Практикалық сабақтар жоспары

Апта Модуль және тақырып атауы Сабақ мазмұны Сағат саны
1. Модуль 1. Тілге құрмет-Отанды сүюден, отбасынан басталады. Тақырып 1. Қазақ тіл –мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл. Қазақ тілінің тілдік құрылымы және ерекшеліктері. Жай сөйлем және оның түрлері Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, әдеби тіл туралы түсінік. Қазақ тіл білімінің салалары.  
Жай сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орын тәртібі, оның қалыпты, ауыспалы, тұрақты жылжымалы түрлері туралы түсінік беру. Интонация және оның хабарлау, сұрау, бұйыру, түсіндіру, шақыру, қуану, ренжу, таңырқау түрлері. (эссе жазу)
2. Модуль 1. Тілге құрмет-Отанды сүюден, отбасынан басталады Тақырып 2. Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі. Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот. Сұрау мәнді сөйлем Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі туралы мәліметтерін кеңейту. Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот туралы түсінік беру.  
Сұрау мәнді сөйлемнің сұраулы шылау, сұрау есімдігі, көмекші етістіктердің, оқшау сөздер, сұрау интонациясы арқылы жасалу ерекшелігі туралы баяндау. ( Баспасөз – конференция сабағы)
3. Модуль 1. Тілге құрмет-Отанды сүюден, отбасынан басталады Тақырып 3. Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары. Бөгде сөз Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары туралы түсініктерін кеңейту.  
Бөгде сөздің түрлері. Төл сөз. Төл сөздің қолданылу жолдары. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдарын жаттығу жұмыстары арқылы түсіндіру. (Сын тұрғысынан ойлау техноло-гиясы, «Семантикалық карта», «Венн диаграммасы» атты стратегиялар, (Флипчарт) Слайдтар топтамасы)
4. Модуль 1. Тілге құрмет-Отанды сүюден, отбасынан басталады. Тақырып 4. Экономика. Ішкі және сыртқы сауда. Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта. Болымсыздық категориясы   Экономика. Ішкі және сыртқы сауда. Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валютаның шығу тарихы туралы толық ақпарат беру.    
Болымсыздық мәннің арнайы қосымшаларын, жасалу ерекшеліктерін баяндау. (Мангейм жүйесі арқылы саралап оқыту әдісі бойынша студенттердің креативтілігін арттыру)
Модуль 2.Уақыт және адам. Тақырып 5. Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Сан-мөлшер категориясы Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы білім алушылардың түсініктерін кеңейту.  
Көптік жалғауларының қолданылу ерекшеліктерін және көптік ұғымның сан есімдер арқылы берілуін түсіндіру. (Рефлексия бойынша білімдерін бағалау әдісін қолдану)
6. Модуль 2.Уақыт және адам. Тақырып 6. Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі. Анықтауыштық қатынас Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі туралы халық педагогикасымен байланыстыра отырып түсіндіру.  
Сын есімнің жасалу жолдарын баяндау (Билингвальдық-интегралды әдіс, яғни, түйінді мәселе қою арқылы түсіндірушілік тәсілмен баяндап, ақпарат арқылы дәлелдеу)
Модуль 2.Уақыт және адам. Тақырып 7. Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық. Көмекші есмідер қызметі. Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық туралы білімдерін кеңейту, кәсіби бағдар, мамандық таңдаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.  
Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы және көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалуы туралы түсінік беру. (Сыни тұрғыдан ойлау)
8. Модуль 2.Уақыт және адам. Тақырып 8. Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы. Меншік мәнді сөйлем. Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы туралы Заң ережелерімен байланыстырып түсінік беру.    
Изафеттік тіркес арқылы меншік мәнді сөйлемнің жасалуын баяндау. (Жобалау әдісі арқылы коучинг тәсілін пайдалану. Іскерлік ойындар өткізу)
9. Модуль 3.Салауатты өмір салты. Тақырып 9. Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы. Қимыл есімдерінің қызметі.   Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы туралы білім алушылардың түсініктерін кеңейту, халық медицинасы мен дәстүрлі медицинаның байланысы туралы ақпарат беру.  
Қимыл есімдерінің жасалуы, септелуі, тәуелденуі, придикаттық мәнде қолданылуын түсіндіру.
10. Модуль 3.Салауатты өмір салты. Тақырып 10. Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар. Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар туралы мәлімет беру, 31 олимпиада жүлдегерлері туралы толық ақпарат беру.    
Маған оқу керек (қажет), ... т.б. тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуын түсіндіру. (Репродуктивті әдіс арқылы студенттердің тіл байлығын дамыту)
11. Модуль 3.Салауатты өмір салты. Тақырып 11. Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі. Тыйым мәнді сөйлем. Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі туралы түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсінік беру. Атадан балаға мирас болған ұлттық тағам түрлері туралы кеңінен мәлімет беру. (қымыз, шұбат, саумал, құрт т.б.)
Тыйым мәнді сөйлемдердегі (болады), (болмайды) сөздерінің лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуін түсіндіру. (Жигсо әдісі,семантикалық карта бойынша миға шабуыл, топтық жұмыс, стикер, постер әдістерін қолдану)
12. Модуль 4.Ұлттық байлық және ұлттық құндылықтар. Тақырып 12.Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар.Етістік жіктелуі. Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар туралы түсіндіру. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы, кәсібін ашып, дамытып жатқан іскер адамдарға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаулар туралы ақпарат беру.  
Етістіктің жіктелуін, қалып етістіктерінің функционалдық ерекшеліктерін түсіндіру. (Билингвальдық- интегралды әдіс, яғни, түйінді мәселе қою арқылы түсіндірушілік тәсілмен баяндап, ақпарат арқылы дәлелдеу)
13. Модуль 4.Ұлттық байлық және ұлттық құндылықтар.Тақырып 13.Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар. Есімше категориясы. Көсемше категориясы. Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар туралы ақпарат беру.
Есімше және көсемше категорияларының тәуелденуін, жақ, шақ бойынша түрленуін жаттығулар арқылы түсіндіру. (Миға шабуыл, топтық жұмыс, стикер, постер әдістерін қолдану)
14. Модуль 4.Ұлттық байлық және ұлттық құндылықтар.Тақырып 14.Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері.Етіс категориясы. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін бүгінгі жаңа заман талаптарына сәйкестендіріп түсіндіру. Қазақстанды мекендеген көпұлтты халықтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы кеңінен насихаттау.  
Етістің түрлері, функционалдық қызметі туралы түсіндіру.
15. Модуль 4.Ұлттық байлық және ұлттық құндылықтар.Тақырып 15.Дін және таным. Діни мерекелер. Көмекші етістіктер. Дін және таным. Діни мерекелер туралы түсініктерін нақтылау. Ислам дінінің қадір қасиетін түсіндіру.  
Көмекші етістіктердің негізгі етістіктермен тіркесіп түрленуін түсіндіру.
 
  Барлығы  

Наши рекомендации