Ақырыптың мазмұны. 10 страница
Еңбек процестері мен жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу, нәтижелілік пен тартымдылықты арттыру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке деген қажеттілікті қанағаттандыру, ұтымды жұмысбастылықты қамтамасыз ету, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау мақсатында еңбекке, еңбек нарығына, еңбекақыға, еңбек қатынастарына мемлекеттік ықпал етудің әдістері мен құралдарының кең жиынын білдіреді. Мемлекет тарапынан еңбекті реттеу әдістері мен механизмдері елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйесінің сипатына айтарлықтай түрде тәуелді болады.
3.Әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, шетел істері, төтенше жағдайлар, заңдылықты қадағалау (прокуратура қызметі) саласындағы басқаруды қамтиды.
Басқару объектісі ретінде ел қауіпсіздігі – әскери шабуыл жасау жағдайында Қарулы күштерді пайдалануды қоса алғанда, әскери қорғанысты жүзеге асыру бойынша мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың іс-қимылы процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар саласы болып көрінеді. Қорғаныс саласындағы басқаруды ұйымдастыру елдің әскери қорғанысын тәжірибеде жүзеге асыруды қамтамасыз етуден тұрады; осы мақсаттарда мемлекеттік органдар қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуымен саяси, әскери, құқықтық, ұйымдық, материалдық-техникалық, моралдық-психологиялық сипаттағы өзара байланысты іс-шаралардың күрделі кешенін жүзеге асырады.
Ел қорғанысы саласындағы басқаруды ұйымдастырудың негізгі кезеңі - әскери құрылыс болып табылады, ол қабылданған әскери доктринадағы Қарулы Күштерді қалыптастыру, оларды басқару бойынша елдің ұйымдық іс-қимылын білдіреді. Әскери құрылыстың мән-мазмұнымен оның арнайы қызметтерінің жүйесі байланысты болып келеді, олар:
1) Қарулы Күштердің ғылыми-негізделген құрылымын қамтамасыз ету;
2) Қарулы Күштерді басқару органдарының жүйесін құру, басқару бойынша қызметтер мен өкілеттіктерді нақты бөлу;
3) әскерді іріктеу мен әскери қызметті өтеу тәртібінің сәйкес тәсілдерін таңдау;
4) әскери тәрбие мен оқыту формаларын және әдістерін үздіксіз жетілдіру;
5) әскерлерді материалдық-техникалық қамсыздандыру;
6) жастарды Қарулы Күштердегі қызметке дайындау;
7) халықтың, елдің қауіпсіздікке қабілеттігін нығайтуға қатысу дәрежесін анықтау;
8) азаматтық қорғанысты басқару.
Елдің әскери ұйымдастырылуы өзінің мақсаттары мен қызметтері бойынша әртүрлі болып келетін мынадай әскери құрылымдарды қамтиды: Қарулы Күштер; шекаралық әскерлер; ішкі әскер; теміржол әскерлері. Мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдары қорғанысты нығайтудың түбірлі мәселелерін қарастырып, шешеді; қорғанысты ұйымдастыру негздерін бекітеді; әскери құрылыстың негізгі бағыттарын анықтап, жоспарларын бекітеді; әскери доктрина мәні мен ережесін қалыптастырып, бекітеді; мемлекеттің әскери жүйесін орнатады.
Мемлекеттік қауіпсіздік — бұл саяси, экономикалық негіздің және мемлекеттік шекараның мықтылық, мызғымастық жағдайы. Басқару объектісі ретінде мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау, қол сұқпаушылық пен мемлекеттік шекараны қорғау мақсатына ие мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар саласын білдіреді.
Әділет саласындағы басқару — бұл мемлекеттік басқару органдары жүзеге асыратын және халық соттарын, жоғарғы соттарды, нотариалды орган қызметтерін, сот-сараптама мекемелерінің қызметтерін тәжірибелік басқарудан құралатын атқарушы және бұйрық беру іс-әрекеті және т.б. Осы іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсатты тағайындалуы – мемлекеттің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Көрсетілген саланың басты ерекшелігі – басқару объектілерінің құқықтық жағдайының ерекшелігі. Әділет саласындағы осындай басқару объектілеріне мемлекеттік органдар, әділет мекемелері мен қоғамдық ұйымдар жатады. Олардың барлығы өзінің тағайындалуы, құрылу тәсілі, өкілеттік сипаты бойынша айрықшаланады.
