Практикалық сабақ 14.

1. Лексикалық тақырып: Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар.

2. Грамматикалық тақырып:Етіс категориясы.

Грамматикалық анықтағыш:Етістің түрлері.Етістің жұрнақтары және олардың функционалдық қызметі.

Грамматика: Жатыс, шығыс, барыс, табыс септіктерін, етістіктің шақтарын, сан есімді қайталау.

Тапсырма. Мәтін-сұхбатты мұқият тыңдап, рөлге бөліп ойнаңыздар.

  - Сәлем, жігіттер. Привет, ребята.
- Сәлем, сәлем. Привет, привет.
- Александр біздің институтты көрмек. Александр интересуется нашим институтом.
- Бізге ауысасың ба? Переходишь к нам?
- Әлі шешкен жоқпын. Еще не решился.
- Жүріңдер. Пошлите.
- Александр, мынау біздің институг. Ол 1994 жылы құрылған. Институг мемлекеттік емес мекеме. Биыл өзінің алғашқы түлектерін шығарады. Институтта барлығы 1500 студент күндізгі және кешкі белімде оқиды. Александр, это наш институт. Он основан 4 года назад, в 1994 году. Институт негосударственное учреждение. В этом году выпустил свой первый набор. В институте учатся всего 1500 студентов на дневном и вечернем отделениях.
- Шет тілдер институтында кешкі бөлім бар ма? В институге иностранных языков есть вечернее отделение?
- Жоқ , біздің институт «Тіл және аударма институты» деп аталады. Мұнда студенттер шет тілдерін ғана емес, қазақ, орыс тілдерін де окиды. Нет, наш институт называется «Институт языка и перевода» Здесь студенты учат не только иностранные языки, но и казахкий и русский языки.
- Кешкілік бөлімде оқитын студенттерге қиын емес пе? Олар жұмыс пен оқуды ұштастырып жүр ғой. Студентам не трудно учиться на вечернем отделении? Они же совмещают учебу с работой.
- Әрине, қиын шығар. Бірақ оқуға ынта, тілек болуы керек. Наверное, им трудно. Но главное иметь желание, хотение учиться.
- Дұрыс айтасың, Лариса. Мәселен, Надяны алайық. Ол қазақ тілін өз бетінше үйреніп жүр. Правильно говоришь, Лариса. К примеру, Надя учит казахский язык самостоятельно.

В МИРЕ МОЛЕКУЛ

БРОУНОВСКОЕ ДВИЖЕНИЕ

Разведем в воде немножко туши и попробуем наблюдать в микроскоп каплю такой воды. Мы увидим, как маленькие частицы сажи, из которой приготовляется тушь, беспорядочно приплясывая, двигаются в прозрачной жидкости. Это и есть так называемое броуновское движение. Оно названо так по имени английского биолога начала XIX столетия Роберта Броуна. В 1827 году Броун обнаружил при помощи простого микроскопа хаотическое движение пыльцы растений, взвешенной в воде. Он писал: «Это движение, как я убежден, обусловлено не потоками в жидкости, не постепенным ее испарением, а принадлежит самим частицам».

ИНФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

Информация

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргеңде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде де әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі -жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Айтылатын мәліметтер өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті мәліметтің мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ойға келеміз.

Сабақ үстінде мүғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар берілген мәліметті қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті мәліметті компьютерден де алуға болады, ол суреттерді, оған қажет түсіндіру текстерін, тексеру сұрақтарын арнайы программаның жұмысы нәтижесінде экранға шығарып отырады.

Біз өзімізге қажет мәліметтерді оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі мәліметтер жиыны сызулар мен текстер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Ондай мәліметтерді де ЭЕМ арқылы алуға болады.

Пифагор

Пифагор-ежелгі грек оқымыстысы. Ол Самос аралында туған. Бұдан 2500 жыл бұрын Кротонға келіп қоныстанады. Кротонда (Ежелгі Грецияның Италиядағы отары) өзінің шәкірттері-пифагоршылармен бірге ғылыммен шұғылданады. Олар ғылымда Көптеген маңызды (значимость) жаңалықтар ашты.

Олар геометриядағы әйгілі «Пифагор теориясын» ашты. Жер шар тәрізді және Жерге ұқсас басқа да әлем дүниесі бар екенін айтты.

Пифагор туралы аңыздар өте көп. Ол әйгілі теорияны ашқаннан кейін шабыт құдайына (бог вдохновение) ризашылықпен құрмет білдірген. Оған арнап өгізді құрбандыққа шалған.

Пифагор мен оның шәкірттері ғылым үшін тынбай еңбек етті. Олар ашқан жаңалықтар-ақиқат (АКСИОМА). Осыдан екі жарым мың жыл бұрын ғылымға үлес қосқан ғалымдардың еңбегі мәңгі жасап келеді.

Тапсырмалар.

-Оқу

-Сөз тіркестерін тақтаға жазғызу,

-Осы сөз тіркестерімен ауызша сөйлем айту.

-Мәтінді түсінгені бойынша айтқызу.

Наши рекомендации