Бюджеттік бағдарламалар паспорттары және оларды қаржыландыру жоспарлары.

Тиісті бюджеттік бағдарламаларының мақсаттарын, нормативтік-құқықтық дәйектемені, қарайлайтын нәтижелерді, шараларды, жауапты атқарушыларды, атқару мерзімдерді, құны мен қаржыландыру көздерін аныктайтын құжат - ол бюджеттік бағдарламаның паспорты. Бюджеттік бағдарламаның паспорт жо-басы тиісті заңнамалық актілермен белгіленген тәртіп бойынша құрылады. Олар бюджеттік сүраным (заявка) құрамында жасалады және тиісті қаржы жылға Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Бюджеттік бағдарлама жобасына жазылатын түсіндірме хатта келесі мазмүндағы ақпарат келтіріледі:

· ұсынып отырған мәселе бойынша ағымдағы кезге қалыптасқан ахуалға шолу, оның ішінде осы бағдарламаны немесе осы мәселе жөніндегі басқа бағдарламаны іске асыру барысындағы қабылданған шаралар және олардың нәтижесі;

· ұсынып отырған бағдарлама бойынша жүзеге асыруға жоспарланған басқа да қажетті шаралар мен қарайлайтын нәтиже;

• республиканың үзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік дамуына қосатын ұсынып отырған бюджеттік бағдарламаның үлесі;

• әрекеттегі бағдарламаларды үлғайту, жою, қосу немесе бөлу жөніндегі ұсыныстар (сондай қажеттіліктердің дәйектемесі, сандық көрсеткіштері мен қаржы ресурстарын қоса);

• ұсынып отырған бюджеттік бағдарламаның қаржыландыруын азайту немесе тоқтату орайдағы мүмкіндік негативтік салдары;

• көтеріп отырған мәселе жөніндегі басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамның әрекеттегі көз карастары;

• ұсынып отырған бағдарламаны орындауына басқа мемлекеттік органдардың ұқсас бағдарламалары, оның ішінде шет елдегі әлем стандарттарын немесе орындау талаптарға сәйкес бағдарламаларға салыстырмалы талдау;

• белгіленген мақсаттарды іске асырудың баламалы варианттары (әр вариантар бойы олардың ерекшеліктері мен кемшіліктерін коса).

Республикада мемлекеттік мекемелерді ұстауға берілетін бюджеттік құралдардың көлемін, мақсатты бағытын және бөлуін анықтайтын негізгі құжат болып міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары табылады. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын құру мен бекіту бюджеттік процестің маңызды кезеңі, себебі осы жоспарлар негізінде мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық келісімдерін тіркейді, бюджеттік акшаларды игеру мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер алу үшін төлемдер мен аудармаларды іске асырады.

Бюджетті атқаруды камтамасыз ету үшін жоспарлардың келесі түрлері жасалады:

· қаржыландырудың жеке жоспары;

· бюджеттік бағдармаларының әкімшіліктерін қаржыландыру жоспары;

· міндеттемелер бойынша қаржыландырудын жиынтық жоспары.

Қаржыландыру жоспарын жасау барысында мемлекеттік мекемелер колдануға тиіс:

1) бірынғай бюджеттік жіктеуге сәйкес шығыстардың экономикалык жіктеуін;

2) бюджет шығыстарыньвд экономикалық жіктеуінің ерекшеліктері кұрылымын;

3) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін белгілейтін нормативтік кұқыктык актілерді;

4) тауарлар, жүмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу (закупки), мемлекеттік тапсырысты (заказ) жайғастыру жөніндегі конкурстар өткізу және жабдықтаушылармен келісімшарт жасау мезімдерін;

5) әрбір мемлекеттік мекеме бойынша тиісті жылға республикалық және жергілікті бюджеттерді бекітуде есепке алынған шығыстар есептемелерін.

Бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуі бойынша және түсімдердің жылдық көлемімен теңестірілген бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық көлемін анықтайтын құжатқаржыландырудың жылдық жоспары деп аталады. Бұл құжат бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен жасалып және бекітіліп, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктеріне бағытталады.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарлары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары тиісті қаржы жылға бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін жасалады.

Қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің бюджетті атқару жөніндегі негізгі құжаты болады. Ол міндеттемелерді қаржыландыру жоспар формасында және төлемдерді қаржыландыру жоспар формасында қалыптасады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жеке жоспары - мемлекеттік мекеменің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдер өткізу шегіндегі құралдар көлемін анықтайды. Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жеке жоспары - мемлекеттік мекемелердін қажетті шараларды іске асыру үшін қабылдаған міндеттемелер шегіндегі құралдар көлемін анықтайды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарлары қаржыландырудың жеке жоспарлар жинағы арқылы қалыптасады. Бұл жоспарлардың жылдық сомасы тиісті қаржы жылы бюджеттерді іске асыру жөніндегі Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен тағайындалған сомаларға, ал бюджет шығыстарының экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша қаржыландырудың жындық жоспарына сәйкес болуы тиіс.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің каржыландыру жоспарлары бюджеттік бағдарлама паспортында анықталған іске асыру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкестігін, міндеттеме-лерді өз уакытында қабылдау мен орындауды қамтамасыз етуін, дебиторлық және кредиторлық берешектер жібермеуін және бюджеттің тендіктілігін сақтауды есептей отырып жасалады.

