Тапсырма. мәтінді оқыңыздар.

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көріпті. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп, екі ай өмір сүріпті. Нәтижесінде 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты екенін дәлелдеді.

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru Медицина саласында өте құнды еңбектер қалдырған, қан айналымын тұңғыш зерттеген ғалым Ибну Нафис жазу кезінде қолындағы қаламының сиясы бітіп қалған жағдайда уақыт шығындамас үшін, қасына бірнеше қалам дайындап қойып, солардың кез келгенімен жалғастыра берген.

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru Жиырма екі жасар Эрнест Галуа шіркеудің үкімімен жазалы болып, басының кесілуіне қалған он үш сағат уақытын бүкіл дүниежүзіне әйгілі «Галуа қатары» атты математикалық еңбегін аяқтауға жұмсаған.

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru Бүкіл әлемге танымал КСРО-ның Ғылымдар Академиясының академигі Отто Юльевич Шмидт (1891-1956) 14 жасында өз өмірінің жоспарын егжей-тегжейлі жасап қойған. Бұл жоспарында ол өз өмірінде қандай кітаптарды оқып бітіруі тиіс екендігін, қандай ғылымдарды игеруі керектігін, қандай мәселелерді шешуі керектігін және физикалық тұрғыдан даму жолдарын айқындап көрсеткен. Алайда осының бәрін жазып, бұл істерге қанша уақыт кететіндігін есептеп келіп қалған кезде, бұл бағдарламаны орындау үшін 900 жыл уақыт керектігін көреді! Ол жоспарын қысқартады, бұл қысқартылған бағдарламаға 500 жыл керек екен. Тағы да қысқартады, ақырында 150 жылға саятын бағдарлама шығады, осымен қысқартуын тоқтатады. Өз өмірін сағат-минутына шейін жоспарлап қойған ол өмірінің аяғына шейін 150 жылға жоспарланған жоспарын орындайды. Ал ол неше жасында қайтты? 64 жасында!!! Яғни ол өз «нормасын» 3 еседей дерлік артық орындаған!

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Француз зерттеушісі Мишель Сифр қандай тәжірибе жасаған? Ол қандай қорытындыға келген?

2. Ғалым Ибну Нафис уақытын қалай үнемдеген?

3. Жиырма екі жасар Эрнест Галуа әйгілі «Галуа қатары» атты математикалық еңбегін қай кезде аяқтап бітірген?

4. Академик Отто Юльевич Шмидт өз өмірінің жоспарын қалай жасаған?

Тапсырма. Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы баяндаңыз. Сұхбат құрыңыздар.

Тапсырма. Сұрақтар бойынша пікір алысыңыздар.

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде?

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru «Уақыт – адам өмірінің өлшемі»деген пікірмен келісесіз бе?

тапсырма. мәтінді оқыңыздар. - student2.ru Адам өмірінің мәні оның істеген ісімен өлшенуінің себебі неде?

Тапсырма. Сіз уақыттың жауларын білесіз бе? Онымен қалай күресуге болады? Ой бөлісіңіздер.

Уақыттың жаулары

*Түсініксіз мақсаттар

*Тыңдай білмеу

* «Жоқ» деп айта алмау

*Асығыс шешімдер

*Бәрін бірден орындауға ұмтылу

*Ұмытшақтық

*Толық ақпараттың болмауы

*Өзіндік тәртіптің жоқтығы

*Жоспарлай білмеу

*Тосын шешімдер

*Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу

Наши рекомендации