Соңында, сыртқы (шет ел) істері саласындағы мемлекеттік басқару мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарымен, сондай-ақ сыртқы істер Министрлігімен жүзеге асырылады. ҚР сыртқы саяси стратегиясының басты мақсаты – халықтың еңбек ету мүмкіндігін қамтамасыз етуден тұрады. Сондықтан, халықаралық аренадағы басты іс-қимыл бағыты – ядролық қауіпке қарсы күрес, қауіпсіз әлемге қол жеткізу үшін күрес болып саналады.
4.Өнеркәсіптің салааралық құрылымында елдің индустриалды даму деңгейі мен оның экономикалық дербестігінің деңгейі, өнеркәсіптің техникалық қамсыздандыру дәрежесі мен жетілген салааралық құрылымы белгілі дәрежеде өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін сипаттайды.
Алайда көптеген министрліктер мен ведомстволар салалар шеңберлерінен шығып кетеді, әртүрлі бейіндегі объектілерді басқарады, не бірдей объектілер әртүрлі министрліктердің (мысалы, машина жасау өнеркәсібі құрылыс, байланыс, құрылыс және т.б. басқаратын министрліктер мен ведомстволардың қарамағында) бағыныштылығында болады. Басқалай айтқанда, кейбір министрліктер ведомстволық үстінен қарайтын сипаттағы өкілеттіктерді иеленеді, аталған министрлік жүйесіне кірмейтін объектілерге қатысты кейбір функцияларды жүзеге асырады. Бұл функциялар үйлестіруші (жекелей алғандағы министрліктердің іс-қимылындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін) болуы мүмкін, сол және басқалар аталған министрліктің ведомстваның) бейініне сәйкес келсе де, бұл функциялар міндеттеуші де болуы мүмкін.
Үйлестірілетін объектілердің үйлестіру субъектілеріне ұйымдасқан түрде бағындырылмағандығы, алайда өзінің іс-қимылын онымен келісуге тиіс екендігі, салааралық үйлестірудің мәні болып табылады. Үйлестіруші органдар сол мезгілде, осындай объектілерге қатысты міндетті сипаттағы шараларды (бірақ, үйлестіру мақсаттарында ғана емес) қабылдауы мүмкін. Бұл – функционалдық салааралық реттеу. Салааралық басқарудағы үйлестіруге қатысты міндеттеуші шаралар әдетте бақылаумен және «қадағалаумен», әкімшілік жаза қолдану құқығымен байланысты.
Қазіргі таңда өнеркәсіп салалары мынадай кешендерге біріктірілген:
1. жанармай-энергетика кешені;
2. металлургия кешені;
3. машина жасау;
4. химия-орман;
5. агроөнеркәсіптік;
6. әлеуметтік (жеңіл өнеркәсіптегі халық тұтынатын тауарлар өндіру);
7. құрылыс кешені (құрылыс материалдарының өнеркәсібі).
