Урстық жұмыстың міндеттері. 4 страница
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі коммерциялық емес ұйымды өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым деп атайды. Бұл белгілер бойынша коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйымдардан ажыратуға болады. Қолданыстағы заң құжаттарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар қатарына мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалардың ассоциациялары (одақтары), тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі, нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы және басқа ұйымдар.
ҚР заң құжаттары коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік емес және мемлекеттік коммерциялық емес үйымдарға бөледі. Мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар азаматтармен және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың қатарына барлық қоғамдық және діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі, тұтыну кооперативтері, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, қоғамдық қорлар, жеке мекемелер. Коммерциялық емес ұйымдардың жеке түрлері тек ғана мемлекеттік болу тиісті – мемлекеттік қорлар және мемлекеттік мекемелер.
Кең қолданыстағы құқықтық түсініктемесі әлі белгіленбеген сонда да қосымша пайдаланатын «ұкіметтік емес ұйым» терминды айта кету керек. Көп сәттерде ұкіметтік емес ұйым деп саяси партияларды, діни бірлестіктерді, коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, тұтыну кооперативтерді және тағы бір қатар ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдардың бір бөлігін түсінеді. Халықаралық тәжірибеде әдетте ҰЕҰ қатарына тек зайырлы саяси мақсаттарды көздемейтін (саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар ж.т.б.) немесе негізінде экономикалық мақсаттарды көздемейтін (коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, КСК, тұтыну кооперативтер ж.т.б.) коммерциялық емес ұыймдар кіреді. Қазақстан Республикасының бір қатар заңдарында «ұкіметтік емес ұйым» термины Қазақстанда қызмет атқаратын шет елдік және халықаралық мемлекеттік емес комерциялық емес ұйымдарды белгілеу үшін колданылады. Жалпы бұл термин Қазақстанда әр түрлі мағынада қолданылады соның бір айғағы мемлекеттік коммерциялық емес ұйымды арнайы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін құру және оны ресми түрде ұкіметтік емес деп аталуы.
Коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық ұйымдардан елеулі бір айырмашылығы табыс келтіру мақсатына жатпайтын және әдетте жарғылық деп аталатын нақты орнатылған қызмет мақсаттары болуға тиісті. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы заңының 4 бабында коммерциялық емес ұйымдардың атқара алатын кейбір жарғылық мақсаттары орнатылған - олар «әлеуметтік, мәдениеттік, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқармалық мақсаттар; құқықтарды азаматтардың және ұйымдардың мүдделерін қорғау; дауларды және конфликттерді шешу; азаматтардың рухани және басқа қажеттерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыруды және спортты дамыту; құқықтық көмек көрсету». Сөз жоқ, коммерциялық емес ұйымдардың барлық қызмет мақсаттары тек бір заңда ескерілуі мүмкін емес себебі олардың негізін қоғамда орын алған және жаңадан пайда болатын көптеген әлеуметтік сұраныстар мен коммерциялық емес мүдделер құрайды. Сондықтан «коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңда жоғарыда айтылған тізім толық емес және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) ігіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттармен» құрылуы мүмкін.
Қорытынды
Бүгінгі таңда заңды тұлғалар қатары күннен-күнге молайып келеді. Бірақ олардың саны бар да, сапасы жоқ. Олай дейтініміз, қаптаған заңды тұлғалар арасында құлашын кеңінен жазып қарымды құқықтық қарекет қылып жатқандары аз. Тіпті бірқатары ештеңе өндіре алмаған соң заңды тұлға дегенді пайдаланып, қылмыстық әрекеттерге баратыны да айтылып жүр. Сондықтан да қазіргі кезде елдердегі секілді қылмыстық жауапкершілікті қарастыру қажеттігі туындап отыр. Ал бұл мәселелерді шешудің жолдары қандай?
Міне, осыған орай жақында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қаржы полициясы академиясында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі» атты ғылыми-теориялық семинар болып өтті. Семинарда тек біздің елімізде ғана емес, өзге де мемлекеттердің бас ауыртар ауыртпалығына айналған қағаз жүзінде бар, ал негізінде жоқ, жалған заңды тұлғалармен күрес барысы, оларды болдырмаудың құқықтық жолдары, заңды тұлғаларға жауапкершілікті күшейту жағдайлары, еліміздің кейбір заңды актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін көздейтін мәселеге қатысты өзгертулер мен толықтыруларды ендіру туралы қатысушылардың ой-пікірлері талқыға салынды.
Бұл сұрақтардың астарына мән жүгірткен аталған семинарға қатысушылар көптеген жәйттің бетін ашты. Елімізде тіркелген 280 мың заңды тұлғалардың 170 мыңға жуығы яғни 60,1 пайызы мүлде жұмыс істемейтін көрінеді. Демек, бұлар, қоғамның игілігіне емес, керісінше елді тонау мақсатында түрлі алаяқтықтар жасау үшін құрылған. Тіпті солардың бірқатары қылмыстық жолмен түскен материалдық қаражатты заңдастырумен айналысады. Сондықтан да семинарда бас қосқан еліміздің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін арттыру қажет деген ой түйді.
Мұндай мәселе бұрын да көтеріліп, енді әбден пісіп-жетілгені белгілі. Еліміз БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясын 2008 жылы бекітті. Осыған орай, халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес ұлттық құқық Конвенцияда көрсетілген нормалармен сәйкестендірілуі қажет. Яғни, БҰҰ Конвенциясының 26-бабында қатысушы-мемлекет «заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін анықтайтын» шараларды қарастыруы керек екендігі тайға таңба басылғандай жазылған. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы негізінде қойылған басты міндеттердің бірі – экологиялық және басқа да қылмыстар үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі болып табылады.
Осы мәселелердің бәрін жан жақты талқылаған семинарға қатысушылар заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін арттыру кез келген кәсіптің игі мақсатты ғана көздеп, заң талаптарына сай өркендеуін алға тартты.
Сонымен қатар, кез келген заңды тұлға жалпы ереже бойынша өзінің органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді жүктейді. ҚР АК-нің 37-бабы 1-тармағы органдардың заңды тұлға ретінде әрекет қабілеттілігін жүзеге асыруындағы рөлін белгілейді.
Осы тұрғыда лауазымды тұлғалар заңды тұлға органын қалып-тастыратындығы жайлы бірер сөз. Қазақстандық акционерлік заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғалар болып акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға танылады. Әлбетте, акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік қоғамның жоғары органы бола тұра, ол лауазымды тұлғалардан емес, акционерлерден қалыптастырылады. Келесі бір жайт, заңды тұлға органдарының басқарушылық қызметті жүзеге асыратындығында болып тұр.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі.
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Азаматтық кодексі. – Алматы, 1997
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтардағы № 1872-XII Қазақстан Республикасының Заңы
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазастан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы