Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама
пәннің атауы: |
№ | Шифр | Әдебиет атауы | Бар болуы | Ескерту | |
Кітапханада | % | ||||
Негізгі | |||||
Х628.10(2К)я73 А23 | А.Н.Ағыбаев «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім [Мәтін]:Оқулық / А.Н.Ағыбаев -4 ші басылым өңд. Толық.-Алматы: Жеті жарғы, 2007 ж- 360 бб | ||||
Х628.10(2К)я73 А23 | А.Н.Ағыбаев «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім [Мәтін]:Оқулық / А.Н.Ағыбаев -Алматы: Жеті жарғы, 2009 ж- 320 бб | ||||
Х628 (2К) К63 | Комментарии к Уголовному кодексу РК. Общая[и особенная часть. Текст]: Под ред И.Ш.Борчашвили – 2 –е изд, испр.и допол.-Алматы: Жеті жарғы , 2007- 992 стр | ||||
Х628(2К)-324 Қ18 | ҚР-ның Қылмыстық кодексіне түсінік [Мәтін]: – Алматы: ЖШС Баспа, 2001-704 бб | ||||
Х628.10(2К) - я73 Қ18 | ҚР –ның Қылмыстық құқығы. [Мәтін]: Жалпы бөлім / жауапты редакторлары Е.О.Алауханов, С.М.Рахметов - Алматы: Жеті жарғы , 2001- 272 бб | ||||
Х628.10(2К)-3 Қ18 | ҚР-ның Қылмыстық кодексі: 2004 жылдың 10 сәуіріне дейінгі өзгер.мен толық.енгізілген ресми мәтін [Мәтін]:2-ші басылым-Алматы: Жеті жарғы, 2004-504 бб | ||||
Х628.10(2К) - я73 Н28 | А.В.Наумов Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. [Мәтін]:Лекциялар курсы / А.В.Наумов – Қайта өңделіп және толықтырылып, 2 ші басылуынан аударылды / аударған Н.О. Дулатбеков – Астана: Фолиант, 2001 – 660 бб | ||||
Х628.10 - 3я73 А39 | Е.Алауханов Қылмыс құрамы[Мәтін]: практикалық оқу құралы / Е.Алауханов, С.Үмбетәлиев, С.Рахметов – Алматы: Өркениет , 2008 – 192 бб | ||||
Қосымша | |||||
Х628.10 1 (2К) Ә67 | С.М.Әпенов «Қылмысқа қатысушылық: Теория және практика мәселелері» [Мәтін]: Оқулық / С.М.Әпенов-Алматы: Заң әдебиеті , 2006 -332 бб | ||||
Х628.10 1 (2К) Ә67 | С.М.Әпенов «Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері» [Мәтін]: / С.М.Әпенов-Алматы: Заң әдебиеті , 2006 -173 бб | ||||
Демонстрациялық материалдар (оның ішінде Интернет) | |||||
1.http://www.twirpx.com/ 2.http://sudexp.ru/ 3.http://194.67.188.12/PDF/00597634_89_5_18_20.PDF 4.www.ceur.ru |
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Ші дәріс.
Ші тақырып. Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР- ның Заңы.
Дәріс жоспары:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес »пәнінін ұғымы, түсінігі.
Міндеттері және негізгі принціптері
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық тұлғалары және оған қарсы күресті жүзеге асырушы органдар
Негізгі ұғымдар: Жемқорлық.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1Заңының мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: 1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi; 2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; 3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру; 4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы; 5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану; 6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу; 7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу; 8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу; 9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау; 10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтердi жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану; 11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу; 12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi
1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бec процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ
жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңнамада кездесетін негiзгi ұғымдар
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
3. Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.
3-1. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.
4. Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.
5. Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.
Ші дәріс.