Жанармай-энергетика кешені (ЖЭК) өнеркәсіптің, энергетиканың көмір және газдың, мұнайдың біріктірілген жүйесін, халық шаруашылығының жанармай, жылу мен электр энергиясына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен біріктірілген энергетика және өзге де салаларының біріктірілген жүйесін білдіреді. Металлургия кешені қара және түсті металлургияның, металлургия, тау-кен, машина жасау мен жөндеу базасы салаларының біріктірілген жүйесін білдіреді. Экономиканың дамуында машина жасау кешені бірінші орын алады. Машина жасау кешені, еңбек құралы ұдайы өндірісінің бірегей процесіне органикалық түрде біріктірілген машина жасау, металл өңдеу, жөндеу өндірісі салаларының жиынтығын білдіреді және индустрияның көп салалы секторы болып табылады. Жалпы машина жасау, электр техникасы мен радиоэлектроника, көлік машиналарын жасау, сонымен қатар ЭЕМ мен кеңселік құрал жабдық кешеннің басым салалары болып саналады. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК), өзге салааралық кешендермен салыстырғанда оның құрамына түрлі технологиялар мен экономиканың өндіріске бағытталған салаларының кіруімен сипатталады. АӨК — бұл ауыл шаруашылығының, өңдеуші өнеркәсіп салаларының, жабдықтаудың, микробиологиялық өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың, жеңіл және тамақ өнеркәсібі машиналарын жасаудың, ауыл шаруашылық техникасын жөндеудің, тамақ өнеркәсібі салалары құралдарының, халық шаруашылығының өзге салаларының біріктірілген жүйесі. Бұған ыдыс материалдарын өндіруді, минералды тыңайтқыштар өндіруді, өндірістік объектілер құрылысын жатқызуға болады. Құрылыс кешені құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі, машина жасау саласының, жөндеу базасының (халық шаруашылығының салаларына біріктірілген негізгі қорлардың әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталған) біріктірілген жүйесін білдіреді. Құрылыс кешені мердігерлік және субмердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымдарының күрделі салааралық жүйесі ретінде қалыптасқан. Құрылыс кешенін құру өндірістік, тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық құрылыс салу көлемінің тұрақтылығы мен ұлғаюына, капитал салымдары құрылымының жетілдірілуіне, олардың шоғырлануына ықпал етті.
Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің қалыптасқан құрылымы әркелкілігімен, тұтыну заттарын өндірумен салыстырғанда онда өндіріс құралдарының басым болуымен сипатталады. Қазақстанның бай да салыстырмалы арзан табиғи ресурстары өңдеу және қайта өңдеу салаларының басым түрде дамуымен, қоғамдық еңбек бөлінісі шеңберінде өнеркәсіптік мамандануға ықпал етті. Дайындық деңгейі жоғары өнімді шығару, жекелей алғанда, халық тұтынатын тауарлар өндіру көлемі айтарлықтай зор емес және ол, негізінен, импорттық материалдық ресурстарға негізделеді. Осының барлығы ұлттық табысты қалыптастырудың негізі болып табылатын ұдайы өндіріс кешенін құруға бағытталған мемлекеттік салааралық басқарудың тиімді механизмін құруды талап етеді.
Салааралық басқару процесінің қағидалары мен негізгі мазмұны заңдар, жарғылар, даму бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтік саясаттар арқылы жүзеге асырылатын экономиканы реттеудің әмбебап құралдарын қамтиды (ақша-қаржы механизмін, фискалдық саясатты, жұмысбастылық саясатты, әлеуметтік саясатты, яғни реттеудің макро- және микроэкономикалық құралдарын) қамтиды.
Салааралық кешенді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру барысындағы маңызды жағдай – шетелдің дамыған елдерінде кеңінен таралған кластерлік тәсілдемені пайдалану болып саналады. Салалық талдауда пакет, блок дегенді білдіретін «кластер» түсінігін алғаш рет М. Портер енгізген болатын. Экономикалық мағынада «кластер» бір-бірінің бәсеке қабілеттігінің артуына ықпал ететін өзара байланысты салалардың қауымдастығын білдіреді.
Ондаған елдердің 100 саласын зерттеу негізінде М. Портер мынаны атап көрсеткен болатын: олардың кейбіреулерінің табыстылығы айтарлықтай дәрежеде елде, нарықта бәсеке қабілетті болып табылатын ұқсас салаларды жабдықтаушылардың болуына тәуелді болады. Бәсеке қабілеттілік нарықта табыс табатын фирманың ортасына жақын таралу қасиетіне ие. Мұндай фирманы кластердің негізін қалаушы деп атауға болады, ол өзінің бәсеке қабілеттігін жабдықтаушыларға, тұтынушыларға, бәсекелестерге жұқтырады. Нарықта үлкен табысқа жеткен кластердің негізін қалаушы-компания жабдықтаушыларға қатаң талаптар қояды, оларды жабдықталатын шикізат сапасын арттыруға және өз бәсеке қабілеттігін арттыруға мәжбүрлейді. Әрі қарай технологиялық тізбек бойынша кластердің негізін қалаушы-компанияның жоғары сапалы өнімін ұқсас салалардың компаниялары пайдаланып, бәсеке қабеліттіктерінің негізіне айнала алады. Осылайша, негізгі фирмамен технологиялық тізбекте болатын жабдықтаушы-компаниялар да, тұтынушы-компаниялар да, одан ұтысқа ие болады. Әлемдік нарықта жетекші болып табылатын жергілікті компаниялар шығаратын сапалы өнімнің тұтынушысы болып табылатын ел халқы да қолайлы жағдайға ие болады.
