Дәріс тақырыбы. Жұмыссыздық және халықты әлеуметтік қорғау.
1. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері
Тұрғындар – тарихи қалыптасқан және адам өмірін қайта қалыптастыру үрдісінде жаңғырылып отыратын, әрі қоғамның басты құраушысы болатын адамдардың жиынтығы. Тұрғындар құрамында еңбекке жарамды, яғни психофизиологиялық қасиеті бойынша жарамды және еңбекке қабілеті жастағы адамдар ерекшеленеді. Тұрғындардың еңбекке жарамды базасы арқылы еңбек қорлары, яғни қоғамдық өндіріске қатысуға дайын немесе оған қатысып жүрген бөлігі қалыптасады. Еңбек қорының құрамын табыс табатын экономикалық белсенді тұрғындар, және жұмыссыздар, яғни ақылы жұмыс іздеп жүргендер құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында еңбек ететін адам санымен және сол ортада қосымша жұмысқа бөлінген белсенді халықпен анықталады .
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге ынтасы бар, еңбекке жарамды халық. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту құқығына сәйкес, өздеріне байланысты емес себеп-салдардан еңбек ақы алмайтын, мемлекеттік жұмысбастылық қызметінде есепке алынған жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істейтін орыны жоқ азаматтар жұмыссыздар деп саналады.
Жұмыссыздардың бірнеше түрі болады:
1 Өндірістің құлдырауына байланысты, жұмысшы саны жұмыс орындардан едәуір көп болса, айналымдық жұмыссыздық орнайды.
2 Фрикциялы жұмыссыздық – жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты ауысуы (жаңа мекен-жайға көшуі, жаңа мамандық игеру, оларға күтім және т.б. байланысты).
3 Құрылымдық жұмыссыздық жұмысшы күшіне сұраныстың құрылымдық өзгеруін туғызатын өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орнына бұрыннан қалыптасқан құрылымдағы жұмысшылар күшінің құрылымының сәйкес келмеуі де өндірістен жұмысшылардың бір бөлігін шығарып тастауға әкеледі.
Нарық экономикасында жұмыс пен толық қамту фрикциялы және құрылымдық жұмыссыздығына байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі және ол 5-7 % шамасын көрсетеді. Айналымдық жұмыссыздықта толық жұмысбастылық бұзылады.
Жұмыссыздықтар көрсеткіштері:
1. Жұмыссыздар деңгейі – пайыз түріндегі жұмыссыздар санының жұмысбастылар санына қатынасы.
2. Жұмыссыздық ұзақтығы.
2. ЖІӨ мөлшеріне жұмыссыздықтың ықпалы. Оукен заңы.
Оукен заңы жұмыссыздық пен экономикалық белсенділіктің сандық өзара байланыстылығын сипаттайды. Осы заңға сәйкес ЖІӨ-ның жыл сайынғы өсімінің жобамен 2,7 %-ы жұмыссыздықтар есебінен құралады. ЖІӨ-ның қосымша 2 % өсімі жұмыссыздықтар үлесінің 1%-ын төмендетеді. Дәл сол сияқты, әрбір ЖІӨ өсімінің 2% төмендеуі жұмыссыздықтың 1% артуын анықтайды. Әлеуметтік-экономикалық жұмыссыздықтың салдары төмендегідей:
1. Жұмыссыздық ЖІӨ деңгейін төмендетеді және эқономикалық жоқшылыққа ұшыратады.
2. Жұмыссыздық табыстың жоғалуына, өмір деңгейін төмендетуге, қылмыстық әрекеттің өрлеуіне, өлімнің көбейуіне ықпал етеді.
3. Созылмалы жұмыссыздық кезінде жұмысшылар біліктілігі жойылады.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағытын атауға болады:
1. Жұмысбастылықты өсіруді және мемлекеттік сектордағы жұмыс орын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары.
2. Жұмысшы күшін дайындау және дамыту бағдарламалары.
3. Жұмысшы күшін жалға беруге жәрдемдесу бағдарламалары.
4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.
