Тақырып 12. Қаржы рыногы.
Сабақтың мақсаты -қаржы рыноғы терендетіп түсіну.
Сұрақтар:
1. Қаржы рыногының экономикалық мәні.
2. Қаржы рыногының жұмыс істеу шарттары.
3. Қаржы рыногының маңызы.
Қаржы рыногы- бұл, ен алдымен дербес экономикалық категория ретіңде багалы кағаздарды сату мен қайта сату жөніндегi операцияларды жүзеге асыруды жолымен кәсіпорындардың,фирмалардың , банктердiн жинактаушы зейнетакы қорларының сақтық институттарының ,мемлекеттің ж-е халықтын уакытша бос ақшасын жұмылдыруды қайта болудi қамтамассыз етедi.Шаруашылық жүргізудiн казргi жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын уздiксiз қалыптасып отырудың оларды негурлым тимдi пайдаланудың ұлыттық шаруашылықта ақша қозғалысысын ұтымды ұйымдастырудың айрыкша болып табылады.Қаржы рыногонда сатып алу-сатудың объектлер айрыкшалықты тауарлар-ақша және багалы (ақшалай) кағаздар болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шарушылық практикада қаржы рыноғы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келгентүрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Ақша рыногы дегеніміз өолма-қол ақша ғана емес, қолма-өолсыз төлем қараджаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.
Кредит рыногы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болап табылады.
Қаржы рыногында багалы кағаздардың қозғалысысымен ортактастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын багалы кағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының-багалы кағаздар мен туынды багалы кағаздардың айналысымен байланысты болғандыктан оны қор рыногы деп те атайды.”Қор рыногы” терминi бастапкыда багалы кағаздармен мэмiле жасалынатын және ресiмделетің мекеменiн-қор биржасының атымен байланысты.
Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады.
1. реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі.
2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады.
3. кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рыноққа орналастыру.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі.
2. қаржы ресурстарын қайта болудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың , қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта болудің азаюы.
3. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі.
4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы рыногының маңызы бос ақша каражаттарын алу және оларды қайта болу есебiнен удайы өндіріс процесiне ыкпал етуiмен ғана айкындалып коймайды.
Оның жумыс iстеу экiмшiл-эмiршiл экономикаға тән “сатылас”әдісiн орныңа “денгейлес”қозғалысыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндiк бередi . Денгейлес қозгалыс кезнiде шаруашылық жүргізушi субъектлер арасында қаржы ресурстарын өтеусiз қайта болу турiнде тоте байланыстар iс-эрекет етед . Бұл каражаттарды маңызды сфералар мен объектлерге жедел аудару есебiнен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы рыногының жандануы қорпоративтік бағалы қағаздарды –экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.
Әдебиеттер:
1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.
2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.
3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.
6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.