Мемлекеттік бәсекелік ортаны қалыптастыру. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативтік құқықтық аспектілері
I билет пен 21 билет
ЭМР дің объективті қажеттілігі мен оның мәні
ЭМР әлеуметтік шаруашылық процестердегі олардың тиімді пайдалану мақсатында макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әкімшілік экономикалық және ұйымдық құқықтық негізде араласуын білдіреді. Экономиканы реттеу әдетте екі жағдайда жүзеге асады: өзін өзі реттеу және мемлекеттік реттеу. Өзін өзі реттеу әдісі қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктерін соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді . ЭМР бұл макроэкономикалық тепе теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір кезеңінде оның ұдайы дамуына әсер ету үшін сондай ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субьектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және субьекті қолдау процесі . Мұндай реттеудің қажеттілігі мемлекеттік тарапынан түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптас тыру мен факторлары және оның әлеуметтік бағытталуы
Экономикалық саясат дегеніміз ұлттық экономиканың қалпын елеулі мәселелерді шешу жолдарын ұсынуды көрсетеді. Экономикалық саясаттың негізгі бөлігін мемлекеттік экономикалық саясат құрайды. Ол макро және микро деңгейдегі шаруашылық барысына мақсатты түрде әсер ету. Оған әлеуметтік қорғаныс , сыртқы жағдай, экология т.б. жатады. Экономиканы басқару әлеуметтік экономикалық жоспарлау және бағдарламалау арқылы жүзеге асады. Жоспарлау экономиканы реттеудің бір бөлігі болып табылады. Болжау дегеніміз белгілі бір обьектінің болашақтағы жағдайы даму жолдары туралы ғылыми талдау.Кез келген экономикалық әдіс әкімшілік шешім құралы арқылы іске қосылады және мемлекеттік органдардың бақылауында болады.Факторлары : Халық шаруашылығының басқарудағы теңдестік орнату. Экономикалық мәселелерді шешудің әдістері мен жолдарын таңдау. Жалпы экономикалық шешімдердегі жан жақтылықты анықтау.
Мемлекеттік бәсекелік ортаны қалыптастыру. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативтік құқықтық аспектілері
Бәсекелестік өндірушілердің тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың сұранысын жаулап алу мақсатындағы күресі. Бәсекелестік қатынастар кез келген экономикалық жүйеге тән қасиет болып табылады. Майкл Кортердің Халықаралық бәсеке атты еңбегінде қалыптасқан теориялық ұстанымға сәйкес экономиканың бәсеке қабілеттігінің негізгі төрт сатысы арқ. Көрсетіледі. Кортердің теориясы бой.ша ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігінің төрт саласы: өндіріс факторлары негізінде бәсеке . табиғи ресурстар ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай жасалынады.Инвестиция негізіндегі бәсеке . Бұл сатыда экономиканың бәсекелестік артықшылығы ұлттық фирмалардың инвестициялауға дайындылығы қабілетіне негізделеді. Қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамуына алып келеді. Жаңартпа енгізу негізінде бәсекені дамыту . Факторлардың кем болуы және жетіспеуі өндіріске жаңа технологиялардың ендіруді ынталандырады. Осылайша бәсекеге қабілеттігінің өсуі байқалады. Байлық негізінде бәсекенің ерекшелігі : бәсеке нәтижесінде өндіріс құлдырайды. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері. Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты – кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасынан бөлек, басқа да салалық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдаулар жүзеге асуда.Ел Президенті биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті, яғни ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау әрі шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге арттыруды міндет етті. Отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру үшін қажетті барлық шараны қабылдау керектігін де алға тартты. Демек, жалпы кәсіпкерлік саласындағы бастамаларды ынталандырудың жаңа жүйесі жасалатыны анық.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әртүрлі аспектілері бірнеше нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі. Кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету, қаржылай жәрдемдесу, салаға қатысты заңнамалық базаны жетілдіру болып табылады.
II Билет пен 22 билет
1. Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясаттың әдісі ретінде. Салық саясатын қалыптастыру принцптері , негізгі құралдары, салық жеңілдіктері, салық несиелер, жеделдетілген амортизация.
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Мемлекеттік салық саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.Салық жүйесі - 1) бюджеттен тыс қорларды қаржыландыру үшін қолданылатын салықтардың, алымдар мен төлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды белгілеу, өзгерту, күшін жою, оларды төлету шараларын қолдану, салықтық бақылауды жүзеге асыру, салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту және жауапкершілік шараларын қолдану қағидаларының, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сондай-ақ салық қатынастарын реттейтін салық қызметі органдарының жиынтығыЖеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер капитал салымдарын ынталандырады. Олар ең алдымен жаңа, әсіресе әскери салымдарға әсер етеді, экспортқа жұмыс істейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырадыБүгінгі таңда салық құқығында классикалық принциптерге айналған принциптерді белгілі экономист Адам Смит ұсынған болатын. Ол төмендегі принциптер:
— мемлекеттің тұрғындары өздерінің табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін атсалысуға тиіс;
— әркім төлейтін салықтың мөлшері нақты айқындалған болуы тиіс. Салықты төлеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет;
— салықты алу кезеңі мен уақыты немесе тәсілі салық төлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуы тиіс;
— әрбір салықтың салмағы халықтың қалтасын ойсыратып ктпей, мүмкіндігінше аздап алынуы қажет. Сонда мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерленген межеден артық болмаса, кем түспейді.