Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша ОБСӨЖ сабағында жүргізіледі

Негізгі әдебиеттер:

1. В.И.Скала, Б.В.Скала, Н.В.Скала Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу. Алматы – 2006.

2. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. Астана- 2000.

3. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Қазақ тілі: ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі. Алматы - 2000.

4. Б.Бөрібаева «Мем. тілде іс қағаздарын жүргізу» А.,-2006

5.Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу . Алматы: Ана тілі, 2000

6. Шоқанова « Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» Алматы: «Баянжүрек» 2010

Қосымша әдебиеттер:

1. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг. Алматы - 2000.

2. Мұхамадиева Н., Чабаев А. Іс қағаздарын оқыту Алматы, Дәнекер, 1999.

3.Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Іс жүргізу және мұрағат ісі. Алматы, 2000.

4. Бейсембиев Б.Қ. Іс қағаздарының қысқаша оқу сөздігі. Алматы, 2006.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Академиялық сұрақтар

Жөніндегі проректор

Н.С.Дүйсенғұлова

Ж.

Мамандықтар: 050600 – Экономика, 050700 – Менеджмент,

051100 – Маркетинг, 050800 – Есеп және аудит, 050900 – Қаржы,

070400 – Ақпараттық технология, 090900 – Логистика, 091200 –

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Силлабус

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы бойынша

Курс: 2

Семестр: 3,4.

Кредит саны: 2 (2-практикалық сабақ , 2 - ОБСӨЖ , 2 – СӨЖ)

Тілдер кафедрасының аға оқытушылары: Бейсембиев Б.Қ., Жақыбаева Қ.А.,

Багиева Ш.М., ф.ғ.к., доцент Өтемісова Г.Ж., ф.ғ.к., доцент Акимбекова Г.Ш.

Телефон: 278-32-40, № 107- кабинет

АЛМАТЫ, 2011

Құрастырғандар аға оқытушы: Бейсембиев Б.Қ., Жақыбаева Қ.А., Багиева Ш.М.,

ф.ғ.к., доцент Өтемісова Г.Ж., ф.ғ.к., доцент Акимбекова Г.Ш.

Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының

типтік бағдарламасы негізінде 050600 – Экономика, 050700 – Менеджмент, 051100 – Маркетинг, 050800 – Есеп және аудит, 050900 – Қаржы,070400 – Ақпараттық технологиялар, 090900 – Логистика, 091200 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі мамандықтары үшін құрастырылған

Жұмыс бағдарламасы Жалпы білім беру пәндері кафедрасының мәжілісінде талқыланған

№ «_____» хаттама__________________2011 ж.

Кафедра меңгерушісінің орынбасары _______________________ Киричок О.В.

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент ________________________ Осколков В.С.

Силлабус Жалпы білім беру пәндері кафедрасының мәжілісінде талқыланған

№ «_____» хаттама __________________2011 ж.

Силлабус

Курстың қысқаша сипаты:

Бұл курс академиядағы экономика және ақпараттық технология мамандықтарының қазақ, орыс және ағылшын бөлімі студенттеріне ресми құжаттарды: «Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттарды», «Азаматтық қарым-қатынастарды реттеу құжаттарын», «Басқару органының ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттарын» тілдік нормаға сай жаза білуді, іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін, іс қағаздарын сауатты толтыруды меңгертеді.

«Іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы негізгі екі бөлімнен тұрады: практикалық сабақтар және студенттердің өздік жұмыстары.

Курстың міндеті:

· Іс қағаздары туралы толық түсінік беру;

· Іс қағаздарының түрлерімен, оларға қойылатын талаптармен, олардың рәсімделуімен, лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру;

· Құжат үлгілері бойынша сауатты толтыруға дағдыландыру;

Курстың мақсаты: Студенттерге мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты толтыру ережесін, оларға қойылатын талаптарды жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Студенттер меңгеруі керек :

- Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның атқаратын әлеуметтік қызметін толық меңгеру;

- Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазуға және құжат түрлерін білуге;

- Ұйымдардың, мекемелердің басқару аппаратында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізуді» ұйымдастыра білуге;

- Құжаттарды рәсімдеу талаптарын білуге.

Студенттер білуге тиіс :

· Мемлекеттік тілде іс қағаздарын оқып, жаза білуі:

· Іс қағаздарының түрлерін ажырата білуі;

· Іс қағаздарын түсіне алуы;

· Құжаттарды сауатты жаза білу тиіс.

Алдыңғы деректемелері:«Қазақ тілі» пәнінен алған білім дағдылары

Соңғы деректемелері: Студенттер сі қағаздарын мемлекеттік тілде оқып, жаза және аудара алатындай болып, күнделікті практикада қолданып, білімдерін ары қарай жетілдіре алатындай дәрежеде болуы керек.

Наши рекомендации