Еңбек нарығының негізгі элементіне еңбек биржасы жатады. Еңбек нарығы – сату-сатып алу мәмлелерін жасауда жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасында дел-далдық қызмет жүргізетін және жұмыссыздарды тіркейтін мекеме.
3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың өзіндік түрлері мен себептері
Көптеген жылдар бойы ҚР жүргізіліп келе жатқан қатал монетарлық саясат - инфляцияның өсуін ауыздықтауды жұмыссыздық арқылы жүргізуге мәжбүр етті.
ҚР-да жұмыссыздық барлық жоғарыда айтылған түрлерде сипатталады:
1. Елдегі экономикалық тоқыраудың нәтижесі ретіндегі айналымдық жұмыссыздық.
2. Тұғындардың жаппай жақсы жұмыс іздеу мақсатымен басқа мемлекетке көшуі нәтижесінде қалыптасқан фрикционды жұмыссыздық.
Көптеген жылдар бойы экономиканың сырт әлемге жабық болып және нарықтық қатынасқа көшудегі құбылыстарға сәйкестендірілуіне байланысты қалыптасқан құрылымдық жұмыссыздық .
Осы формалармен қатар негізгі пайызды жасырын жұмыссыздық құрайды. Ол біріншіден толық емес жұмыс күні тәртібіне, өндірістің төмендеуіне, мезгілсіз еңбек ақысыз демалысқа жіберуге және екіншіден адамдардың еңбек биржасының жетілмеуі себебінен өздері жұмыс тауып орналасуына байланысты қалыптасады.
ҚР-ның еңбек нарығында төмендегідей мәселелерді атауға болады:
1 Жұмыспен қамту деңгейі әртүрлі аймақта бірқалыпты емес түрде дамуда.
2 Жұмыссыздықтың ұзақтығы өсуде.
3 Жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы өзгеруде.
4 Жанама жұмыспен қамту өсуде.
5 Материалды өндірісте және ғылыми салада жұмысшылар саны азайуда.
6 Жұмыссыздар арасында әйелдер мен жастар саны өсуде.
4. Инфляция, оның себептері және қазіргі әлемдегі негізгі түрлері
Инфляция – ақша айналымының бұзылу заңы. Ол қоғамдық қайта өндіріс үрдісінің диспропорциясынан және экономикалық саясаттың жетіспеушілігінен туындайды. Бұл айналымдағы ақша массасының кәдімгі мұқтаждықпен салыстырғанда, одан артылуы және ақшаның құнсыздануы. Инфляция түрлері әртүрлі. Оларға мыналар жатады:
1. мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны жабу мақсатында қағаз ақша шығарылады;
2. мемлекеттің биік деңгейідегі өнімсіз шығындары;
3. тауар тапшылығы;
4. бөлек тауар өндірушілердің монополиялық жағдайы, бұл олардың тауар бағасын және қызметті қисынсыз жоғарылатуына мүмкіндік береді;
5. өндірістің төмендеуі және т.б.
Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының концепцияларын инфляцияның әртүрлі себептері қарастырады.
Сұраныс инфляциясы біріккен сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол біріккен сұраныстың әр жылдық даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды.
Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған бағаға тәуелді (жалақы, шикізат, матариалдар және т.б).
Орта жылдық бағаның жанама өсім қарқынына байланысты баға былай бөлінеді:
1. бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция – әдетте ол жылына 10%-тен артылмайды;
2. жай шоқырақ инфляция – жылына 200%-ға дейін;
3. гиперинфляция – жылына 200%-ға жоғары.
Пайда болу түріне байланысты инфляция ашық және жабық (басыңқы) болып ерекшеленеді. Ашық инфляция – ортақ баға деңгейінің биіктігінің көрнекі көрінісі болып табылады. Жабық инфляция мемлекеттің тұрақты бағасының мүмкіндігінше табанды және «ресми» биіктемейтін орталықтандырылған экономикасына тән.
Сонымен қатар күтілген инфляцияны мен күтілмеген инфляциядан айыра білу қажет. Күтілген инфляцияны белгілі бір уақыт аралығына болжауға болады немесе ол мемлекеттік үкімет тарапынан «жоспарланады». Күтілмеген инфляцияға кенет бағаның секірісі тән, бұл ақша айналымы мен салық салу жүйесіне қолайсыз әсерін тигізеді.