Сонымен қатар, күшті қарсыласымен күресу тәжірибесі бар негізгі компанияның бәсекелестері белгілі бір пайда табады. Кластер ішіндегі бәсекелестер ішкі нарықтағы қатаң күрес нәтижесінде бір-біріне сүйеніп, бизнестің ортақ идеясына бірігу арқылы, ел шекарасынан тыс бірегей қорғаныс ретінде қызмет ете алады. Өз кезегінде, алдыңғы қатарға ұмтылған жабдықтаушылар, тұтынушылар мен бәсекелестер, негізін қалаушы компанияның бәсеке қабілеттігінің артуын ынталандырады. Нәтижесінде, бір елде немесе белгілі аймақта тұтынушылардың, бәсекелестердің негізгі жиыны құрылып, неғұрлым білікті кадрлардың, ілгеріңді технологияның, мамандандырылған ақпараттың, белгілі саладағы кәсіби дағдылардың шоғырлануына ықпал етеді. Фирманың іс-қимылымен байланысты және олардың тиімділігінің артуына ықпал ететін ұйымдар да (университеттер, ғылыми-зерттеу зертханалары, стандарттау мен сертификаттау жөніндегі агенттіктер, сонымен қатар сауда бірлестіктері) қарқынды дамитын болады.
Осылайша, кластер, яғни, бір бірінің бәсеке қабілеттігінің артуына өзара ықпал ететін тығыз байланысқан салалардың географиялық көршілес компанияларының қауымдастығы құрылады. Күшті деңгейлес және сатылас байланыстары бар салалар, компаниялар кластерді құраушы оның элементтері болып табылады. Кластерлер: ірі, орта және шағын түрлі көлемдегі кәсіпорындардан құрыла алады. Салааралық және салаішілік байланыстардың даму дәрежесіне байланысты кластерлер қамту кеңдігі мен даму деңгейі бойынша айрықшаланады. Кластерлерді кез келген географиялық бірлік деңгейінде: мемлекет, облыс, қала, ауылға бөліп қарастыруға болады. Олар дамыған және дамушы елдер экономикасында пайдаланылады.
Қазіргі таңда дамыған елдердің үкіметтері кластерлердің қалыптасуы мен даму мәселесіне ерекше назар аударатынын айта кету керек, ол бұрыңғыдай елдер немесе салалар бойынша емес, сарапшыларды белгілі кластерлер бойынша дайындаудан байқалады. Сонымен қатар, дамыған елдердің үкіметтері мен трансұлттық компаниялары кластерлік тәсілдемені әлемдік ауқымда жүзеге асыруға ұмтылады. Осы мақсатта олар қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар иелерінің бағдарларын нығайтады.
Қандай да бір салада кластердің қалыптасуы ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызға ие болады, себебі кластер, тізбектеуге мүмкіндік беретін буын бола отырып, ішкі өсімге бастау береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1.Экономикадағы мемлекеттің рөлі төмендегі екі топтың біріне жатқызуға болатын оның қызметтерінде нақтыланады:
- нарықтың тиімді әрекет ету шарттарын жасау қызметтері;
- нарықтық реттеуіштер әрекеттерін толықтыру мен түзету қызметтері.
Бірінші топқанарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету қызметтері мен нарықтық ортадағы басты қозғаушы күш ретіндегі бәсекелестікті қорғау және ынталандыру қызметтерін жатқызуға болады.