Бюджетті ойдағыдай атқару мен бюджет ақшаларын өз уақытында жұмсауды қамтамасыз ету үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарлары мен мемлекеттік мекемелерді каржыландыру жеке жоспарларды қалыптастыру, үсыну және бекітудің белгіленген мерзімдерін сақтау өте маңызды. Қаржыландыру жеке жоспарлар жобалары, барлық дәйектемелер мен есептемелерді қоса бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне оның белгілеген мерзімінде жеткізіледі, ал әкімшілік каржыландыру жылдық жоспарды бекігуден кейінгі 5 күннің ішінде қаржыландыру жоспарлар мен жеке жоспарлар жобаларын бюджеті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

Мақсатты ағымдағы трансферттер мен дамуға арналған максатты трансферттер және бюджеттік несиелер арқылы бюджеттік әкімшілікті қаржыландыру жоспар жобалары толық бюджіттік бағдарламалар және төменгі түрған бюджеттер бойынша ұсынылады. Мәліметтердің нақтылығын, хаттаудың дұрыстығын және жобалар мен жоспарларды уақытында бюджеті аткару женіндегі уәкілетті органға үсынуды бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі камтамасыз етеді.

Бюджет түсімдері мен бюджеттен қаржыландырудын жиынтық жоспары арнайы форма турінде және келесі құрылыммен жасалады: а) бюджет түсімдері жиынтық жоспары — кірістер, алынған ресми трансферттер, несиелер қайтарылу мен бюджет тапшылытын қаржыландыру көздері; ә) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жиынтық жоспары - шығыстар, несиелер мен Үкіметтік қарыз немесе жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржыландыру жылдык жосяарды бекіткеннен кейінгі екі апта ішінде каржыландырудың жиынтық жоспарын кұрады және бекітеді. Оны құру барысында келесі шарттарды еске алу қажет:

• қаржыландырудың жиынтык жоспарлары бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарлар мен жобаларды қосу арқылы қалыптасады;

• бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жиынтық жоспарлар жылдың сомасы Үкімет және жергілікті атқарушы орган қабылдаған шешімдерге, ал экономикалык сипаттамалары бойынша қаржыландырудың жылдык жоспарына
сәйкес болуы тиіс;

• жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджетке берілетін ресми трансферттер мен несиелер сомасы алушы бюджеттің міндеттемелерін қаржыландыру жиынтық жоспарындағы көлемі мен мерзіміне сәйкес беруші
бюджеттің жиынтық жоспарында есептеледі;

• жоғары тұрған бюджетке төменгі түрған бюджеттен берілетін ресми трансферттер, несиелер қайтарылу және несиелер бойынша сыйақы төлемдер сомалары жоғары тұрған бюджеттің жиынтық жоспарындағы сомалар мен мерзімге
сәйкес жиынтық жоспарларда есептеледі;

• бюджет түсімдерінің жылдық және әр ай сайынғы жоспарлары бюджеттік бағдарламалар бойы төлемдерді қаржыландыру сомасымен тендікте болуы тиіс.

Тиісті қарлсы жылдың республикалық бюджетін бекіткеннен кейінгі 5 жұмыс күннің ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдар ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне - орталық аткарушы органға республикалық бюджет жөніндегі заңда карастырылған трансферттер мен несиелерді айлар бойы бөліп-тарату сомаларын береді.

Қаржыландырудың жиынтық жоспары бекіткеннен кейінгі 3 жүмыс күннің ішінде жоғары түрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган төменгі тұрған бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік алымдар, несиелер қайтарылу мен несиелер бойынша сыйакыларды айлар бойы бөліп-тарату сомаларын жеткізеді. Осылармен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне каржыландырудың жиынтық жоспарларында бекітіліп айлар бойы бөлінген міндеттемелер мен телемдерді қаржыландыру жылдыңсомаларын жеткізеді. Міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жылдық сомаларын алғаннан кейінгі 3 жұмыс күннің ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бюджеттік бағдарламалар қаржыландыру мен жеке қаржыландыру жоспарларын бекітіп, оларды 3 күннің ішінде мемлекеттік мекемелерге жеткізеді.