Баға көтерілуіне байланысты әртүрлі тауарларға теңгерілген және теңгерілмеген инфляцияны бөледі. Теңгерілген инфляция кезінде түрлі тауар бағасы біреуі басқасына қатысты ұдайы пропорцияда ауысып отырады. Теңгерілмеген инфляция әртүрлі тауарға деген әртүрлі өсу қарқынын көрсетеді.
5. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдары
Инфляцияның бірнеше негізгі салдары бар. Біріншіден, қоғамдағы табыстарды:
а) кәсіпорын-монополистерге;
б) қаржылық құрылыстарға (талаулы пайыз бен ақша саудасынан туады);
в) көлеңкелі экономикаға;
г) басқа салалар мен бөлек тұлғаларға қайта бөлу. Бұл жағдайда көбінесе тұрақты бекітілген табыс алушылар (зейнеткерлер, студенттер, бюджет саласындағы жұмысшылар) көбірек зиян шегеді. Екіншіден, қатты инфляция жағдайында әдеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар бұзылады. Ақша құнын жоғалтады және өз функцияларын орындауды тоқтатады. Тауар айырбас үрдісі ұйымдастырылуы тоқтатылыды. Өндіріс қысқартылады. Үйшаруашылық байланысы үзіледі. Қаржылық алып-сатушылық арта түседі, кәсіпорын банкротқа ұшырайды, қоғамдық-саяси ретсіздік және т.б. орнайды.
Антиинфляциялық саясат – ақша айналымын реттеу, ақша көлемін ығыстыру және тауар бағасының тез көтерілуін тоқтату мақсатында қабылданған мемлекеттің бағытын таңдап және оларды орындалу шаралары. Нарық экономикасы дамыған мемлекеттердің антиинфляциялық саясатының негізгі объектісі шығындар инфляциясы болып табылады. Сондықтан осындай саясаттың орындалуының негізі – шектен тыс іскерлік белсенділікті несиені қымбаттату арқылы тоқтату, кіріс пен бағаның жоғарылауына шектеу қою. Сұраныс инфляциясы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі мемлекеттерге басты қауіп көрсетеді. Ол негізінен несие-бюджеттік сипатқа ие және бұл мемлекеттердің саясаты ең алдымен мемлекеттік бюджеттің реттелуіне сүйеніп, оның тапшылығын жою, инвестиция саласында мемлекеттік шығындарды азайту, кәсіпкерлерге дотация беру, әскери шығындар, әлеуметтік бағдарламаларды түзету секілді шараларды жасауы қажет. Сондай-ақ, қатал салықтық және несиелік-ақшалай тәртіпті, пайдалануға негізделген қаражатты реттеуді жүргізу маңызды болады.
6. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасы. Филлипс қисығы
Инфляцияның төмендеуін уақытша жұмыссыздықтың өсу себебі деп жиі қарастырады. Инфляция мен жұмыссыздықтың бір-біріне бағыныштылығын Филлипс қисығы сиаттайды, ол осы арақатынасты тапқан экономисттің құрметіне аталған.
Бағаның өсу қалпы
Жұмыссыздық деңгейі
Мемлекет экономикада ақша шамасын кеміткенде, тұрғындардың тауарлар мен қызметтерді тұтынуға шығыны қысқарады. Тұрғындардың шығындарын қысқарту және бағаға бәсең әсері тауарлар мен қызметтердің көлемінің қысқаруына әкеліп соғады. Сату көлемінің төмендігіжұмысшыларды жұмыстан шығаруға мәжбүр етеді. Осылайша, ақша көлемініңазаюы жаңа бағаның жағдайына толық үйренгенше жұмысыздықтың өсуіне алып келеді.
Негізгі әдебиеттер: 22 нег. [1-12], 23 нег. [8-14]
Қосымша әдебиеттер: 6 қос. [1-7]
Бақылау сұрақтары:
1) Жұмыссыздық дегеніміз не?
2) Жұмыссыздықтың түрлері
3) Жұмыс күші дегеніміз?
4) Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс?