Туристтiк пакеттiң құрылымы. Жалпы туристтiк өнiм сипаттамасы.

Туристік пакеттің құрамында міндетті базалық элемент бар: Олар:

• Туристік орталық;

• Көлік;

• Орналастыру орындары;

• Трансфер;

Туристік орт- туристік пакеттің базалық элементі болып табылады.

Жалпы туристік өнім – туризм саласындағы өндірілген(тұтынылған) тауарлар мен қызметтердің жинақталған көлемі. Құндық сипаттамады туристік өнім 2 әдіс арқылы бағаланады.

 Туристік шығынның сомасы ретінде;

 Туристік өнімді өндіруге кететін шығынныңм сомасы ретінде;
54. Туризмдегі стандартизация. Туристтiк қызметтердiң сертификациясы.

Стандарттау – нормалар, ережелер және талаптар бойынша орнатылатын қызмет: оның мақсаты өнім қауіпсіздігін, жұмыс және қызметпен қоршаған ортаны, тұтынушының өмірін, денсаулығын және мүлігін қамтамасыздандыру; техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуын; өнім сапасын; ғылым, техника және технология деңгейінің дамуына сәйкес жұмыс және қызмет; өлшемдердің бірігуі; ресурс түрлерінің барлығын үнемдеу; табиғи және техногенді апаттардың туындау мүмкіндігін ескере отырып шаруашылық нысандарын қауіпсіздендіру; елдің қорғаныс қабілетін және мобильдік дайындығын қамтамасыздандыру.

Қазіргі уақытта стандарттау мақсаттары оның екі бірдей маңызын көрсетеді. Бір жағынан басты мақсаты – бұл қауіпсіздік бойынша міндетті талаптарды орнату, техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуы және шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі, ал екінші жағынан — өнімнің тұтынушылдық көрсеткіші бойынша оның сапасын жоғарылату негізінен кепілдемелер жасау және ресурстарды үнемдеу.

Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға Қазақстанның мемлекеттік стандарттары жатады; стандарттау бойынша нормалар, ережелер және кепілдемелер; ортаққазақстандық техника-экономикалық ақпараттарды топтастырушылар;салалармен кәсіпорындар стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және де басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Туристік және қонақүйлік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ол жүйе туризм және қонақүйлік менеджмент саласында мақсаттармен тапсырмаларды анықтайды, негізгі ұстанымдарды және жұмыс ұйымдастырылуын, нормативті құжаттардың санатын, стандарттардың түрлерін және халықаралық ынтымақтастық бойынша негізгі шарттарды. Туристік қызмет көрсету өрісінің стандарттау мақсаты көрсетілген сапа деңгейімен және турөнімнің немесе жеке туристік қызметтің тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, туристік өнім тұтынушыларының мүдделерін нарықтағы ізгіліксіз бәсекелестіктен қорғау.

Халықаралық және отандық машықтануда стандарт деген сөз астында стандарттау бойынша нормативті құжат деп ұғамыз, ол келісім негізінде жасалады, маңызды сұрақтар бойынша мүдделі жақтардың басым бөлігінің қарсылық тудырмайтыны жайлы мінезделеді (өндіруші және тұтынушы), мақұлданған органмен бекітілген және қолдануға міндетті.

Стандарттың нысаны болып: қызмет көрсетудің қызмет көрсетуші өндіріс үдерісі, немесе оның қорытындысын стандарттауға жатады

Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға ортақ қазақстандыру топтастырулар жатады, оларды жетілдіру және қолдану тәртібі Қазақстанның Мемлекеттік стандартымен бекітіледі. Стандартты жетілдіру кезінде халықаралық стандарттар ұйымымен қабылданған стандарттар ескертіледі және аймақтық стандарттар, Біріккен Ұлттар Ұйымының комиссиясының Еуропалық заңнама ережелері және басқа халықаралық ұйымдардың, сондай – ақ басқа елдердің ұлттық стандартары.

Туризм және қонақ үй өрісіндегі стандарттау базасын қазіргі уақытта келесі заңдармен мемлекеттік стандарттар құрайды:

1) Туристік экскурсиялық қызмет көрсету сервисін стандарттау. Негізгі бағыт.

2) Туристік қызметтер. Жалпы талаптар.

3) Туристік экскурсиялық қызмет көрсетулер. Туристік қызметтерді жобалау.

4) Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап ету.

5) Тұрғындарға қызмет. Терминдер мен анықтамалар.

6) Қызмет сапасын қамтамасыз ету моделі.

7) Туристік қызмет. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.

8) Қонақ үй классификация жүйесі және басқада орналастыру құралдары.

