Кеңейтілген Еуропаға арналған стратегия
Еуропаның өмір сапасы тәсілінің негізіндеге екі негізгі проблема:
1. ЕО стратегиялық мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қабілетті, біліктілігі жоғары жұмыс күшіне ие ең бәсекеге қабілетті, серпінді және ғылымды қажетсінетен экономика болу, сондай-ақ, Лиссабон стратегиясына сәйкес әлеуметтік біріккен қоғам құру.
2.Тұрақты кеңейту нәтижесінде бүгінде Еуропалық одаққа 27 ел кіреді, мынадай 6 ел үміткерлер мәртебесіне ие: Исландия, Македония, Сербия, Түркия, Хорватия және Черногория. Одаққа кірмеуді дұрыс көрген Батыс Еуропаның үш мемлекеті ішінара одақтық экономикаға қатысады және мынадай кейбір директиваларды ұстанады: Лихтенштейн және Норвегия Еуроплық экономикалық аймақ арқылы жалпы нарыққа кіреді, Швейцария соңғыларымен екіжақты шарттар жасасып, ұқсас қатынастарға ие. Еуропаның шағын мемлекеттері: Андорра, Ватикан, Монако және Сан-Марино евроны пайдаланады және кооперация туралы әртүрлі шарттар арқылы одақпен қарым-қатынаста. Осылайша, бүгінде біріккен Еуропа өмірдің мәдени және әлеуметтік шарттарындағы үлкен әралуандықтар алаңы болып табылады және бұл әралуандықтың бірыңғай өлшеуіші түбінде, одақ мемлекеттерінің әлеуметтік бірігуін нығайтуды ықпалдастыруға ықпал ету.
Еуропалық қордың зерттеуі сегіз негізгі сәтті қарастыруға негізделген. Олардың алғашқы алтауы объективтік мән-жайларды, соңғы екеуі субъективтік мән-жайларды қарастырады:
1. Экономикалық жағдай.
Қоғамдағы табыстарды бөлу және жіктелу бүкіл Еуропа бойынша айтарлықтай алуан түрлі. Бұл әлеуметтік біріккен Еуропалық қоғамды қалыптастыру мақсатында байланыстырылған өте маңызды мәселе.
2. Тұрғын үй мәселесі және қоршаған орта.
Бұл фактор материалдық ресурстарды және елдің ұзақ мерзімді қауіпсіздігін сипаттайды. Тұрғын үй шарттары және қоршаған орта өмір сапасын қалыптастыру кезінде бірдей дәрежеде маңызды.
3. Жұмыспен қамтылу, білім және машықтар.
Жұмыс орындарының жоғары сапасы әлеуметтік ықпалдастыру үшін шешуші мәнге ие және адамдарды және үй шаруашылықтарын кедейліктен қорғаудың маңызды құралы болып табылады. Сапасы жақсы көп жұмыс орындарын құру еуропалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді және ЕО жұмыспен қамту саласындағы саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Гендерлік теңдікті ілгерілету саясаты сондай-ақ, әсересе Одақты кеңейту тұрғысынан жұмыспен қамтудың еуропалық стратегиясы үшін маңызды
4. Үй шаруашылықтарының құрылымы және отбасылық қатынастар.
Отбасы және онымен байланыстының барлығы жеке тұлғалардың әл-ауқатына айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді және олардың қорғалу және тиесілілік сезімін анықтайды. Ерлер және әйелдер үшін мінез-құлықтың әртүрлі үлгісі олардың отбасылық және үй шаруашылығындағы орнын анықтауды жалғастырады. Еңбекті гендерлік еңбек бұрынғысынша адамдар отбасындағы үй бойынша негізгі міндеттерін реттейді.
5. Жұмыс және жеке өмір арасындағы теңгерім.
Жұмыс және махаббат, Фрейдтің пікірі бойынша уақыты бойынша бөлінген жеке тұлғаның екі қыры болып табылады. Бұдан өзге, отбасы тек қана мұндай жеке қатынастарды емес сондай-ақ, ескішілдікке негізделген жұмысты білдіреді, сондықтан "отбасылық жұмыс махаббат жұмысы болып табылады". Эмоциялық профиттер жұмыста және жеке өмірде орын алады. Отбасылық және ақы төленетін жұмысты үйлестіру мақсаты өткен кезеңде еңбекті гендерлік бөлу болды, бірақ бұл тәсіл қазіргі уақытта тек қана әйелдер тарапынан емес, сондай-ақ, ерлер тарапынан күмән туғызуда. Осыған байланысты жұмыс және жеке өмір арасындағы жаңа теңгерім табылуға тиіс
6. Денсаулық және денсаулық сақтау.
Жақсы денсаулыққа ие болу жеке саулықты сезінудің міндетті шарты болып табылатындығы анық. Сондай-ақ, бұл санат адамдардың мақсаттарға қол жеткізу қабілетін анықтайды. Бүкіл Еуропа бойынша адамның денсаулығының жай-күйі елеулі айырмашылықтарға ие және сондықтан денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мәселелері саяси ракурста қарастырылуға тиіс.
7. Субъективтік саулық.
Өз өміріңінің сапасын субъективтік бағалау өмір сапасының бұрын қалыптасқан көрінісін түзетуі мүмкін маңызды фактор болып табылады. Бұл санат сауалнамалар нәтижесінде бағаланады.
8. Қоғамның қабылданатын сапасы.
Өмірсапасын қабылдау сондай-ақ, Еуропаның әртүрлі елдері азаматтарының өздерінің саяси институттарына сенім дәрежесімен байланысты болуы мүмкін. Бұл ретте, одақ азаматтарын әлеуметтік және этникалық белгілері бойынша бөлу айтарлықтай маңызды болып табылады. Зерттеу нәтижелер әлеуметтік топтар арасындағы ауыртпалықты қабылдау ЕО ескі және жаңа мүшелерінің арасында өзара ерекшеленетінін көрсетеді.
Баяндаманың қорытынды бөлігінде сауалнаманың негізгі нәтижелері дәстүрлі қысқаша баяндалады, бұл ретте олар соңғы саяси оқиғалармен салыстырылады және арақатынасы белгіленеді.
Дістеме
Зерттеу үшін деректер жинауды әлеуметтану саласында мамандандырылған Intomart GfK компаниясы ұйымдастырады. Компания әрбір жеке елде зерттеулер мен сұхбаттар алуды жүргізетін ұлттық институттарды анықтайды. Деректер жинаудан кейін соңғыларын ұлттық сарапшыларға жүгіне отырып, Қоғамдық-ғылыми орталық (WZB) мұқият тексереді.
Қорытынды баяндамада зерттеуге 28 қатысушы елдердің әрбірі үшін жеке жиналған нәтижелер келтіріледі.
Баяндамадағы жиынтық мәндер орташа өлшенген болып табылады. Бұл бай елдердің халқы бойынша деректердің үлкен мәнге ие екендігін тиісінше және бай елдердің нәтижеге әсері айтарлықтай бай емес елдердің әсерімен салыстырғанда елеулі екенін білдіреді.
Есептегі барлық талдау сипаттау сипатына ие. Бұл зерттеуді оқушыға әртүрлі қатынастардағы еуропалық елдердің айырмашылықтарын көрсететін кестелер мен суреттер ұсынылатынын білдіреді, графикалық материалға соңғысының серпінін сипаттайтын белгілі бір талдама қоса беріледі, ал жалпы қорытындылар жасау құқығы зерттеуді тұтынушының өзіне беріледі.
Зерттеу өмір сапасының мынадай аспектілеріне және оларды бағалайтын индикаторларға негізделеді: