Ақырыптың мазмұны. 9 страница

Американдықтарды ішкі нарықтың келешегі ғана емес, сонымен қатар қолда бар күштерді барынша пайдаланып, шетел инвесторларына алғашқыда құрал-жабдықтарды түп-тамырымен жаңартуға асықпауға мүмкіндік берген, фабрикада орнатылған салыстырмалы жаңа технологиялық құрал-жабдықтар қызықтырды.

1994 жылы көктемінде жетекшілік өнімнің бәсекелестік қабілетсіздігінен өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды. Барлығын арзан және заңсыз импорт толтырды. Марк Дюрсттің салық салу, акциз және басқа да мәселелерді шешу үшін премьер-министрмен, тіпті президентпен кездесулері қажет болды. «Филипп Морристің» билік жағынан заңсыз импорттан қорғауының бірте-бірте күшеюіне үміті ақтала бастады. 1994 ж. АШК 12 млрд темекі бірлігін, 1995 ж.-13 млрд., 1996ж.-13,855; 1997ж.-17, 397 млрд темекі бірлігін шығарды. Бүгінде компания жаңа өндірістік корпустар болып, темекі бірліктерін жылына 25 млрд көлемге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Темекі фабрикасы акциясының мемлекеттік пакетін сатудың басты себебі не?

2. Шетелдік инвестициялаудың аталмыш әдісі қаншалықты тиімді болды?

3. Жеке жобалар бойынша Қазақстанның ірі және әмбебап объектілерінің жекешелендіру процесі жайлы сіз не ойлайсыз?

Әдістемелік ұсыныстар. Семинар дайындықты ең алдымен статистикалық жинақтар мен нормативтік актілер мәліметтерін талдаудан бастау керек.«Экономикалық теория» курсынан әміршілдік-әкімшілдік және нарықтық экономиканың мәнін тағы бір рет қайталаңдар, орталықтан жоспарлау мен мемлекеттік реттеу арасындағы айырмашылықты айқындаңдар. «Макроэкономика» курсынан «Ұлттық шоттар жүйесі» тақырыбын қайталаңдар. Дұрыс шешім қабылдау үшін ертеректе өткізілген ремормалар нәтижелерін нақты білу қажет болғандықтан, ҚР экономикасын реформалау кезеңдері мен нәтижелеріне баса назар аударыңдар.

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Бірінші топтың ауыспалы қарым-қатынасының қозғалысы... байланысты:

A) бөлінудің тереңдетілуі мен еңбек кооперациясының тереңдеуімен;

B) жеке мешік фирмаларының ауысуымен;

C) әлеуметтік ортада қайта құрылуымен;

D) саясаттық ортада қайта құрылуымен;

E) барлық жауаптар дұрыс.

2. Ауыспалы экономикада мемлекеттік функцияның (Ғ) қосылымы болып табылады:

A) топтық экономика жағдайындағы мемлекеттік функция;

B) бұрынғыдан бас тарту және жаңа құқықтық ортаны құруға байланысты функциялар;

C) нарықтық экономиканы реттеу функциялары;

D) бұрынғыдан бас тартқан жаңа нарықтық ортамен байланысты функциялар;

E) барлық жауаптар дұрыс.

3. Трасформация мультипликаторы ретінде басшылық рөліне қосылмайды:

A) бюрократияландыру деңгейі;

B) басшылық құзыретінің деңгейі;

C) биліктің монополияландырылу деңгейі;

D) басшылықтың қызығушылық деңгейі;

E) барлық жауаптар дұрыс.

4. Мемлекеттік қадағалаудың функционалдық жүйесінің негізгі бағыттарына жатпайтындар:

A) мемлекеттік реттеудің ғылыми қамтамасыз етілуі;

B) күнделікті басшылық;

C) нарықтық өзіндік реттеу әдістерімен қолданылатын мемлекеттік реттеу әдістерін өңдеу, қолдану, түзету;

D) кадрларды топтау;

E) барлық жауаптар дұрыс.