Туристтiк кәсiпорынның функционалдық құрылымы. Кәсiпорынды басқарудың ұйымдық құрылымдарының ұғымы және түрлері

Бұл құрылымдар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі құрылым шет ел нарығында турөнімнің сатылуы мен таралуын анықтайды. Сыртқы құрылым Қазақстан Республикасында броньдау, сапалы қызмет көрсету сонымен қатар шет ел туристерәне қызмет көрсету.

Туристтік агенттіктің функциялық құрылымы өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттемелермен анықталады.

- Жергілікті нарықта турөнімнің жылжуы. Турагенттердің сауда нарығындағы жарнамасы және оның жылжуы;

- Жергілікті шарттарға сәйкес турөнімнің бейімделуі. Қонақ үйдің броньдалуы, жолсапарларды ұйымдастыру;

- Клиенттермен қарым-қарынас. Мүмкін болатын тұтынушыларды іздеп оларға ұсынылып отырған тур өнім жайында ақпарат беру;

- Клиентпен келіссөздер. Келіскен жағдайда нақты мәліметтерді алу. Клиент өтінішін туроператорға растауға беру;

- Турөнімді сату. Броньдау растамасы келгеннен кейін клиенттен аванстық немесе тур өнімнің толық құнын алу, келісім шартты толтыру, виза мен мен загранпаспортты дайындау;

- Тур өнім үшін туроператорға берілетін құн. Сатылған тур өнім туралы туроператордық айлық есептік есеп беруі;

- Клиентті ақпараттандыру шет елге кету мерзімін, орнын, уақытын, рейстердің нөмірін, сақтандыру шарттарын және басқа да керек ақпараттарды жеткізу. ;

- Дат жұмыс. Шет елге кеткен туристердің қызмет көрсетудегі қанағаттанбауы мен өтініштерін қарап, оларға шараларды қолдану.

Жоғарыда айтылған қызметтерді орындау үшін туроператорлар мен турагенттіктер көрсетілген талаптарға сай өз құрылымдарын құруы қажет. Айтылған мақсаттарға басшылық туризм және сервис индубетиясы арасында, сонымен қатар мекемелер арасында да бөлінеді.

Кәсіпорынды басқару құрылымында сервис сферасы мен туризм ферасы ұқсас және тығыз байланысты түсініктер

Нақты құрылым басқармаларына әсер етеді:

- кәсіпорынның көлем және құрылымына сәйкес. Біріншісі басқарушылық құрылымның «жоғары» немесе «төмендігін», екіншісі функционалдық немес дивизионалдық түрін анықтайды.;

- технологиялық фактор. Адамды әрдайым қажет етпейтін, жалпыға бірдей автоматтандыру шарттарына сәйкес құрылымды басқару әлдеқайда жеңіл болады.;

- экономикалық фактор. Мысалы ұқсас түрлердің бір бөлімшеге топтастырылып жиналуы, басқару бірнеше орталыққа қарағанда бір орталыққа бағынуы, осылайша шығындарды біршама азайтуға болады;

- адами фактор – адамның әлеуметтік құрылымына және адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Егер кәсіпорында арнайы білімі бар мамандар жетіспесе, өзге бөлімше құру немесе лауазым алу, тіпті оларға нақты қажеттілікті түсінген жағдай да да жеткіліксіз;

- табиғи факторлар — географиялық немесе табиғи-климаттық. Мысалы, бөлімшелердің аумақтық ыдыраңқылығы, онық орталық басшылығынан байланыссыздығы, жұмыс шартының қысылшаң мінезі және т.б.

Ұйымдық құрылымды жетілдіруде 3 негізгі кзеңнен өтеді:

Бірінші кезең — кәсіпорын құрылымын анализдеу, шақыруды тағайындау, талаптарға сәйкес келу, сапасын сипаттайтын белгіленген бағалық өлшемге шаралардың қолдануы.

Екінші кезең — Кәсіпорын құрылымын жобалау.

Үшінші кезең — Кәсіпорын құрылымының тиімділігін бағалау.

Ақыр соңында жұмыс басқармасының өндірістік құрылымының жобасы оны жетілдіру бағыттарын түйіндейді, ұйымның басқару қызметіндегі тиімділіктің жоғарылығын санына байланысты ажыратады.

56.ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасының мақсаттары.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:

· Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы;

· Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының едәуір арту әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;

· туризм индустриясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі:

· кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту:

· «жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету болып табылады.

Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланың даму шарттарын қамтамасыз ету үшін экономиканың басымдықты секторларының бірі ретінде қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру және қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру қажет.

Наши рекомендации