Аржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?
Қаржының экономикалық ролі мына бағыттардан көрінеді :
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды үдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы қорлану, тұтыну қорларын қалыптастырады, соның негізінде тиімділікті арттыруға мүмкіндік жасайды;
қаржы меншіктің сан-алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы үлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының элементтері теңдестіріледі.Қаржы қүндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категорияларымен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеуқоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бүл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі.
аржы саясаты дегеніміз не ?
Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының қүрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттік қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жүмылдыру.
емлекеттің қаржы саясатының мазмүны, міндеттері қандай ?
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны күрделі,олар келесі стадияларды қамтиды:
1) экономикалық заңдардың өрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде қаржының ғылыми негізделген түжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын түжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерлі қаржы механизмі арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды.Демек,экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғурлым мүмкін болатын көлемін қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында үтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Мезгілінің үзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстыратын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.