Екінші топқа табыстарды қайта бөлу қызметі, ресурстардың бөлінуін түзету, экономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсімді ынталандыруды қамтамасыз ету қызметі жатады.
2. Мемлекеттік басқарудың тұрақтандырушы қызметі бюджеттік, фискалды және ақша-несие саясатының дәстүрлі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жерде мемлекет алдында аталмыш басқару әдістерін қолдануда «жұмсақтық» пен «қатаңдықты» тиімді үйлестіру мәселесі тұрады.
Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса өзекті мәселелердің бірі – экономикалық өсімді ынталандыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе фундаменталды ғылымды қаржыландыру өсімді ынталандырудың шынайы әрекет етуші жанама тетіктері болып табылатынын көрсетті, ол, өз кезегінде, ҒТП-ны жылдамдатуға, салық ауыртпалығын азайтуға (іскерлік белсенділікті арттыруға, техникалық прогресті ынталандыруға және инвестициялар өсімін ынталандыру құралы ретінде ақша-несие саясатын белсенді пайдалануға) оң ықпал етеді.
3. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік мақсаттарды ғылыми бекіту және әлеуметтік болжамдау, жақын және алыс болашаққа әлеуметтік даму бағдарламаларын негіздеудің айтарлықтай әрекет етуші құралы болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар уақыт пен кеңістік бойынша, атқарушылар мен жалпы мемлекеттік, салалық, аймақтық ауқымдағы бірегей, ірі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған шаралар ресурстары бойынша тәуелді болып көрінетін шаралар жиынтығын білдіреді.
4. Мемлекеттік қауіпсіздік — бұл саяси, экономикалық негіздің және мемлекеттік шекараның мықтылық, мызғымастық жағдайы. Басқару объектісі ретінде мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау, қол сұқпаушылық пен мемлекеттік шекараны қорғау мақсатына ие мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар саласын білдіреді.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Міндетті әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.
2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы
3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ
5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.
6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.
8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.
9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.
10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.
11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.
12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.
13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.
14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.
15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.
16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.
17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.
19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.
Қосымша әдебиеттер:
20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября
21. Атаманчук В.Г. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993.
22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен //Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.
23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б
24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30
25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б
26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б
27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б
Семинар сабағының жоспары:
1. Экономика аясындағы мемлекеттік басқару
2. Әлеуметтік қатынастар аясындағы мемлекеттік басқару
3. Салық және кеден саясаттарын мемлекеттік басқару ерекшеліктері
4. Монополияға қарсы саясаттың мәні
5. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік басқару
6. Салааралық мемлекеттік басқарудың мәні мен түрлері
7. Қаржы, несие және сақтандыру салаларындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:
1. Топтық проектыға дайындау семинар сабағының сұрақтарына тұсау кесу.
2. Тұсау кесуді ауызша баяндауға дайындалу
3. СӨЖО «Покров бөл» арналған кейсті талқылау түріне өткізу.
Кейсті өткізудің екі варианты болу мүмкін:
1. Кейсті коллектив болып талқылау біріккен бағдарлама жасау.
2. Топ 2 шағын топқа бөлінеді, әр топ өзінің бағдарламалық проектісін жасайды, сабақта талқылайды. (соңғысы жарысу әлементіне ұқсас. Кейс «Покров облысы»)
КЕЙС «ПОКРОВ ОБЛЫСЫ»
Тарихи аспекті және жәй-күйі туралы сұрақтар. 1921ж бастап Россияда өлім көбейіп, халықтың табиғи өсімі азаюда, бұл жағдай соғыста кейінгі кезден бері табиғи өсудің жағымсыз жағдайы. Россияда халықтың табиғи азаюы өлімнің көбеюмен ғана байланысты емес, туып көбеюшіліктің шұғыл азаюынан . Егер осы жағдай әрі қарай сақтала берсе, мамандардың болжауына қарағанда келешек болашақта (2015ж) Россияда халық санының азаю 130-135 млн. адам болу мүмкін.