Бақылауға арналған сұрақтар
1.Халыққа қызмет көрсету өрістерінің ерекшеліктері мен салалар құрамына сипаттама беріңдер.
2.Жалпы білім беру мектептерінің дамуын болжау мен жоспарлау кезінде қандай көрсеткіштер пайдаланылады?
3.Жоғары және орта білім беруді болжау мен жоспарлаудың ерекшеліктері қандай?
4.Келешекке мамандарды даярлауды жоспарлаудың негізі не болып табылады?
5.Халыққа медициналық қызмет көрсетудің дамуын қандай көрсеткіштер сипаттайда?
Тақырып. ҒТП пен мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруын жоспарлау.
Дәріс мақсаты:Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және ҒТП көрсеткіштерін жоспарлауды әзірлеу әдіснамасын меңгеру
Негізгі сұрақтары:
9.1 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
9.2 ҒТП көрсеткіштер жүйесі және жоспарларды әзірлеу әдіснамасы
9.3 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру механизмдері мен жоспарлық негіздері
Ылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары және жоспарлауда оларды есепке алу
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, экономиканың құрылымын жетілдіру, экономикалық өсуді қамтамасыз ету және әлеуметтік міндеттерді шешудің негізгі құралы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) болып табылады. Ғылыми-техникалық прогресс-бұл қоршаған орта туралы ғылыми білімді алу мен жинаудың және өндірісін ұйымдастыру нысандары мен технологиялық үдерістерді, еңбек заттары мен прогрессивті құралдарды жасау мен ендіру, олардың негізінде қолданыстағыларын жетілдірудің үздіксіз үдерісі. ҒТП бірқатар бағыттары бар «ғылым-өндіріс» циклі ретінде қарастырылады.
Іргелі зерттеулер. Бұл бағыттың мақсаты-табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы жаңа білім алу және олардың негізінде өндірісті ұйымдастыру, экономика, техника прогресінің жаңа жолдарын табу. Іргелі зерттеулер нәтижесінде болжамдар, теориялар пайда болады. Зерттеушілер еңбегінің өнімі, іргелізерттеуді атқарушылар мен ұжым қызметінің нәтижелері жаңалыққа, өнертабысқа авторлық куәліктерде, монографияларда, мақалаларда, оқулықтарда, оқу құралдарында, есептерде, ұсыныстарда көрсетіледі, ғылымның одан әрі дамуы, жоғары білімі бар мамандарды, білгіліктілігі жоғары мамандарды (ғылым кандидаттары мен доктарларын) даярлау үшін, қолданбалы жоспарда-алынатын нәтижелерді заттандыру мүмкіндігін анықтау мақсатымен қолданбалы зерттеулер сатысында ұсыныстар мен идеяларды одан әрі дамыту үшін пайдаланылады. Іргелі зерттеулер Ғылым академиясының институттары және мемлекеттік университеттер, салалық ғылым-зеттеу институттары және елдің ЖОО-ларының құралдары және күштерімен жүргізіледі.
Іздеу зерттеулері. Бұл оның дамуының қазіргі кезеңінде қоғам үшін қызығушылық тудыратын идеяларды таңдау жөніндегі, яғни экономиканы сәйкес салаларында іс жүзінде қолданудың нақты жолдары мен техника-эконоикалық мүкіндіктерін, өнім өндірісінің олар үшін мүлдем жаңа тәсілдері мен құралдарын табу жөніндегі зерттеулер. Бұл жұмыстардың түпкі нәтижесі нақты сиптта болып, есептер, техникалық құжаттамалар, тәжірибелік үлгілердің макеттері түрінде беріледі.
Қолданбалы зерттеулер. Бұл бағытта жаңа техника, технологя немесе өнімді жасау мүмкіндіктері туралы ақпарат пайда болады, теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізіледі, бұйымның нақты үлгісінің схемасы жасалады.
Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар. Жаңа өнімді өндіру үшін қондырғы немесе тәжірибелік үлгі жасалады, сәйкес құжаттама дайындалады.
Игеру және өндіріске ендіру. Жаңа бұйымды өндіру технологиясы кәсіпорын жағдайына икемделеді. Жобалық, құрылыс-монтаждық және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір саты арнайы міндеттермен, оларды шешудің ерекше тәсілімен, қатысушылардың белгілікті құрамы және біліктілік деңгейімен, белгілікті еңбек құралдары және заттарын таңдаумен, материалдық және қаржы ресурстарымен, орындаушыларды біріктірудің және олардың қызметін басқарудың түрлі нысандарымен сипатталады.