Бірінші: жайылымдағы малдар

Жайылымдағы малға немесе үй малына түйе, сиыр және қой-ешкі жатады.

Мал зекетін парыз ететін шарттар

1 -Түйе, сиыр және қой-ешкі секілді үй малы болуы. Жабайы малдан мүлде зекет берілмейді. Үй малы мен жабайы мал қатынасынан туған малдан зекет төлену, төленбеуі оның енесіне қатысты. Енесі үй малы болса, зекет төленеді. Ал жабайы болса, төленбейді.

2 -Нисабы толуы.

3 - Иесінің қолында бір жыл айналуы. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(ليس في مال زكاة حتى يحول عليه الحول)

«Бір жыл айналмаған малдан зекет берілмейді»[1003].

Ханафи, шафиғи және ханбали мәзһаптарының көзқарасында нисабы толған мал-мүліктің зекетін алдын-ала төлеуге болады. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аббастың Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) зекетті уақытынан алдын төлеу үкімі жайында сұрағанда бұлай істеуіне рұқсат етілді[1004].

Алайда зекетті алдын-ала төлеу келесі шарттарды қажет етеді:

- Зекет алдын-ала төленуі үшін мал-мүліктің нисапқа толуы.

- Жыл барысында және жыл соңында нисаптың кемімеуі.

4 - Жем берілмейөз бетінше жайылуы. Шариғаттың анықтамасында: сүт беруі, өсіп-өнуі, семіруі және көбеюі үшін бір немесе одан да көбірек жыл жайылған мал.

5 -Рұқсат етілген жерде жайылуы.

6 - Жайылымға жіберілуіндегі мақсат: сүт беруі, семіруі және көбеюі. Жайылымда жүк көтеруі және мінілуі үшін ұсталған малдан зекет берілмейді. Мал жайылымда сауда үшін ұсталса, мал зекеті емес, сауда зекеті беріледі. Егер де жыл барысында қожайынның саудалық мақсаты сүт алу, семірту және көбейту мақсатына өзгерсе, сол мезеттен алғашқы мақсатының жыл айналымы бұзылып, кейінгі мақсатының жыл айналымы басталады.

Түйе зекеті

Түйе малының нисабы мен одан берілетін зекет мөлшері Әбу Бәкірдің Бахрейнге әмір етіп жіберген Анасқа жазған хатында белгіленген. Оның мәтіні: «Бұл - Аллаһ тағаланың елшісіне бұйырғаны және Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) мұсылмандарға парыз еткен парыз садақасы (зекеті)... Жиырма төрттен және одан аздан қоймен беріледі. Әр бес түйеге бір қойдан беріледі. Жиырма бестен отыз беске дейінгі түйе санынан бір ұрғашы тайлақ беріледі. Отыз алтыдан қырық беске дейінгі түйе санынан бір ұрғашы інгешік беріледі. Қырық алтыдан алпысқа дейінгі түйе санынан бір ұрғашы інгенше беріледі. Алпыс бірден жетпіс беске дейінгі түйе санынан бір ұрғашы інген беріледі. Жетпіс алтыдан тоқсанға дейінгі түйе санынан екі інгешік беріледі. Тоқсан бірден жүз жиырмаға дейінгі түйе санынан екі інгенше беріледі. Жүз жиырмадан асқан түйе санынан әрбір қырық түйеден бір інгешік және әрбір елу түйеден бір інгенше беріледі. Кімнің төрт түйесі болса, әрине, қожайыны өз еркімен садақа бергісі келмесе, одан зекет төленбейді. Түйесінің саны беске толғанда одан бір қой зекет береді..»[1005].

Түйе малының нисабы бестен басталады және одан кем түйеден зекет берілмейді. Берілетін мал ұрғашы болуы шарт.

Түйе малының нисабы мен одан берілетін зекет мөлшері төменде кестеленген бейнеде ұсынылады:

Түйе саны Берілетін мал мөлшері  
1 қой  
2 қой  
3 қой  
20-24 4 қой  
25-35 1 тайлақ Тайлақ дегеніміз 1 жасар түйенің атауы
36-45 1 інгешік Інгешік дегеніміз 2 жасар түйенің атауы
46-60 1 інгенше Інгенше дегеніміз 3 жасар түйенің атауы
61-75 1 інген Інген дегеніміз 4 жасар түйенің атауы
76-90 2 інгешік  
91-120 2 інгенше  

Түйе малының саны 120-дан асса, есеп қайта басталады. Әрбір 40 түйеге 1 інгешік беріледі және әрбір 50 түйеге 1 інгенше беріледі.

Түйе саны Берілетін мал мөлшері
121-129 3 інгешік
130-139 2 інгешік және 1 інгенше
140-149 1 інгешік және 2 інгенше
150-159 3 інгенше
160-169 4 інгешік
170-179 3 інгешік 1 інгенше
180-189 2 інгешік және 2 інгенше
190-199 1 інгешік және 3 інгенше
200-209 4 інгенше
210-219 1 інгенше және 4 інгешік
220-229 2 інгенше және 3 інгешік
230-239 3 інгенше және 2 інгешік
240-249 4 інгенше және 1 інгешік
250-259 5 інгенше

Сиыр зекеті

Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Муазды, Аллаһ тағала оған разы болсын, Йеменге жібергенде оған әр отыз сиырдан бір тайынша бұқа не бір тана зекет алуын және әр қырық сиырдан бір құнажын сиыр зекет алуын бұйырады[1006].

Сиыр малының зекет төленетін нисабы отыздан басталады және берілетін малдың ұрғашы болуы шарт емес. Отыздан аз сиырдан зекет төленбейді.

Сиыр саны Берілетін зекет мөлшері
30-39 1 тайынша бұқа не 1 тана (бір жастан екі жасқа аттаған сиыр баласы)
40-59 1 құнажын (екі жастан үш жасқа аттаған сиыр баласы)
Сиыр саны елу тоғыздан асқанда әрбір 30 сиырға 1 тайынша бұқа не 1 тана және әрбір 40 сиырға 1 құнан бұқа не 1 ақ тамақ беріледі.
   
60-69 2 тайынша бұқа не екі тана
70-79 1 құнажын мен 1 тайынша бұқа немесе 1 тана мен 1 құнан бұқа
80-89 2 құнажын
90-99 3 тайынша бұқа не 3 тана не екеуінен араластырылып беріледі
100-109 2 тана мен 1 құнажын не 2 тайынша бұқа мен 1 құнажын

Наши рекомендации