Коммерциялық банктердің валюталық операциялар түсінігі және түрлері

Валюталык операциялардың жіктелуі. Қолма-қол және мерзімді валюталық операциялар Валюталық операциялар – бұл ақша нарықтарында айналымда жүрген шетел валюталарымен және шетел валютасында шығарылған төлем құралдармен болатын операциялар. ҚР-ның территориясында валюталық операцияларды резидент және резидент емес тұлғалар, соған өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары, сонымен қатар олардың айырбас орындары арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген мекемелерден тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға ҚР-да тыйым салынған.Валюталық операцияларды келесідей критерилер бойынша жіктеуге болады:1) объектісі бойынша:Шетел және ұлттық валютамен операциялар;Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар;Бағалы металдар және тастармен операциялар.2) субъекті бойынша:Заңды және жеке тұлғалардың орындайтын операциялары;Мемлекеттік, әкімшілік-аймақтық және жергілікті (муниципалды) құрылымдардың жүргізетін операциялары.3) жүзеге асыру режимдерінің саны бойынша:әмбебап операциялар, яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді емес операциялар;жеке (индивидуалданған), яғни құқықтық режимі резиденттік статусқа тәуелді болатын операциялар.4) жүзеге асыру аймағы бойынша операциялар:ішкі;шет елдік (сыртқы).5) өз ішінде валюталық операцияларды орындауды қамтитын құқықтық арақатынас түрлері бойынша операциялар:қаржы-құқықтық – салық төлемдерін өтеу үшін аударымдар;әкімшілік-құқықтық – шетел валютада айыппұлдарды төлеуді жүзеге асыру;халықаралық жеке-құқықтық – аударым келісімшарты негізінде көліктік ұйым-резиденттің пайдасына резидент-импорттаушының валюталық төлемдері;халықаралық жалпы-құқықтық – халықаралық ұйымдар пайдасына жүргізілетін валюталық аударымдар. Еліміздің заңнамасына сәйкес валюталық операцияларболып табылады:1жеке меншік құқығының және басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операциялар;2кез келген тәсіл арқылы валюталық құндылықтардың ҚР-на енуі мен қайта жөнелтілуі, сондай-ақ ҚР-нан шығарылуы мен қайта жөнелтілуі. Валюталық құндылықтар – бұл өздерімен жүретін операциялар мен резидент және резидент емес тұлғалармен жүзеге асырылған жағдайда ғана валюталық құндылық болатын, номиналы шетел валютасында көрсетілген шетел валютасы, бағалы қағаздары мен төлем құжаттары; және номиналы ұлттық валютада көрсетілген аффинирленген құймадағы алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.«Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңына сай валюталық операциялар екі категорияға бөлінеді:ағымды операциялар;капитал қозғалысымен байланысты операциялар.Ағымды операцияларға жатады:180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;Салымдық, инвестициялық, займдық және өзге де операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыны және басқа да кірістерді алу мен аудару;Саудалық емес нысандағы аударымдарды жүргізу, оларға гранттармен қоса мұрагерлік, еңбекақы, зейнетақы, алимент және т.б. соммаларды аудару жатады.Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға жатады: Инвестицияларды жүзеге асыру;Интеллектуалды меншік объектілерімен байланысты құқықтырдың толықтай берілуін көздейтін келісімдер негізінде есепайрысуларды жүзеге асыру үшін қажет болатын аударымдар;Жылжымайтын заттарға теңестірілген мүліктен басқа, сол жылжымайтын мүлікпен байланысты меншік құқықтардың тобын жүзеге асыру үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзім ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілетін төлемді кейінге қалдыруды немесе аванстық төлемді қоса қарастыратын экспорт-импорт келісімдері бойынша есеп айрысуларды орындау үшін қажетті аударымдар;180 күннен аспайтын мерзімге несиелерді ұсыну мен алу;Валюталық операциялардың көбісі төмендегідей типтерге бөлінетін келісімдер шеңберінде жүзеге асады:1 келісімді жүзеге асыру мерзіміне байланысты:шұғыл – «форвард» келісімдері; кассалық – «спот» операциялары; айырбас – «своп» операциялары; арбитражды келісімдер.2келісімдерді жасау орнына байланысты:биржалық;биржадан тыс.Шұғыл келісімдер – бұл келісімге отыру уақыты мен оны орындау уақыты бір-біріне сәйкес келмейтін келісімдер, яғни жүзеге асыру шарттары мен баға бүгін келістіріліп, ал операция тікелей белгілі бір уақыт өткеннен кейін болашақта орындалады. Форвардтық келісім белгілі бір мерзім өткеннен кейін, алдын ала анықталған бағада, алдын ала белгіленген валюта санын (көлемін) сату немесе сатып алуды көздейді.Кассалық – бұл келісімді жасау уақытынан бастап, оны тікелей жүзеге асыру уақытына дейін 3 жұмыс күннен аспайтын мерзімде орындалатын келісімдер. «Спот» келісімі – бұл белгіленген бағам бойынша белгіленген валюта санын (көлемін) айырбастау туралы келісім, ол оны жасасу уақытынан бастап 2 жұмыс күнінен кеш емес мерзім ішінде жүзеге асырылуы тиіс.«Своп» келісімі айырбас операциясы болып табылады. Ол өз ішіне «спот» шарттарының негізінде валютаны сатып алуды және оны бір уақытта «форвард» шарттарының негізінде сатуды қамтиды. Сонда бұл жерде «ұзын» да, «қысқа» да позиция пайда болмайды, себебі валютаны алу мен оны сату бір уақытта орындалады.Арбитражды келісімдер – бұл пайда табу мақсатында қатысушылардың әр түрлі валюта нарықтарында орнатылатын валюта бағамдарындағы айырмашылықтарды пайдалана тоырып жүргізетін операциялары. Арбитражды келісімдер кеңістігі мен уақыты бойынша валюталық арбитраждар күрделі және қарапайым, пайыздық болып бөлінеді.Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады

Наши рекомендации