Оқытудың соңғы нәтижесі. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы

   

Силлабус

Пән: «Жобалау негіздері және өндірісті жабдықтау»

Пән коды: ZhNOzh 4304

Мамандық: 5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Оқу сағатының көлемі (кредит): 135 сағат /(3 кредит)

Оқытылатын курс пен семестр: 4 курс, 8 семестр

Шымкент 2016

5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша силлабус «Жобалау негіздері және өндірісті жабдықтау» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған.

Фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасының мәжілісінде _________ 2016 ж. (хаттама № ___ ) талқыланған және бекітілген.

Каф.мең., фарм.ғ.к., проф.м.а. Торланова Б.О.

1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі, атағы және қызметі Ғылыми бағыты, жетістіктері
1. Анарбаев Е.А. Аға оқытушы  
2.      

1.8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан орны (мекен-жайы, ғимараты, аудиториясы), телефоны, электрондық мекен-жайы:Өндірістік электроникасы және электр қондырылғыларының электротехникалық негіздері бойынша сабақтар өткізіледі:кафедраның зертханалық аудиториясында, ол арнайы зертханалық құралдар мен жабдықтармен, компьютерлі жабдық жүйесімен жабдықталған.

Кафедраның мекен-жайы: Шымкент қ., Аль-Фараби даңғылы - 1, ОҚМФА, негізгі оқу корпусы, 3 қабат (330/1, 319 ауд.). Телефон 87252 (408222), ішкі –фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасы.

1.9 Пәннің саясаты:

1. Сабақта арнайы киімде (халатта, қалпакта) болу қажет;

2. Оқу кестесіне сәйкес дәрістік және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу;

3. Сабаққа кешікпеу;

4. Сабақты жібермеу және сырқаттанған кезде анықтама қағазын көрсету;

5. Жіберілген сабақтарды оқытушы көрсеткен уақытта өтеу;

6. Оқу процесіне белсенді қатысу;

7. ОСӨЖ қатысу міндетті;

8. ОСӨЖ қатыспаған студенттен рейтингтен 1,3 балл алынып тасталады;

9. Өз жұмыс орнының санитарлық жағдайына және жеке гигиенасын сақтауға жауапты болу. Аудиторияларда тамақтануға қатаң тиым салынады;

10. Академияның ішкі ережелерін және тәртіп этикасын сақтау;

11. СӨЖ және үй тапсырмаларын уақытысында және толық орындау;

12. Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға 0,66% -ға төмендейді;

13. Оқытушыға және бір курста оқитындарға шыдамдылық, сабырлық, төзімділік, ашықтық және тілектестік таныту;

14. Кафедра мүлкін күтімді және құнттап ұстау керек.

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Осы жұмыс бағдарламасы ОҚМФА фармация факультетінде бітірушілерді 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша дайындауға негізделген.

«Жобалау негіздері және өндірісті жабдықтау» пәнін оқу химиялық технология саласында, оның ішінде фармацевтика өндірісінде жұмыс істей алатын мамандарды дайындауға бағытталған. Өнеркәсіпті салу барысындағы және салуға дайындау барысында қолданылатын негізгі нормативті-техникалық құжаттардың құрылымын; ойлап тауып мәселелерінің әдістерін білу; ғимарат ішіндегі қондырғыларды өзара орналастыра білу жән цех ішілік коммуникацияларды орналастыру

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге игерілген негізгі инженерлік пәндер кешенімен өзара байланысын, халықаралық стандарт талаптарын есепке ала отырып, негізгі номативтік құжаттармен жобалау негіздері және өндірісті жабдықтаудың ерекшеліктері мен негіздері бойынша білім мен дағдылауды меңгеру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

- үйрену қажет жобалаушы маманның негізгі функционалды міндеттерін меңгеруі қажет, қажетті құжаттарды толтыра білу;

- істей алуы қажет, нормативті-техникалық құжаттарды пайдалана отырып, цехтың жалпы құрылымын және ондағы көліктік ағындарды жобалай білу.

- қазіргі заманғы техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, кәсіби қызмет аясында, өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысында ақпараттық технологияларды шебер қолдана білу;

- ой-өрісі, ойлау мәдениеті жетілген, халықтың салт-дәстүрін құрметтейтін, өзінің кәсіби қызметінде қоғамдық нормаларды бағыттай алу;

- қазіргі заманауи бағдарламаны пайдалан отырып, құрылыс конструкциясын ұтқыр есептейтін, инженерлік жүйелер, үйлер мен ғимараттардың жобалық шешімін жасау;

- құрылыс-құрастыру жұмысын орындай алатын, ғимараттарды қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарын жетілдіре алу;

- болып болашақ мамандардың жобалау жұмыстарын жүргiзудi үйретуге бағытталған, оның iшiнде автоматтандырылған жобалау жүйесiн қолдануды;

- озық білім элементтерін қоса отырып, игерілетін саладағы білімі мен түсінігін көрсету;

Оқытудың соңғы нәтижесі

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының бакалвры өндірісті жобалау және жабдықтау бойынша кәсіби қызметті орындауүшін міндетті білім деңгейі, істей білу және практикалық дағдысын меңгеру қажет.

