Табыстар теңсіздігі мәні. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қажеттігі
Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін және "жұмыспен тапқан табыстар" құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады, демек халықтың әр түрлі топтарының өмір сүру деңгейлері де түрліше болады. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренцтің сынық сызығы халықтың әр түрлі тобының қоғамдағы жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретінде қолданылып жүр. Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатын проценттік табыстары жатыр.
Т
А100
Б
Ы 80 Абсолюттік К Е
С тепе – теңдік
Т 60 Д (М) Лоренц қисығы
А (нақты үлестіру)
Р 40 С
20 В
А
0 20 40 60 80 100 Отбасы саны, %
Лоренц қисығы
Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса, халықтың 20 пайызын, қоғамның жиынтық табысының 20 пайызын, халықтың 40% -ы тиісінше табыстың 40, халықтың 80%-ы табыстың 80%-ын және т. б. алар еді. Демек, ОЕ сызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті көрсетеді.
Абсолюттік теңсіздік халықтың 20% , 40%, 60%-ы және т.б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОF сызығындағы адамның барлық 100 пайыз табысты алатындығын білдіреді. OFE сынық сызығы- абсолюттік теңсіздік сызығы.
Күнделікті нақты табыстың бөлінуі — ОАВСДЕ сызығымен көрсетілген. Бұл сызық көп ауытқыса немесе Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен ұлғайса, онда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОFЕ ұшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін көрсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік нарықтық экономика калыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек шығындарына сәйкестендіру керектігін көп жазуда. Сонымен қатар еңбеқ ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну нарығының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін түтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т. б. саладағы саясат мемлекеттің наза-рында болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т. б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік мәселелерді шешу-мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әлауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту-нарықтың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметгік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап ету керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты-осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының (бағалылық заңының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс ифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу нарықтық механизмді қиратумен тең.
Әлеуметтік қорғау жүйесі басты үш бағытты қамтиды.
- кәсіпкерлердің табысын салық арқылы қайта бөлу жолымен реттеп отыру;
- еңбекке ақы төлеудің міндетті базасы ретінде ең төменп еңбекақы мөлшерін заң жүйесімен белгілеу, жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысына кепілдік беру;
- еңбекақыны және кәсіпкерлік табысты индекстеу жолымен тұрғын халықтың тұрмыс деңгейін қорғау;
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорынын белінуі женіндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді. Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70 пайызға дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25—30%-ы ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын). Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.
Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынгы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т. б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипенидия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт — адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі — жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі "қосымша" табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қалауынша пайдалануға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдык қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберінде ғана болады.