Жергілікті бюджеті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсімдер мен міндеттемелер бойы қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарларының бір данасын оларды бекіткеннен кейінгі 2 жұмыс күннің ішінде қағазды және электронды түрде жергілікті казынашылық органға тапсырады. Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі қаржыландырудың бекітілген жеке жоспарларын тапсырғаннан кейінгі 8 күннің ішінде жергілікті казынашылық орган міндеттемелер бойынша қаржыландыру жеке жоспарлардың бірыңғай бюджеттік жіктеуге және жеке жоспарлар сомаларының арнаулары әрбір бағдарлама, ішкі бағдарлама және ерекшеліктердің жиынтың жоспарларына сәйкестігін сактауын тексереді.

Қаржылаңдыру жеке жоспарлары барлык талаптарға сәйкес болған жағдайда бюджеті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне рұқсат кағаз береді, ал олар өз басшылықтағы мемлекеттік мекемелерге рұқсат кағаз береді. Рұксат қағаз мемлекеттік мекемелер қабылдайтын міндеттемелер мөлшеріндегі бюджеттік құралдардың шекті көлемін анықташъш құжат.

Әр елде бюджеттік мекемелерді қаржыландырудың әр түрлі тәртібі пайдаланады. Солардың бірі шығыстардың сме-тасын жасауға негізделген жоспарлау мен қаржыландырудың сметалык әдісі деп аталады. Сметалық қаржыландару бюджеттік қаржыландырудың жалпы принциптер негізінде іске асыры-лады. Мысалы, сметалык ақша берудің мақсатты арнауы әрбір смета бойынша бюджеттік құралдардың мақсатты бағыттылығын анықтайтын бюджеттік жіктеуге сәйкес топталады. Смета жеке және жиынтық түрде болуы мүмкін. Мекемелер бюджеттік жіктеудің әрбір баптары бойынша күрған және жоспарлау мен қаржыландырудың негізгі күжаты болатын сметаны жеке смета деп атайды. Ал жиынтық смета бір министрліктің барлык меке-мелерін ұстауға арналған барлық шығындарды енгізеді, яғни ол барлық жеке сметалардың қосындысы болады.

Тұжырымдама

Бюджеттік процестің бір сатысы - бюджетті аткару заңнамалық және нормативтік актілердің ережелерімен реттеледі. Бюджетті атқарудың барлық процестерін реттейтін негізгі заннамалық акті - ол Бюджеттік кодекс. Кодекс бюджетті аткарудың негізгі ережелері мен принцшттерін, оны атқару, анықтау, түзету процестерін, мемлекеттік мекемелерді каржыландыру тәртібін, бюджетті атқару мерзімін анықтайды.

Тиісті қаржы жылы бюджетті атқару тәртібі мен процедураларын белгілейтін маңызды кұжаттар - ол ҚР Үкіметінің рес-публикалық бюджет жөніндегі занды іске асыру жөніндегі қаулысы және жергілікті бюджеттерді орындау жөніндегі тиісті маслихаттардың шешімі. Бүл күжаттарда атқаруға қабылданған негізгі бюджеттік көрсеткіштер, мысалы кірістер, шығыстар, несиелер, ресми трансферттер көлеладері, бюджет тапшылығынын мөлшері мен таға басқа көрсеткіштер және бюджеттік бағдарламалар тізімі бекітіледі, сондай-ақ орталык уәкілетті ор-гандар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджетті орындаумен байланысты қажетті процедураларды жасау мен енгізу мерзімдері белгіленеді.

1. Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

2. Бюджеттің айқындалуы қандай принциптерді сақтау арқылы іске асырылады

3. Бюджеті атқару үшін қандай шоттар жоспары пайдаланады

4. Бюджеттік кодексте бюджет міндетті түрде айқындалуы карастырылған – олар нелер

5. Республикалык немесе жергілікті бюджеттер айқындалуы қандай шарттарды сақтаған жағдайда жіберіледі

6. Бюджетті атқарудың барлық процестерін реттейтін негізгі заннамалық акті қалай аталады

7. Бюджеттік несиелерді беру барысында қандайі принциптердің талаптарын сақтау қажет

Әдебиеттер тізімі:

1. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан.: Сб. норм.- правовых актов. –Астана: Фолиант,2014.- 132 с.

2.Действующие неправительственные и межгосударственные Конвенции и Соглашения об избежании двойного налогообложения: На 1 января 2013 года.- Алматы: Каржы-каражат, 2013.- 96 с.

3.Дунаев В.М. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник.- Алматы: Познание, 2013.- 428 с.

4.Дуканич Л.В. Налоги и налогообложение: Учебное пособие.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2012.- 416 с.

5.Ержанов С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане (примеры, ситуации, бухгалтерские проводки по налоговым платежам): По налоговому законодательству, действующему на 01.07.2014 г.- 163 с.

6.Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

7.Идрисова Э.К. Налоговое регулиро-вание предпринимательской деятель-ности в сфере малого и среднего биз-неса.- Алматы, 2013.- 136 с.

8.Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

9.Исмагулова А.У. Налоговое планирование. Учеб. прогр.- Астана: Ун-т «Туран-Астана», 12 с.

Наши рекомендации