Бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасын бұзу
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құкылык норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылыкта болмайды.
Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәселесі бар жауаптылыктың түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметгік мазмұнынын өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылыктың мазмұны (теріс қылыққа моральдык саяси баға беріп мінеу және мемлекет, коғам тарапынан) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Жер құқық бұзушылықты қылмыстық құқықтық жауапкершілік қоғамға қауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс - әрекет орын алғанда көрініс табады.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет жср қатынастар аясына бір мезгілде жер немесе қылмыстық заң нормаларын бұзады.
Қылмыстық ж ауапкершілікке тартылу үшін қылмыстық құрал болу керек.
13-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
329-бап. Атмосфераны ластау
330-бап. Теңiз ортасын ластау
331-бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу
332-бап. Жердi бүлдiру
333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
335-бап. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу
337-бап. Заңсыз аңшылық
338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу
343-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау
332-бап. Жердi бүлдiру
1. Жердi өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн ынталандырғыштарды немесе өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтi немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.