарындас, нағашы, бала, халық, туыстық ұғым, сый-құрмет, ұрпақ, тәрбиеші, тәлімгер, қамқоршы, сыйласым.

Тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз?

2. Отан туралы мақал-мәтел білесіз бе?

3. Отбасындағы туыстық қатынастарды білесіз бе?

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Наши рекомендации