5. Ауыспалы кезеңде мемлекеттің реттеу және жұмылдыру рөлінің күшеюіне қосылмайды:

A) ахуалдық мемлекеттік басқарудан бағдарламалық-мақсаттық және стратегиялық басқаруға ауысу;

B) адамның азаматтық және жеке бостандық базаларын шектеу;

C) жеке меншікті мемлекеттік қорғау;

D) барабар құқықтық база құру;

E) бұзақылықпен күресудің басым бағыты.

6. Фиасконың негізгі факторларына, мемлекеттік реттеудің тиімсіздігіне... жатқызылады:

A) ақпараттың жетіспеушілігі мен оның құртылуы;

B) салық салудың артықшылығы немесе жетіспеушілігі;

C) билікті шамадан тыс қолдану;

D) уақытша лагтардың болуы;

E) барлық жауаптар дұрыс.

7. Топтық экономиканың трансформация ұстамдылығынан нарықтығына жатады:

A) салық салу жүйесінің ұстамдылығы;

B) экономикалық дағдарыстың тереңдетілуі;

C) әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі;

D) аномия мәселелері мен «тосын жағдайлар» эффектісінің күшеюі;

E) барлық жауаптар дұрыс.

8. Экономикада әлеуметтік тұрақсыздықтың күшею факторларына жатпайды:

A) қоғам стратификациясы;

B) кіріс деңгейінің көпке артта қалуы;

C) үйшаруашылығы қоры инвестицияларының жоғарғы деңгейі;

D) қоғамдық көзқарастар поляризациясы;

E) барлық жауаптар дұрыс.

9. Дағдарысқа қарсы басқару кезеңдерінің обьективті шекараларын белгілеудің:

A) стратегиялық және ахуалдық мақсаттар ауқымы мен сипаты;

B) экономикаға мемлекеттің араласу деңгейі;

C) бәсекелестік пен бәсекелес ортаның болуы;

D) барлық жауаптар дұрыс;

E) барлық жауаптар дұрыс емес.

11-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРЛІК ІС- ҚИМЫЛ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЛААРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты: Экономиканы мемлекеттік басқару түсінігін анықтау, экономика саласындағы мемлекеттік басқару рөлін қарастыру, әлеуметтік қатынастар саласын және әлеуметтік-мәдени саланы мемлекеттік басқару міндеттерін және жағдайын білу, әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару және саларалық мемлекеттік басқару жолдарымен танысу

Дәріс жоспары

1. Экономика саласындағы мемлекеттік басқару.

2. Әлеуметтік қатынастар саласын және әлеуметтік-мәдени саланы мемлекеттік басқару.

3. Әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару.

4. Саларалық мемлекеттік басқару

Негізгі түсініктер:экономиканы мемлекеттік басқару, экономикадағы мемлекеттің рөлі

Тақырыптың мазмұны:

1.Экономиканы мемлекеттік басқару өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылысты, көлікті, қаржы мен бірсыпыра мәселелер бойынша экономикаға (мысалы, экология) жанасатын, кейбір өзге де қатынастарды басқару болып көрінеді. Экономика аясындағы мемлекеттік басқарудың басты міндеті – материалдық өндірістің өсуі мен өнімдер өндіруді молайтуды қамтамасыз ету. Ақыр соңында, бұл олар мен олардың топтары арасындағы қоғамдық өнімді бөлу аса әртүрлі болса да, бай және кедей адамдар бар екендігіне қарамастан, адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жасалады. Экономиканы басқару үдерісі көптеген мәселелерді (шаруашылықтардың үйлесімділігін қамтамасыз ету, аз шығын жұмсай отырып, өндіріс пен қызмет көрсету тиімділігін арттыру) шешуді жорамалдайды. Бұған әртүрлі әдістермен, оның ішінде экономикалық (мысалы, мемлекеттің кейбір салалар үшін жеңілдіктер жасауы, соның нәтижесінде капитал салаға құйылады, аталған салалардағы өндіріс өседі) және әкімшілік (билік ету) әдістерімен (лицензия беру және беруден бас тарту, өндірушілерге, мысалы өнімдер сертификациясына қойылатын талап және т.б.) қол жеткізіледі.

