Кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауы.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырыса-ды.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді [21,22].

А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады деп санайды.

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптасты­рылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндет-темелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгі-леуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асыры-лады.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады.

Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей талдау 2.4-кестесі құрылады.

Interbrand консалтинг компаниясының жыл сайын өткізетін маркетингтік зерттеулерінің мәліметі бойынша Samsung 2007 жылғы жағдайында бренд бағасының қосындысы бойынша 21-орынды иемденген. Компанияның негізгі бәсекелесі Sony компаниясы 25-орында.

Бренд бағасы, $ млрд (2007) Бренд бағасы, $ млрд 2006) Расшифровка (Мағынасын ашу)
16,853 16,169 Samsung бренді LCD панелі нарығында алдыңғы орынды иеленсе, екінші орынды мобилды телефондар өндіруші ретінде иемденеді.

Кесте -2.3

Samsung Group-тың 2014 жылғы қаржылық есебі

Header text KRW (млрд) USD (млрд) EUR (млрд)
Сатылым (Net) 151 766,1 158,9 126,5
Жиынтық активтері 260 991,3 280,8 213,5
Жиынтық пассивтері 168 885,5 181,7 138,2
Акционерлік капитал жиынтығы 92 105,8 99,1 75,4
Кіріс (Net) 12 312,1 12,9 10,3

Кесте-2.4
Компаниялардың жыл сайынғы есебі бойынша концерннің сатылымның өсу беталыстары: Есептік жылдар USD млрд 2002 116,8 2003 101,7 2004 121,7 2005 140,9 2006 158,9

Samsung Group концерінінің құрамына кіретін компаниялар электроника және микроэлектроника, химиялық өнеркәсіп, құрылыс, автомобиль жасау, ауыр өнеркәсіп, қаржы және несие, сақтандыру сынды істермен айналысады. Концерн құрылымы ресурстан бастап, олардың қайта жасалуы және дайын өнім күйінде аяқтау сынды электроника өндірісінің толық циклін қамтиды. Конгломераттың негізгі бөлімшелері тек концернге немесе Оңтүстік Корея аумағында ғана тікелей дайын электронды өнімдерді жасаумен айналысып, компанияға қатысты бағынышты функцияларды атқарады. Бұл ерекшелік бөлімшелер бойынша кірістердің орналасуынан анық көрінеді, осылайша концерннің негізгі кірісі электронды өнеркәсіптен келеді.

Электронды өнеркәсіп

Концерн сатылымының 70 пайыздан көбі электронды өнеркәсіптен келеді.

Бұл бөлімшенің компаниялары:

• Samsung Electronics • Samsung SDI • Samsung Electro-Mechanics • Samsung SDS • Samsung Networks

Электронды өнеркәсіп бөлімшесінің компаниялары бүкіл әлемде жұмыс жасайды, бұйымдардың көп бөлігі экспортталады. Samsung электронды өнеркәсіп бизнесінің аймақтық орналасуы төмендегідей:

Аймақтар Үлес, %
Солтүстік және Оңтүстік Америка
Еуропа және ТМД елдері
Корея
Қытай
Жапония
Өзге елдер

Кесте-2.5

Бөлімшелер қатты диск (HDD), оперативті жад, SRAM (оның ішінде процессор және видеокарталарға арналған чиптер өндірісі), сұйық кристалды мониторлар, сұйық кристалды және плазмалы теледидарлар, GSM, CDMA, 3G және WiMAX бар стандартты мобилды телефондар, IP-телефондарға арналған құрал-жабдықтар, ноутбуктер, принтерлер, тұрмыстық техникалар және т.б. өндірісімен, телекоммуникацияның сымсыз желісі WiMAX-тың үшінші және төртінші нұсқаларын дамытумен айналысады.

Наши рекомендации