Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай штабы

Азаматтық қорғаныс

Кіріспе

Азаматтық қорғаныс ұғымы

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай штабы

Жалпы ережелер

Орытынды

Кіріспе

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері;
Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары;
Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары;
Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар;
"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;
жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;
қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;
шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;
эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары. Қызылорда аграрлық техникалық колледжі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №814 қаулысымен облыстағы 3 колледжді — ауылшаруашылық, политехникалық және темір жол көлігі колледждерін біріктіру арқылы қайта

1 ) Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны ҚазақстанРеспубликасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.[2]

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі күштері Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары; жедел-құтқару отрядтары – жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары.

Азаматтық қорғанысты жүргізу және қызметкерлер мен студенттерді ТЖ салдарларынан қорғау үшін КИМЭП Университеті АҚ президентінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 52 бұйрығымен келесі АҚ және ТЖ басқару органдары құрылды:

· Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы (АҚ және ТЖ штабы);

· Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия (ТЖК);

· Эвакуациялық комиссия (ЭК).

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы –Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді.

Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.

1-тарау. Жалпы ережелер

бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;

Азаматтық қорғаныс бөлімдері - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлімдері;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері;

Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары;

Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары;

Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар;

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;

жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;

қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;

шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;

эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Наши рекомендации