Бұрындары мемлекеттің экономикалық қызметтері мен экономиканы мемлекеттік басқару жүйесінің жекелеген элементтері қарастырылған болатын. Алайда жалпы алғанда «экономиканы мемлекеттік басқару» неғұрлым кең түсінік және оны экономика саласындағы мемлекет қызметтерімен шектеуге болмайды.

Басқару адамдардың жалпы қоғамдық жүйесі мен оның жекелеген буындарына жүйелік, саналы және мақсатты ықпал ету процесін білдіреді. Оны тәжірибелік іс-әрекет процесі ретіндегі басқаруда қолданылатын тұжырымдамалар, теориялар мен қағидалар, тәсілдер мен формалар түріндегі реттелген білім жүйесі деп те қарастыруға болады.

Экономикадағы мемлекеттің рөлі төмендегі екі топтың біріне жатқызуға болатын оның қызметтерінде нақтыланады:

1. Нарықтың тиімді әрекет ету шарттарын жасау қызметтері;

2. Нарықтық реттеуіштер әрекеттерін толықтыру мен түзету қызметтері.

Бірінші топқанарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету қызметтері мен нарықтық ортадағы басты қозғаушы күш ретіндегі бәсекелестікті қорғау және ынталандыру қызметтерін жатқызуға болады.

Екінші топқа табыстарды қайта бөлу қызметі, ресурстардың бөлінуін түзету, экономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсімді ынталандыруды қамтамасыз ету қызметі жатады.

Экономиканың жұмыс істеуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, негізінен, әрекет етуші шаруашылықта заңнаманың қолданылуын бақылау және оған жеке түзетулерді енгізу жолымен жүзеге асырылады. Шаруашылық заңнамасы туралы сөз қозғағанда оның меншік құқықтары мен келісім-шарттарды сақтау кепілдіктерін нақты анықтап, коммерциялық банктер, биржалар мен инвестициялық қорлар сияқты нарықтық шаруашылық институттарының іс-әрекеттерін реттеу қажеттілігін айта кету керек. Шаруашылық жүргізудің құқықтық негізі тұрақты болуы тиіс. Шаруашылық заңнамасында тұрақты түрде айтарлықтай өзгерістердің болуы шаруашылық субъектілеріне ертеңгі күнге деген сенімсіздік тудыра отырып, экономикаға жағымсыз ықпал етеді. Сонымен қатар, ол қоғамдық өмірде болып жатқан кез келген объективті өзгерістерді бейнелеп, жаңа күн талаптарына сәйкес келуі керек. Осылайша, осы мәселеде шаруашылық заңнамасы тұрақтылығының талаптары мен экономиканың трансформациялануы кезеңінде әсіресе тереңдей түсетін оны жетілдіру қажеттілігі арасында объективті қайшылық туындайды.

Әлеуметтік өмірмен тығыз байланыс жасау барысында күрделене түсетін экономиканың басты мәселелерінің бірі – табыстарды бөлудегі теңсіздік мәселесі болып табылады. Халықтың табысын қайта бөлудің негізгі арналары – жеке табысқа үдемелі салық салу және трансферттік төлемдер жүйесі. Мұнда теңсіздікті азайтудағы басты рөлі трансферттік төлемдерге тиесілі. Салық үдемелігін арттыру мүмкіндіктері айтарлықтай шектеулі. Салық салудың үдемелігін айтарлықтай арттыру жоғары табыс алуға деген ынтаны төмендетеді, сол арқылы ұлттық экономиканың дамуына жағымсыз ықпал ететін капиталдың шетелге ағылуын ынталандырады.

Табыстарды қайта бөлу арнасы ретінде трансферттік төлемдерді пайдалану мүмкіндігі де шектеусіз. Жұмыссыздық бойынша немесе халықтың нашар қамтылған топтарына жәрдемақы төлеу көлемі мен ұзақтығын айтарлықтай арттыру еңбек етуге деген талапты төмендетеді, ал бұл экономика мен қоғамдағы әлеуметтік ахуалға жағымсыз ықпал етеді.

