Бизнес-жоспардың мазмұны
Бизнес-жоспар жасауда төмендегі сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн:
• Сізге қанша құрал қажетті?
• Сізге берілген ақша қалай жұмсалады?
• Сіз өз өніміңіз немесе қызметтеріңізді қай жерде және қалай сатпақшысыз?
• Өз инвесторларыңызға ақшаны қалай қайтармақшысыз?
Бизнес-жоспардың мынадай бөлімдері болуы керек:
1. Қысқаша сипаттамасы.Бұл бөлім екі беттен аспайды, онда бизнес-жоспардың қысқаша мазмұны берілу керек:
• бизнестің сипаттамасы;
• басқару;
• негізгі қаржылық көрсеткіштері;
• инвестицияның қажеттілігі.
2. Компания.Бұл бөлім осы шақтағы компанияның қызметінің толық сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясын көрсету керек:
• компанияның тарихы;
• ағымдағы іскерлік;
• іс жүргізу стратегиясы.
3. Істің саласы.Саланың шолуы нарықтың өлшемі жайында ақпараттарды, осы өнеркәсіптік сала нарығының негізгі қатысушыларын, осы саланың даму тенденциясын қамту
керек. Компанияның жетекшілері осы саланы және компанияның дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну керек:
• өнеркәсібі;
• жетістікке жетудің сыни факторлары;
• басқа факторларын бағалау.
4. Өнім немесе қызмет көрсету.Компанияның өнімін немесе қызметтерін сипаттау. Сіздің компанияңыз ұсынатын өнімдердің немесе қызметтердің арасындағы айырмашылығына
және бәсекелестеріңіз ұсынатын баламаларына ерекше көңіл бөліңіз:
• өнімдер немесе қызметтер;
• өнімді немесе қызметті салыстыру.
5. Маркетинг.Бұл бөлімде өз бизнесіңіздің нарықтық мүмкіндіктерін анықтап, бағалаңыз: өнімге деген қазіргі және потенциалды сұранысты анықтаңыз, кәсіпорынның күшті және
әлсіз жақтарына және бәсекелестерге нақты және шынайы баға беріңіз. Дұрыс болжамдарға сүйене отырып, өз өніміңіз бен қызметтеріңізге деген потенциалды қажеттіліктерді бағалаңыз.
Есеп «нарықтық тетіктерге» сезімталдықты және сыртқы ортадағы өзгерістердің сіздің бизнесіңізге әсерін көрсету керек. Талдау жүргізу барысында мүмкіндігінше нарықты зерттеуге
сүйенгеніңіз жөн болады.
• клиенттеріңіз;
• бәсеке;
• сіздің компанияңыз.
6. Өндірістік іскерлік.Бұл бөлімде материалдық-техникалық құралдарды, орналасатын жерге және қондырғыларға деген қажеттілікті және компанияның мақсатына жетудегі
керекті еңбек ресурстары сипатталуы керек. Техникалық сұрақтардан аулақ болыңыз:
• мүлік пен қондырғы;
• өндіру немесе қызмет көрсету.
7. Басқару.Сіздің кәсіпорыныңыздағы басқарушы құрамымен жұмыс істейтін негізгі адамдардың тапқырлықпен ерекшеленетінін және бизнесті сәттілікпен жүргізе алатынын
көрсетіңіз:
• негізгі жетекшілері;
• ұйымның құрылымы мен бақылауы.
8. Инвестицияға деген қажеттілік.Бұл бөлімде компанияның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін керекті қосымша қаржылар бағаланады. Барлық есептеулер мен болжамдалатын сомалар мұқият құжатталып, «Қаржы» бөлімінде келтірілген мәліметтеріне сәйкес болуы керек. Егер сізге инвестициялар қажет болса, онда осы жерде жариялауға болады.
Инвестициялардың қажеттігі. Мүмкін болса, келесі сұрақтарға жауап беру үшін қаржылық болжауларды қолдануыңызға болады.
• Сырттан қаржыландырудың қандай көлемі сізге керекті?
• Компанияның басқару персоналының жеке қаржылық міндеттемелері қандай?
• Үлестік қатысу мен несиемен қаржыландырудың керекті қатынасы қандай?
• Инвестициялар қалай қолданылады?
• Несие берушілерге ақша қашан және қалай қайтары-лады?
9. Қаржы.Бұл бөлімде бүкіл бизнес-жоспардың дәлелденуі жүргізілу керек. Жорамалдаудың негізіндегі қаржылық болжамдардың керектігі болжамдардың өзінен кем түспейді. Мөлшерлеп өз болжауларыңызды керекті құжаттармен келістіріңіз. Барлық қаржылық құжаттар теңге және сол сияқты доллар түрінде келтірілуі қажеттігіне көңіл бөліңіз.
Болжамдаған айырбас курсын әр кезең бойынша көрсетеді:
• алдыңғы кезең бойынша қаржылық құжаттар;
• болжамдалатын қаржылық құжаттар;
• болжамдау.
Бақылау сұрақтары
1. Жоспарлау түсінігі және қажеттілігі дегеніміз не?
2. Жоспарлау мен бюджеттеудің өзара байланысы және айырмалышылықтарын атаңыз?
3. Жабдықтау бюджетін сипаттаңыз?
4. Өндіріс бюджеті дегеніміз не?
5. Сату бюджеті дегеніміз не?
6. Өндірістік қаржылық нәтижелерді атаңыздар?