Лшеу құралдарын сынау
Қазақстан Республикасының аймағында сериялы өндірілетін немесе Қазақстан Республикасы аймағына партиямен енгізілетін өлшеу құралдарының типі бекітуге жатады.
Өлшеу құралдарының типін бекіту туралы шешімді типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын сынаудың дұрыс нәтижелерінің негізінде техникалық реттеу және метрология бұдан әрі уәкілетті орган жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды және 5 жыл мерзімге типін бекіту туралы сертификатпен расталады
Бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын сынау типті бекіту туралы сертификаттың мерзімі аяқталғанда жүргізіледі, сондай ақ типті бекіту туралы сертификатың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайда жүргізіледі:
- мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде іске асырылған тексерулердің теріс нәтижелері;
- құқық қорғау органдарының жазбаша талаптары;
- бекітілген типтегі өлшеу құралдарының модификациялары.
Шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін мойындау және өлшеу құралдарының типін бекіту, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сәйкес халықаралық келісімдер негізінде уәкілетті органдармен іске асырылады.
Сынақ нәтижелері және типті бекіту мойындалған өлшеу құралдарына сертификат беріледі.
Бекітілген типтегі өлшеу құралдарын модифиациялау кезінде бекітілген типке сәйкестікке сынақ нәтижелері бойынша уәкілетті органмен өлшеу құралдарының жаңа типін бекіту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Егер мұндай шешім қабылдау үшін жүргізілген сынақтар көлемі аз болса, типті бекіту мақсатында қосымша сынақтар жүргізу туралы шешім қабылданады.
Егер модификациялау кезінде жаңа типті бекіту талап етілмесе, қажет болған жағдайда типтің сипаттамасына және салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес өзгерістер енгізіледі.
Типі бекітілген өлшеу құралдарына және өлшеу құралдарының әр данасын сүйемелдейтін пайдаланылатын құжаттарға пішін және көлемдер бойынша өлшеу құралдарының типін бекітетін белгі қойылады.
Егер өлшеу құралдарына белгіні қою конструкциясының өзгешілігіне байланысты тиімді болмаса, белгіні өлшеу құралдарының әр данасын сүйемелдейтін пайдалану құжаттарына қоюға болады.
Өлшеу құралдарының бекітілген типі және бекітілуі мойындалған өлшеу құралдарының типі Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
Өлшеу құралдарының типін бекіту туралы ақпарат уәкілетті органның ресми басылымдарына жарияланады.
Типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарына сынақтар жүргізуді, сондай ақ сынау нәтижелерін тану процедурасын жүргізу кезінде сараптау және өлшес құралдарының типін бекітуді келісім шарт негізінде мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық бұдан әрі МҒМО жүргізеді.
Уәкілетті органмен келіскен жағдайда, олармен бар қажетті құжаттар және өлшеу құралдарының үлгілері берілсе, және де оларға осы стандарттың тармақтарында жүктелген міндеттемелер орындалған жағдайда өтініш берішу ретінде осы өлшеу құралының жасаушысы немесе уәкілетті өкілі болмаған жағдайдың өзінде өтініш беруші бола алады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бекітілген типті өлшеу құралдарын модификациялау кезінде іске асырылған тексерулердің теріс нәтижелері жағдайында жүргізілетін бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын сынауды, өлшеу құралдарының типін бекітуге ынталы болып табылатын өтініш беруші төлейді.
Құқық қорғау органдарының жазбаша талаптары бойынша жүргізілетін бекітілген типке сәйкестікке өлшеу құралдарын сынауды, құқық қорғау органы белгілеген тұлға төлейді.
Өлшеу құралдарын өндіруші болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған жағдайда, оның атауына байланысты үйлесу, қосылу, бөліну немесе қайта құру түрінде, типті бекіту туралы сертификаттың немесе өлшеу құралдарының типін бекітуді мойындау туралы сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға еркін пішінде қайта рәсімдеу себептерін көрсетіп және көрсетілген қайта құруды растайтын сәйкес құжаттармен қоса өтініш беруі тиіс.
Қазақстан Республикасының аймағында өндірілетін өлшеу құралдары үшін, қайта құру кезінде типті сипаттауда ресімделеді, ол үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа өлшеу құралының жаңа өндірушісінің атауын көрсетіп типті сипаттаудың жобасы ұсынылады.
Сертификатты қайта ресімдеу кезінде ертеректе берілген сертификат номері, тіркеу нометі және сертификаттың қолдану мерзімі сақталады.
Өндірушінің ертеректе бекітілген типке өзгерістер енгізген немесе енгізгісі келген жағдайда, өлшеу құралының типін бекітудің бастаушысы болып табылатын өтініш беруші уәкілетті органға сәйкес ақпаратты жіберуі тиіс.