Табыстарды қайта бөлу саясаты халықтың жоғары және төменгі табысты топтары арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған (бірақ тек іскерлік белсенділікті бәсеңдетуге жағымсыз әсер етпейтін деңгейде ғана).

Нарықтық механизмдердің сыртқы әсерлерімен қатар жүретін өндіру туралы сөз қозғалғанда ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етпейтіні белгілі екенін айтпай кетуге болмайды. Мұндай жағдайларда мемлекет ресурстардың бөлінуін түзету қызметін атқарады. Осындай түзетулерді жүзеге асырудың дәстүрлі әдістеріне қоршаған ортаны ластауға тыйым салатын әкімшілік шектеулер мен стандарттар орнатуды, арнайы салықтар мен демеу қаржылар жүйесін, қоғамдық игіліктер өндірісін қаржыландыруды немесе олардың өндірісін тікелей басқаруды жатқызуға болады.

Мемлекеттік басқарудың тұрақтандырушы қызметі бюджеттік, фискалды және ақша-несие саясатының дәстүрлі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жерде мемлекет алдында аталмыш басқару әдістерін қолдануда «жұмсақтық» пен «қатаңдықты» тиімді үйлестіру мәселесі тұрады.

Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса өзекті мәселелердің бірі – экономикалық өсімді ынталандыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе фундаменталды ғылымды қаржыландыру өсімді ынталандырудың шынайы әрекет етуші жанама тетіктері болып табылатынын көрсетті, ол, өз кезегінде, ҒТП-ны жылдамдатуға, салық ауыртпалығын азайтуға (іскерлік белсенділікті арттыруға, техникалық прогресті ынталандыруға және инвестициялар өсімін ынталандыру құралы ретінде ақша-несие саясатын белсенді пайдалануға) оң ықпал етеді.

Мемлекет өзінің реттеуші қызметтерін әкімшілікжәнеэкономикалықәдістер көмегімен атқарады. Әміршіл-әкімшіл экономика үшін реттеудің әкімшілік шараларының басым болуы тән болып саналады. Ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі, керісінше, экономикалық әідстерді пайдалануға негізделеді.

Әкімшілік немесе тікелей реттеу әдістері шаруашылық субъектісін таңдау еріктігін шектейді. Мысалы, өндірілетін өнім көлемі мен ассортименті бойынша директивті жоспарлы тапсырмалар немесе тауарлар мен қызметтер, орталықтан бекітілген бағалар, жоспарлы экономикадағы әкімшілік реттеу әдістері ресурстардың баламалы пайдаланылуына жол бермейді. Ал мемлекеттік реттеудің экономикалық және жанама әдістері кәсіпкерлік таңдау еріктігін шектемейді. Мысалы, бизнеске салықты төмендету немесе есептік пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі өндірістің өсімі мен кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыруға бағытталған экономикалық реттеу әдістері болып табылады. Соңғылары басқа жол болмағаннан емес, өндірістік бағдарлама мен инвестицялық саясатты таңдауда толық ерікті болғандықтан капитал салымдары мен өндіріс көлемін арттырады. Салықтар мен есептік пайыз мөлшерлемесін төмендету, өндіріс пен инвестициялар өсімін бұрыңғыға қарағанда, неғұрлым тиімді етеді. Осылайша, экономиканы мемлекеттік басқарудың нарықтық тетіктері іскерлік белсенділікті ынталандыруға, азаматтардың еркіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Әкімшілік және экономикалық реттеу әдістері арасындағы айырмашылық белгілі кезеңге дейін шартты болып табылады. Кез келген жанама реттеуішті іске араластыру үшін мемлекеттік органдардың соған сәйкес алдын-ала әкімшілік шешімі қажет, мысалы, салық мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешім, Орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатуы барысында салық жеңілдіктерін ұсыну туралы шешім, бұл жағдайда кез келген экономикалық реттеуіштер әкімшіліктендіру сипатына ие болады. Сондай-ақ кез келген әкімшілік реттеуіш шаруашылық субъектілерін қандай да бір шараларды жүзеге асыруға тікелей мәжбүрлей отырып, тәуелді болып табылатын экономикалық процестерге жанама ықпал етеді. Мысалы, бағаның әкімшілік әдіспен көтерілуі олардың жаңа деңгейін тікелей анықтап қана қоймай, сондай-ақ бағалар арқылы сұраныс пен ұсыныс деңгейіне жанама ықпал етеді, сол себепті осы жағдайда кез келген әкімшілік реттеуіштер экономикалық, жанама реттеуіштерге тән сипаттарға ие болады деуге болады. Дегенмен де, жоғарыда қарастырып отырған өлшемдер, тәжірибеде, тәртіп бойынша, экономикалық әдістерді әкімшілік әдістерден еш қиындықсыз бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Оларды бөліп қарастыру экономикалық қатынастар табиғаты тұрғысынан маңызды болып табылады.