Студент

білуі керек:

- сәулеттік негіздері (азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс);

- сәулеттік шешім мен ғимараттардың және имараттардың конструкциялары және олардың кешендері бойынша шығармашылық тапсырмалардың шешімін қамтамасыз ету үшін, даму тенденциясын көре білу;

- экономикалық және энергияны үнемдеу талаптарын сақтау мақсатында ғимараттар мен олардың кешендерін жоғары эстетикалық және функционалды-технологиялық сапасын;

- өнеркәсіпті салу барысындағы және салуға дайындау барысында қолданылатын негізгі нормативті-техникалық құжаттардың құрылымын;

- өнертапқыш мәселелерінің әдістерін білу;

- ғимарат ішіндегі қондырғыларды өзара орналастыра білу және цехішілік коммуникацияларды орналастыру;

істей алуы керек:

- масштабты өндірісті жобалай алу;

- фармацевтикалық өндірісті автоматтандыру құрылғыларын жобалау;

дағдыларға ие болу:

- жобалаушы маманының негізгі функционалды міндеттері;

- қажетті құжаттардың қолдана және толтыра білу;

- фармацевтика өндірісінің құрылғыларымен ғимараттарын жобалаудың негізгі принциптері;

- нормативті-техникалық құжаттарды қолдана өнеркәсіпті және өнеркәсіптік процесстерді жобалаудың қазіргі заманға сай әдістерін қолдана білу;

- цехтың жалпы құрылымын және ондағы көліктік ағындарды жобалай білу.

2.5 Реквизитке дейінгі пәндер:«Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Инженерлік-экономикалық есептеулердегі есептеуіш техникасы», «Химия-технологиялық процесстерді модельдеу», «Химия-фармацевтика өндірісінің процесстері мен аппараттары».

«Жобалаудағы компьютерлік инженерлік графика»,

«Химия-фармацевтикалық процестерді жүйелік басқару (КИПиСА – автоматтандыру)»,

«Теориялық и қолданбалы механика»,

«Автоматика и робототехника»,

«Өнеркәсіптік электроника және электр жабдықтарының электртехникалық негіздері»,

«Энергия қоры, олардың қайнарлары және электр жабдықтары»,

«Жалпы химия технологиясы»,

«Дәрілік заттарды орау мен салудың автоматтары мен машиналары»,

«Фармацевтикалық технологияның негіздері»,

2.6 Реквизиттен кейінгі пәндер: «Дайын дәрілер түрінің технологиясы және биофармация», «Экстракциялық препараттар технологиясы», «Еңбек қауіпсіздігі және тіршілік техникасы».

2.7 Пәннің қысқаша мазмұны:

Алдын – ала жобалау мүмкіндіктері.жобалау мәліметтерін қолдану. Өнеркәсіптің техникалық-экономикалық негіздемесі. Өнеркәсіпті құру үшін қажет алаңды таңдап алу және келістіру. Жобалау үшін негіздеме.

Фармацевтика өнеркәсібін жобалаудың ерекшеліктері. Жобалау құжаттарын дайындау. Экологиялық болжау. Технологиялық процесс өнеркәсіптік жобалаудың негізі.

Өнеркәсіптік процестерді ұйымдастыру әдістері (реттік, параллельдік, параллельді-реттік) және оларды әртүрлі өнеркәсіп орындарында қолдану (жекелеген, сеиялық, жаппай). Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері: бұл әдістерді экономикалық тиімділік тұрғысынан өнеркәсіптің әртүрлеріне қолдана білу.

Бас жоспар – өнеркәсіптік кешен жобасының негізгі бөлігі. Өнеркәсіптік түйін. Өнеркәсіпті жоспарлау, салу, жобалау сұрақтарын кешенді шешу.

Технологиялық процестің материалдық баланс теңдеуі. Массалық баланстың жалпы теңдеуі. Қондырғылардың негізгі өлшемдерін анықтау. Процестің энергетикалық және материалдық балансын жасау. Периодты жұмыс істейтін реакторларды есептеу. Гидравликалық кедергіні есептеу. Механикалық есептеу.

Технологиялық және транспорттық қондырғыларды өндіріс орнында дұрыс орналастыра білу. Әртүрлі қондырғылардың өзара қарым-қатынасы. Өнеркәсіптік желдендіру.

Технологиялық және транспорттық қондырғылардың зиянды әсерлері (шаңдау, жоғары ылғалдылық, вибрация) тұрғысынан өзара қарым-қатынасы және осы зиянды факторлармен күресу жолдары (өзара тиімді орналастыру, вибрацияны сөндіру т.б.)

Кең температуралар, қысымдар диапозонымен және уытты әсерімен сипатталатын химиялық қондырғыларды қолданудың ерекшеліктері. Фармацевтика өндірісі қондырғыларын дайындайтын материалдарға қойылатын талаптар.

Жобалау барысындағы автоматты жобалау және реттеу жүйелерінің міндеті және оларды қолдану және оларға қойылатын қазіргі заманға сай талаптар.автоматты жобалау және реттеу жүйелерінің экономикалық тиімділігі.

Массаалмасу процестерінің негізгі қондырғылары: ректификациялық, адсорбциялық, абсорбциялық мұнаралар. Олардың құрылысы және негізгі өлшемдері.

Фармацевтика өндірісін дамытудың мүмкіндіктері.

Бұл саладағы негізгі жетістіктері (техникалық және технологиялық жаңалықтар) және әрі қарай дамыту жолдары.

Фармацевтика өндірісіне қатысты құрылыстық және санитарлық нормативтер. Оларды жобалау барысында ескеру. Қажетті құжаттарды дайындау.

2.8 Тақырыптық жоспар:

Наши рекомендации