ПӘнніҢ таҚырыптыҚ жоспары
САЯСАТАНУ
Көлемі 2 кредит
Авторлар:
саяси ғылымдарының докторы, профессор Насимова Г.Ө.
доңент Саитова Н.А.
саяси ғылымдарының кандидаты, доңент Сейсебаева Р.Б.
саяси ғылымдарының кандидаты, доңент м.а. Қайдарова Ә.Е.
Саясаттану саяси ғылымдарының кандидаты, доңент Кенесов А.А.
Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнтура орталығы директоры, саяси
ғылымдар докторы Алияров Е.К.
Пікір жазғандар:
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚЕҒЗИ бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Кушкумбаев Е.К.;
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Мұсатаев Е.ІІІ.
ТҮСІНДІРМІ ХАТ
Ежелгі грек ойшылы Аристотель айтқандай Саясат ұжымда, мемлекетте өмір сүруге және басқа адамдар мен мемлекеттік институтарымен араласуға «мәжбүр» болған адам табиғатының өзінде жатыр, адам өмір сүруінің ажырамас бөлшегіне айналды.
Бүгінде қоғамдық өмірдің барлық салаларын реформалау мен жаңарту жолдарын іздеу, саяси жүйені демократияландыру, құқықтық мемлекетті құру мен азаматтық коғамды калыптастыру, тұрғындардың саяси белсенділігінің өсуі жалпы коғамдық және саяси сананы, жеке алғанда саяси мәдениетті барынша жоғары деңгейге шығуды талап етеді. Бұл өз кезегінде, Саясат туралы ғылымды дамытуды және болашақ мамандардың оны оқып үйренуін талап етеді.
«Саясаттану» курсы студенттерге коғамдық құбылыс ретіндегі Саясаттың мәні мен мазмұнын тереңірек түсінуге, оның құрамдас әлементтерін микро- және макро деңгейлерде тануға, ішкі және сырткы байланыстарын анықтауға, қызмет атқарып отырған әртүрлі саяси жүйелердегі негізгі трендер мен заңдылықтарды анықтап және Саясаттың әлеуметтік өлшеуіштерінің объективті критерийлерін, түрлеуге көмектеседі. Курсгы меңгеру үшін заманауи саяси ғылымдарының іргелі /қағдайын, өлемдегі және Қазақстандағы саяси өмірдің шынайылығы мен саяси үрдістердің даму ерекшеліктерін талдап, сараптай білу кабілеті мен іідепу калауы оолуы керек.
Негізгі компетенциялар
«Саясаттану» пәнін оқу студентке келесілерге мүмкіндік жасайды:
– өркениет тарихындағы саяси білімдердің дамуының негізгі этаптарын;
– қазіргі саяси ғылымдардың ғылыми бағытгары мен мектептері;
– саясаттың субстанционалды негіздерін;
– коғамның саяси өмірін;
– саяси жүйе мен оның институттарын;
– әлем мен елдегі саяси процестердің мәнін, ондағы мемлекеттің, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың орнын білуге;
істей алу:
– ғылыми көзқарастың қалыптасуын қамтамасыз ететін, ғылыми таным әдістерін қолдануды;
– әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудың рөлін, оның объекттері мен пәні, калыптасу тарихы, өзекті мәселелерінің орнын көрсету;
– саяси өмірдегі құбылыстар мен оқиғаларды, фактілерді бағалау мен тануда өзіндік жеке бағыттарды калыптастыру;
– саяси білімнің теориялық, қолданбалы, құндылықтык аспектерін ерекше бөліп көрсету, күнделікті өмірдегі және кәсіби іскерлікке қатысты ілімдерді негіздеу үшін қолдану;
– өзінше дербес талдау, сыни саяси ойлау;
– өз бетінше дербес интеллектуалды және дүниетанымды кеңейту және дамыту, шығармашылық іскерлікке деген қызығушылықты, үздіксіз оқып үйренуге деген қызығушылықтарды жетілдіру.
– өзінің азаматтық дүниетанымын қалыптастыру мен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезіну.
дағдыларды меңгеру:
– халықтар мен мемлекеттердің саяси өмірінің ерекшеліктерін талдау;
– қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарды саяси-құқықтық нормалардың көмегі аркылы реттеп, араласу, белсенді саяси қатысу.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ н/н | Тақырып атауы |
1. | Кіріспе. Саясаттану ғылым және оку пәні ретінде |
2. | Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері |
3. | Саясат қоғамдык өмір құрылымында |
4. | Билік саяси феномен ретінде |
5. | Саясат субъектілері |
6. | Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. |
7. | Сайлаулар мен сайлау жүйелері |
8. | Мемлекет және азаматтық қоғам |
9. | Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдык-саяси қозғалыетар және ұйымдар. |
10. | Саяси даму мен модернизаңия |
11. | Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жагдайлар |
12. | Саяси мәдениет пен саяси идеология |
13. | Әлемдік Саясат және казіргі заманғы халықаралык қатынаетар. |
14. | Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы Саясатының негізгі басымдықтары |
15. | 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы |
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Саясаттану - әлеуметтік-гуманитарлык білім беру жүйесіндегі, әрі міндетті пәндер тізіміне енген маңызды оку пәні мамандарды даярлауды әлемдік тәжірибе міндеттейді. 1943 жылы ЮНЕСКО ұсынған Саясаттану курсы қазіргі кезде әлемнің көптеген жоғары оку орындарыпда окытылады.
Курсты оқыту мақсаты - студенттердің бойында саясаттанудың пәні мен әдістері, саяси ойдың эволюциясы, саяси өмірдің заңдылықтары, саяси үрдістердің концепциялары және оның жекелеген елдер мен жаһандык деңгейлердегі жүзеге асу ерекшеліктері туралы негізгі ғылыми білімдерді; саяси шынайылыққа иемделуге көмек, белгілі бір саяси құбылыстар мен жағдайларға қатысты бағалаудың ғылыми моделдері, саяси ойлаудың және мінез құлықтың нормалары; саяси тұжырымдары және әдістерін ескере отырып өздерінің кәсіби мәселелерінің шешімдерін табуға қажетті шығармашылық білімдермен қаруландыру.
Курстың міндеттері:
– саяси ғылымдардың қоғамдык білімдер жүйесіндегі арнайы ғылым және оқу пәні ретіндегі орнын анықтау, оның зерттеу объектісінің спецификасын, пәнін мен әдістерін ашу;
– саяси ілімдердің қалыптасу тарихын, даму эволюциясындағы маңызды кезеңдерін зерттеу;
– саяси ғылымдардың негізгі категорияларын, оның мәселелері мен құңдылықтары, принциптері туралы ғылыми таным қалыптастыру;
– тұлғаның саяси танылуына, саясаттың гуманизаниялануына ықпал ететін факторларды анықтау;
– әлем мен Қазақстан Республикасының саяси үрдістердің даму ерекшеліктерін талдай білу кабілеттерін калыптастыру.
НЕГІЗГI БӨЛІМ