Әкімшілік реттеу әдістері нарық табиғатына қарама-қайшы болып көрінеді, олар сәйкес нарықтық реттеуіштер әрекеттеріне тосқауыл болады. Егер, мысалы, кәсіпорынға шығарылатын өнім көлемі мен шикізатты жабдықтау, мөлшерлеу директивті түрде анықталып берілген болса, онда ол өнім көлемін арттыру немесе кеміту жолымен нарықтық конъюнктура өзгерісіне әрекет ете алмайды. Әкімшілік реттеу әдістерінің әрекет ету саласы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым таралу саласы тар болып, нақты нарықтық қатынастар тиімділігі төмен болады.

Ал экономикалық реттеу әдістері, керісінше, нарық табиғатына бара-бар. Олар нарық конъюнктурасына тікелей әсер етіп, сол арқылы тауарлар өндірушілер мен қызметтер көрсетушілерге, тұтынушыларға жанама түрде ықпал етеді. Мысалы, трансферттік төлемдердің артуы сұранысты арттыра отырып, тұтынушылық тауарлар нарығының конъюнктурасын өзгертеді, ал, ол өз кезегінде, бағаларды көтеріп, тауар өндірушілерді ұсыныс көлемін арттыруға мәжбүрлейді. Экономикалық басқару әдістері, осылайша, нарықтық механизмдер арқылы нарыққа ықпал етеді.

Алайда, мемлекеттік реттеу тек әміршіл экономика шеңберінде ғана жүзеге асады деп есептеу қате болады, керісінше, нарықтық экономика шеңберінде мемлекеттің реттеуші рөлі одан да көбірек қажет бола бастайды. Нарық жағдайында мемлекеттің алдына мынадай күрделі мәселе қойылады: біріншіден, ол экономикалық тетіктер көмегімен нарықтық жүйенің қызмет етуіне жағдай жасап, оны жеңілдетуі керек, ал екінші жағынан, артық әрекетімен осы жүйені бұзбауы керек. АҚШ және Франция сияқты индустриалды дамыған мемлекеттердің мысалдары осындай алтын нүктеге жету мүмкін екендігін дәлелдейді.

2. Қоғам өмірінің әлеуметтік аясына еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, өзге де әлеуметтік қатынастар кіреді. Оларды көбінесе экономикалық және саяси қатынастардан бөліп алу өте қиын (мысалы, еңбек бұл әлеуметтік құбылыс қана емес, сонымен бірге аса маңызды экономикалық категория, ал әлеуметтік ұжымдардың қатынасы көбінесе саяси сипатқа ие).

Қазіргі таңдағы экономикалық ғылымда «әлеуметтік бағдарланған экономика» және оған жақын «әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық» терминдері жиі қолданылады.

Соғыстан кейінгі германиялық экономиканың реформаторы, «Барлығы үшін игі жағдай» атты кітаптың авторы Людвиг Эрхард ғылыми айналымға енгізген аталмыш категориялар өзінің құрылымы, табыстарды бөлу әдістері, мемлекеттік басқарудағы мақсатты бағдары халықтың әл-ауқаты мен халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған экономиканы сипаттайды.

