Магистратуранттардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Менеджмент» пәні

Құзыреттер Қалыптасу критерилері
Ұйымның мінезі мен міндетін анықтау, шешім қабылдау моделін жасау. Ұйымның құрылымын қалыптастыру, команда жұмсын ұйымдастыра алады
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын талдау, жүйелеу және жалпылау Тиімді басқаруды жүзеге асыруда ұтымды шешімдер қабылдау үшін сыртқы және ішкі орта орта бойынша ақпаратты талдауға қабілетті. Ұйымның дамуы үшін стратегиялар жасай және бағалай алады.
Бизнесті дамыту үшін ойлар қалыптастыру. Персоналдың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау.   Мақсатқа жеттудестратегиялық және оперативті жоспарлар құрайды Бсқарудың әртүрлі деңгейлерінде тиімді байланыстар орнатады  
Қолданылатын ынталандыруәдістерін жетілдіру   Қызметкерлердің қор мүмкіндіктерін белсенді ету әдістерін қолдана алады  
Бақылаудыңтүрлері мен нысандарын дамыту   Бақылаудың мақсаттарын анықтай алады, бақылау нормаларын, әдістерін, бақылау көлемі мен саласын сақтай біледі.  

Тақырыптар тізімі:

1. Менеджмент қызмет түрі ретінде.

Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері. Басқарушылық қарым - қатнас және менеджмент. ХІХ-XX ғғ. шетелдерде менеджменттің пайда болуы. Менеджменттің даму кезеңдері және тарихи алғы шарттары. Менеджменттің заманауый коцепциясы. Заманауый менеджменттің әлеуметтік экономикалық негіздері. Менеджмент жүйелерінің және меншік түрлерінің байланысы. Менеджменттің және мелекеттік басқарудың қарым- қатнасы. Мемлекеттік және нарықтық экономика секеторының қызмет саласының арасындағы шектеулерді алу.

2. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері.

Ұйым: жалпы түсініктері, ұйымды зерттеп білудің әдіс-тәсілдерінің сипаты. Шаруашылық жүргізуші ұйымның субьекті ретіндегі түсінігі және ұйымның жалпы мінездемесі. Ұйым жүйе ретінде. Ресми және беиресми ұйымдар. Коммерциялық және комерциялық емес ұйымдарды басқару: салыстырмалы мінездеме, айырмашылығы мен сәйкестілігі.

3. Ұйымды басқарудың қажеттігі: менеджметтің мақсаты мен міндеттері. Ұйымдағы басқару үрдісі. Еңбектің көлденең және тік бөлінуі. Басқарудың негізгі деңгейлері. Басқарудың объектісі мен субьектісі. Өндірісті басқару жүйесіндегі басқару субьектісінің белсенді рөлі. Ішкі өзгермелі ұйымның байланысы: адамдары, технологиясы, құрылымы, мақсаттары мен міндеттері.

4. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы.

Ұйым қоршаған орта элементі ретінде. Ішкі және сыртқы орта бизнесті стратегиялық талдаудың құраушысы ретінде.Сыртқы талдау. Сыртқы орта түсінігі. Сыртқы ортаның маңызы және ұйымның экономикалық өсуі мен қызмет етуіне әсері. Сыртқы орта сипаттары: факторлардың өзара байланысы, орта күрделілігі, ортаның жылжымалылығы, ортаның анықталмағандығы. Ұйымға әсер ететін сыртқы күштер: әлеуметтік (демографиялық, мәдениет, этика, дәстүр, дін және т.б.), саяси (федералды, аймақтық және жергілікті заңдар), экономикалық (коньюктура, бәсекелестер, технология нарығының тенденциясы және т.б.). Ішкі талдау. Басқару ұйымдарының құрылымы. Ұйымдастырушылық құрылымның тиімділік параметрлері. Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелерінің интеграциясы және координаттау меxанизмі. Басқарудың заманауый ұйымдастырушылық құрылымы. Ұйымда ақпаратты басқарудың заманауй ұйымдық формалары. Ақпараттық жүйелер.

5. Коммуникациялар

Коммуникациялық үрдіс компанияның мақсаттары мен және оларға жетудің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін стратегиялық басқарудың негізі ретінде.

6. Шешім қабылдау

Стратегиялық басқару және стратегиялық шешім. Стратегиялық шешім бизнес-мақсаттар мен оларға жету құралдарының байланысы ретінде. Шешім қабылдау компанияның өзі мен (оның ішкі күштері мен әлсіз жақтары) қоршаған ортасы (сыртқы даму факторлары) арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету құралы ретінде. Стратегиялық шешімді қабылдаудың қиындығы. Үш ирархиялық стратегиялық деңгей және әр деңгейдегі коммуникациялардың ерекшеліктері: корпоративтік стратегия; бизнес-стратегия; функционалдық стратегия. Үш ирархиялық стратегия деңгейлеріне байланысты қызмет ету жоспары бойынша шешімдерді қабылдау, қаржы жоспары бойынша шешімдерді қабылдау, мақсаттар бойынша шешімдерді қабылдау.

Наши рекомендации