Дәріс4. Туризм туралы ғылыми білімдердің негізгі құрастырушысы

Дәрістің мақсаты: туризм туралы ғылыми білімнің негізі жәнеқоғам өміріндегі маңызын

ашып қарастыру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Туризм туралы ғылыми білімнің негізі

2.Туризмнің қоғам өміріндегі маңызы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:стратегия, тактика, туристік пакет, стратегиялық жоспарлау, бизнес-жоспарлау, компьютерлік технология, психология, менеджер, маркетолог, әлеуметтік, техникалық.

Туризм туралы ғылыми білімнің негізінде стратегия мен тактика жатыр.

Қазақстанда туризмнің даму стратегиясы жалпы ел мен аймақтарда туризмді дамытудың мәні, сипаты мен әдістеріне ғылыми негізделген жүйені көрсетеді, атап айтқанда қонақ үйлер кешені құрылысы, жолдар мен көлік, денешынықтыру-сауықтыру орталықтарын дамытуға қойылатын талаптардан көрінеді.

Туризмді дамыту стратегиясы жекелеген аймақтардың даму басымдығын, сонымен бірге елдің жекелеген орманды-қорықты аумақтарын анықтайды. Туризм стратегиясы – жалпы экономиканың даму деңгейінің басты көрсеткіші.

Тактика кәсіпорын шаруашылығы мен оның құрылымдарының теориясы мен практикасын қамтиды. Ол нарықытың бағыттары мен сегменттері бойынша бөлінетін ерекше қызмет болып табылады. Әдетте, туристік компаниялардың әрбір бөлімі немесе қызметі немесе құрылымдық бөлімшесі нарықта өз тактикасын әзірлеп, жүргізеді. Ол өзін дамытуда өте тез және серпінді, құрылымнан тыс өзгерістердің бәріне (валюта курсының өзгеруі, түрлі аймақтардағы техногендік апаттық жағдайлар) және ішкі өзгерістерге, мәселен, /кадр тұрақсыздығы, тиімсіз туристік пакеттер/ жылдам бейімделеді

Ғылыми білімдердің бірлігі ғылыми мәселелерді әзірлеудің кешенді сипатын анықтайды. Мысалы, стратегиялық жоспарлау, бизнес-жоспарлау, компьютерлік технология, психология және тағы басқа ғылыми білімдерге сүйенбейінше, туризмді басқару жүйесі мен әдістерін жетілдіру мүмкін болмайды.

Ғылыми мәселелерді шешуге кешенді көзқарастар қажет, өйткені жалпы теориялық, іргелі, сонымен бірге, қосалқы сипаттағы терең зерттеулер жүргізуге арналған жаңа мүмкіндіктер, түрлі ғылымдардың тоғысуымен айқындалады, оны толығымен пайдаланған жөн.

Туризмнің қоғам өміріндегі маңызы

Қазіргі күні туризм демалыс түрінен тұтас индустрияға айналды, оған көптеген туристік қызмет түрлері кіреді. Туризм мен саяхат ұйымдастыру, қонақ үй бизнесі, экономика т.б. қызметтердің түрлері тығыз байланысты. Осының бәрі де турбизнес термині ұғымына енеді. Турбизнесте жаңа мамандықтар пайда болды: турөнім, туроператорлар, турагенттер, менеджерлер, маркетологтар және т.б.

Турбизнесте қызмет істейтін мамандарға туризмнің алдында тұрған міндеттерді, туризм қызметі барысында оларды шешу жолдарын білу өте маңызды. Сонымен, туризм тұтас ғылымға айналды, оған нысандар, принциптер/ұстанымдар/, заңдар, зерттеу категориялары мен әдістері кіреді.

Қазіргі заман жағдайында туризм қоғамның түрлі жағдайлары мен құбылыстарына әсер етеді, мәселен, әлеуметтік және техникалық әдерістерді қамтиды.

Әлеуметтік процестерге туристік қызметті жүргізуді экономикалық тұрғыда қамтамасыз ету жатады, яғни, адамдардың еңбек демалысын тиімді пайдалануы үшін оларды моральдық және психологиялық тұрғыда әзірлеу, көптеген адамдардың демалу жағдайын жақсарту, демалыс орындарын көбейту жјне сапалы қызмет көрсету.

Осы реттегі үрдістерге тереңірек зерттеу жүргізілуінен, мынадай ғылымдар пайда болды: «Санаторий-курорт ісі», «Туризмдегі менеджмент және мар­кетинг», «Туризм нарығы», «Халықаралық туризмді дамыту», «Туризм экономикасы», сонымен бірге, туризм саласында психология, педагогика, заң ғылымдарының пайда болып, дамуы. Олар туризм қызметі мен соған сәйкес қызмет түрлерінің шектесу жағдайларын көрсетеді, өйткені олар мазмұны бойынша, бірінші жақтан, туризм ғылымы құрамына, екінші жағынан – сәйкес ғылымдардың арнайы салаларына кіреді.

Туризм қызметі тиімді болуы үшін, арнайы техникалар мен түрлі құрылыс құрылымдары мен нысандарды дамыту қажет.

Наши рекомендации