Тақырып. Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1. Су қоры жерлерінің түсінігі.

2. Су қоры жерлерінің түрлері.

3. Су қоры жерлерінің құқықтық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: су қоры жерлері, су қоры жерлерінің түрлері, су қоры жерлерін пайдалану.

1. Су қоры жерлерінін түсінігі, түрлері,олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердің құқықтық жағдайы.

Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республи­касының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс барлық су объектілерінің жиынтығын қамтиды. Шекарасы, көлемі мен су режимі бар құрлық беті бедерлеріндегі және жер койнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектілеріне жатады. Олар: теңіздер, өзендер, соларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үсті су объектілері, жер асты сулары бар жер койнауының бөліктері.

Қазақстан Республикасының су зандары мынадай қағидаларға негізделеді:

халыктың өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын сулардың мемлекеттік маңызын мойындау;

халықты ауыз судыңқажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;

халықтың суға әділ және теңдей кол жеткізуі;

су алуды азайтуға және судың зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік беретін қазіргі замаңғы технологияларды игеріп, кешенді және ұтымды су пайдалану;

су объектілерін оларды қорғаумен коса кешенді пайдалану;

арнайы су пайдаланудың акылылығы;

7)Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзуданкелтірілгензалалды өтеу;

8)Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғандық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;

9)су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттердішешудегіжариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі;

Халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың негізінде трансшекаралық суларды пайдалану.

Су объектілері, су шаруашылығы құрылыетары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.

Су объектілері келесі түрлерге бөлінеді:

1) жер үсті су өбъектілері. Олардың қатарына су айдындары -өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қой малары, тоғандар және басқа ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар жатады. Жер үсті су объектілері жер үсті суларынан, олардың түбінен және жағалауынан тұрады.

2) жер асты су объектілері. Жер асты су объектілеріне мыналар жатады: су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектері мен кешендері, жер асты суларының бассейні, жер асты сулары орындары мен учаскелері, жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы, жер қойнауының суландырылған учаскелері.

3)Қазақстан Республикасының теңіз сулары. Қазақстан Республикасының теңіз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңіздерінің сулары жатады.

4)трансшекаралық сулар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгілейтін және (немесе) қиып өтетін жер үсті және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады. Трансшекаралық суларды пайдалану мен корғау тәртібі Су кодексімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен жене Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен белгіленеді.

Пайдалану түрлеріне қарай су объектілері:

ортақ пайдаланудагы су объектілері. Егер Қазақстан Рес­публикасының заңдарыңда өзгеше көзделмесе, барлық су объектілері ортақ пайдаланудағы объектілер болып табылады.

бірлесіп пайдаланудағы су объектілері. Жеке немесе занды тұлғаларға толық немесе ішінара бірлесіп пайдалануға берілген су объектілері бірлесіп пайдаланудағы су объектілері болып та­былады. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілерін пайдаланған кезде ағын судыңтөменгі жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері бірінші кезектеқанағаттандырылады. Бірлесіп пайдаланудағы су объектілерін пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бір-біріне зиян келтірмеуге міндетті

оқшау пайдаланудағы су объектілері. Жеке немесе занды тұлғаларға толық немесе ішінара оқшау пайдалануға берілген су объектілері окшау пайдаланудағы су объектілері болып табы­лады.

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде орналасқан суобъектілерін құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимі, сондай-ақоларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасы­ның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы зандарыменбелгіленеді.

ерекше мемлекеттік манызы бар су объектілері болып бөлінеді. Қоршаған орта мен аймак экономикасына басым ыкпал ететін және шаруашылық қызметті реттеудің ерекше күқықтык режимін талап ететін жаратылысы табиғи су объектілері ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері деп танылады.

Су объектілерінің, су қоры жерлерінің айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектілері мен жерлердің иеліктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін болатын сатып алуға, сатуға, кепілге беруге және басқа да мәмілелер жасасуға жол берілмейді. Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен бас­қа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақ­тар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Су айдын­дары (өзендер және олармен тендестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жері, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер мемлекет меншігінде болады.

Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су коры жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендірілген жағдайда, Қазақстан Респуб­ликасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін.

Жеке және занды түлғаларға су объектілерін пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісімі бойынша табыстайды.

Жеке және занды тұлғаларға су объектілері:

қысқа мерзімді пайдалану. Қысқа мерзімді пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге табысталады.

ұзақ мерзімді пайдалану. Ұзақ мерзімді пайдалану құқығы бес жылдан қырықтоғыз жылға дейінгі мерзімге табысталады.

Су объектілері пайдалануына берілген жеке және занды тұлғалар су объектілерін пайдалану құқығына билік ете алмайды.

Су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлінеді.

Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе занды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшін ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат алынған кез­ден бастап туындайды. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-акөнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:

суды жер үсті және теңіз суларылған механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;

жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;

ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;

бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);

гидравликалық электр станцияларын;

сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақсуды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;

суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғатужүйелерін;

жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оныңішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;

ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған суағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар); шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кенқазындыларының су бұру кұры­лыстарын;

су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта кұдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;

өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;

көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;

судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайысу пайдалануға жатады.

Оқшау су пайдалану. Су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бір жеке немесе занды тұлғаға пайдалануға берген кезде окшау су пайдалану кұқығы туындайды. Оқшау су пайдалануға берілген су объектілерінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі. Оқшау су пайдалануды жүзеғе асыратын су пайдаланушы, егер облыс­тардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілдіоргандарының шешімдерінде өзгеше белгілен бесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға міндетті.

Бірлесіп су пайдалану құқығы су объектілерін немесе олардың бір бөлігін бірнеше жеке және (немесе) занды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды. Бірлесіп су пайдалану кезінде бірінші кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделері, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері қанағаттандырылады.

Бірлесіп су пайдалануға берілген су объектілерінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі.

Бастапқы және қайталама су пайдалану. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және занды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болыптабылады.

Бастапкы су пайдаланушыдан шарт негізінде су алатын жеке және занды түлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негізгі талаптары көрсетіліп, бастапқы су пайдаланушы үшін белгіленген лимит шегінде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепілдік беріледі.

Наши рекомендации