Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Лұқпан хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» –деп сұраған екен

Лұқпан хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» –деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», – деген екен .

Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар:

Біріншісі – ерте тұру.

Екіншісі – орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі – дене шынықтыру.

Төртіншісі – үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі – үнемі сергек жүру.

Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі – көп ұйықтап, жалқау болмау.

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.

Тапсырма. Мәтінге ат қойыңыздар.

Тапсырма. Мәтін бойынша пікір алысыңыздар.

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Лұқпан хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» –деп сұраған екен - student2.ru Өмірде не қымбат?

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Лұқпан хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» –деп сұраған екен - student2.ru Лұқпан хакімнің өсиеттерімен келісесіз бе?

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Лұқпан хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» –деп сұраған екен - student2.ru Сіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?

Тапсырма. «Қоғамдық орынның тазалығы – мәдениет пен өркениеттің кепілі» тақырыбына эссе жазыңыздар.

БӨЖ тапсырмалары (ІХ апта)

Біз тұтынатын тағам қандай? Сауалнама жүргізу.

Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбына қысқаша эссе жазу.

ОНЫНШЫ АПТА

Менің Отаным – Қазақстан

Бірінші сабақ

Лексикалық тақырып: Менің елім – тәуелсіз Қазақстан.

Грамматика: Жалқы және жалпы есімдер. Біріккен сөздер.

Тапсырма. Басым сөздерді тыңдаңыздар. Оқыңыздар.

Егеменді, мекендеу, ұлт, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, шақырым, жемістер, астық, көкөністер, өзен, су, пайдалы кендер, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, мәдениетті.

Тапсырма. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақ елі туралы не білесіз? Оның өткен тарихынан не айта аласыз?

2. Қазақстан тәуелсізідігін алғаннан бері қандай жетістіктерге жетті?

Тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табыңыздар. Отан, туған жер туралы тағы қандай мақал- мәтелдер білесіздер?

Родина – мать народу, народ – мать джигиту.

Любовь к Родине у семейного очага зарождается.

Родная земля – золотая колыбель.

Человек без Родины, что соловей без леса.

Тапсырма. Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Отан!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды,

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды,

Тірі адамға – сол қайғы!

Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз –

Нағыз сорлы панасыз!

Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ,

Жалғыз Отан – мекенің!

(М.Мақатаев)

Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Наши рекомендации