Мұнда мемлекеттің әлеуметтік процестерге ықпалы мен оның аталмыш процестерге қатысуы халықтың нашар қамтылған топтарын экономикалық қолдаудан, әлеуметтік салалар мен әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландырудан ғана құралмайтынын ескеру қажет. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік құқықтармен және елдің конституциясымен, қолданыстағы заңдарымен кепілдендірілген азаматтардың бостандығын қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Мемлекеттің қатысу қажеттілігі мынадан тұрады: әлеуметтік объектілер өндірістік, сауда объектілеріне қарағанда аз экономикалық тиімділік әкеледі, немесе таза экономикалық көзқарас тұрғысынан мүлде рентабельді емес болып табылады.

Әлеуметтік объектілер мен процестерді мемлекеттік басқару формалар мен әдістердің, институттар мен құралдардың кең жиынтығына сүйенеді.

Мемлекеттік ұйымдардың, біріншіден, әлеуметтік салаға, әлеуметтік мұқтаждықтарға бағытталатын мемлекеттік ресурстарды тікелей басқаруын, екіншіден, мемлекеттің жанама ықпал ету арқылы әлеуметтік объектілер мен процестерді жанама мемлекеттік реттеуін бөліп қарастыру керек.

Әлеуметтік объектілер мен процестерді мемлекеттік басқарудың әмбебап құралы – Конституция, Азаматтық кодекс, түрлі басқару деңгейлерінде әлеуметтік саладағы әрекетті реттейтін әлеуметтік заңнама. Мемлекет тарапынан әлеуметтік процестерді құқықтық реттеуге президент жарлықтары және үкіметтік қаулылар түріндегі нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жатқызылады.

Экономиканы мемлекеттік басқарудың бастапқы тармағы – ұзақ, орта және қысқа мерзімді әлеуметтік бағдарларды орындау түрінде іске асырылатын әлеуметтік мақсат.

Ұзақ мерзімді тұжырымдамалар – бұл жалпылама ұлттық идеяға сүйенетін мемлекеттік әлеуметтік доктринаны өңдеу.

Орта мерзімді перспективадағы мемлекеттік әлеуметтік мақсат мақсатты әлеуметтік нормативтерді орындауға сүйенеді: табыс пен тұтыну, еңбекақы төлеу, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, жанұя мүшесіне шаққандағы орташа табыстар, күн көріс минимумы, негізгі игілік, қызметтер түрін тұтыну көлемі, осы көрсеткіштер қарқынын ескере отырып, тұрғын-үймен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді мемлекеттік әлеуметтік мақсат мемлекеттік бюджетпен, бюджеттен тыс әлеуметтік қорлармен, мемлекетпен іске асырылатын әлеуметтік саясат шараларымен бекітілген, мемлекет кепілдендіретін жақын уақытқа арналған әлеуметтік тұрғыдан алға жылжу деңгейін анықтауға бағдарланған.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік мақсаттарды ғылыми бекіту және әлеуметтік болжамдау, жақын және алыс болашаққа әлеуметтік даму бағдарламаларын негіздеудің айтарлықтай әрекет етуші құралы болып табылады.

Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар уақыт пен кеңістік бойынша, атқарушылар мен жалпы мемлекеттік, салалық, аймақтық ауқымдағы бірегей, ірі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған шаралар ресурстары бойынша тәуелді болып көрінетін шаралар жиынтығын білдіреді.

Қорыта келе, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі мемлекеттік басқарудың неғұрлым маңызды элементі – еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеуге тоқталамыз. Еңбек процестері өзінің мәні бойынша экономикада болып жатқан іргелі (фундаменталды) процестер қатарына жатқызылады. Белгілі өндіріс факторы ретінде еңбекті пайдалану, мемлекетті жоғары өнімділік, қайтарымдылық тұрғысынан қызықтырады.

Мемлекет еңбекпен қамтылуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық мәселелерін шешуге қызығушылық танытады және белгілі деңгейде жауап береді. Ол еңбек нарығын реттейді, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына ықпал етеді, еңбекақы төлеу мәселесіне ерекше назар аударады. Осының барлығы, яғни еңбекті және жұмысбастылықты басқару, еңбек қатынастарын реттеу мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігін құрайтынын дәлелдейді.

Наши рекомендации