Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті
Есеп және статистика» факультеті
Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
FU 3302 Қаржылық есеп 2» пәні бойынша
B050800 Есеп және аудит» мамандығы
Алматы, 2013
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысын орындау бойынша тапсырмалар
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:
Студенттердің өзіндік жұмыстары өз бетінше орындалады және шығармашылық сипатқа ие болады. Тапсырмаларды орындау үшін пәннің әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын нормативті құқықтық актілерді, арнайы әдебиеттерді меңгеру қажет. Жазбаша жұмыстарды орындау кезінде студент тақырыпты жан жақты ашып қарастырып, анықтамаларды нақты қалыптастыруы керек.
Білім деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында студенттер жиырма сұрақтан тұратын тестке академиялық кезең ішінде үш рет жауап береді: бірінші аптада, алтыншы тақырыптан кейін және соңғы аптада. Тест қорытындыларына қойылатын баға сол аптадағы СОӨЖ ның(4) 20 пайызын құрайды.
СОӨЖ 1-ші тақырыбының атауы:«Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ХҚЕС 3)»
Тапсырма №1 ___Есептерді шығару______________________________________
Өздік жұмыстың мақсаты:Дәрістік және практикалық сабақтардағысұрақтарды талқылап, мамандықтың дағдыларын қалыптастыру
1.Сатып алынған кәсіпорынның баланстық құны-2569720 теңге. Қысқа мерзімді міндеттемелері-1234890 теңге. Ұзақ мерзімді банктік қарыздары-560000 теңге. Кейінге қалдырылған салықтар-270000теңге. Компанияның таза активтерін анықтаңыз.
2.Сатып алушы компанияның міндеттемелері мен капиталы-8975640 теңге. Ақшалай қаражаттары-1354230 теңге.Тауарлары-2105000теңге. Кәсіпорынның баланстық құнын анықтаңыз.
3.Аукционда фирма 9256000 теңге сатылды. Ал оның баланстық құны-8321785 теңге. Сатып алушы компанияның 2710 шоты бойынша пайда болатын соманы анықтаңыз.
4.А компаниясы Б фирмасының акционерлік капиталын 150 акцияны қосымша шығару арқылы сатып алды. Акцияның номиналдық құны 15 теңге. Келтірілген операция бойынша өткізбе құрастырыңыз.
Шоттардың корреспонденциясы | Сома | |
Дебет | ||
Кредит | ||
Кредит |
СОӨЖ тапсырмаларын орындауда келесі әдебиеттерді қолданыңыз:
-тапсырма 1[1,16 б.; 2,132б.]
-тапсырма 2[1,18 б.; 3,201б.]
-тапсырма 3[1,17 б.; 4,97 б.]
-тапсырма 1[1,19 б.; 3,57б.]
Бақылау нысаны-Студент жұмысын графикте белгіленген уақытта орындауын тексеріп бағалау
Тапсырманы орындауды бағалау баллы-4
Сынылатын әдебиеттер тізімі
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.
СОӨЖ 2-ші тақырыбының атауы: «Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік»
Тапсырма №2 ___Есеп берулерді шоғырландыру
Өздік жұмыстың мақсаты:Дәрістік және практикалық сабақтардағысұрақтарды талқылап, мамандықтың дағдыларын қалыптастыру
1.Бас компанияның сатылымдарының кірісі келесідей: а)үшінші тұлғаға жасаған -3600000 теңге; б)еншілес мекемесіне жасаған-25000теңге. Ал еншілес компания бойынша өткізулер тек үшінші тұлғаларға жасалған-1980235теңге болған. Топтың Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есептілігінде өткізуден түскен кірістің сомасы нешеге тең?
2.Сатып алынған компанияның баланстық құны 7896245 теңге. Сатылымның қорытындысы бойынша 2156987 теңге теріс гудвилл пайда болды. Комапнияның нарықтық құны қаншаға тең?
3.Еншілес компанияның активтерінің жиынтығы-2985263 теңге. Қысқа мерзімді кредиторлық берешегі-562123 теңге. Ұзақ мерзімді банктік қарызы-725648 теңге.Бас компания осы фирманың 75% акцияларын ұстайды. Азғантай үлестің мөлшері қандай сомаға тең болады?
4.Тәуелді компанияның баланстық құны-104562 теңге. Сонымен қоса осы фирма бойынша келесі ақпараттар бар:
Көрсеткіштер | Сома |
1.Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек | |
2.Кейінге қалдырылған салықтар | |
3.Жарғылық капиталдағы салымдар | |
5.Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер | |
8. Жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек | |
9.Бөлінбеген пайда | |
10.Сатып алушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
СОӨЖ тапсырмаларын орындауда келесі әдебиеттерді қолданыңыз:
-тапсырма 1[1,22 б.; 2,132 б.]
-тапсырма 2[1,24 б.; 3,212 б.]
-тапсырма 3[1,23 б.; 4,101 б.]
Бақылау нысаны-Студент жұмысын графикте белгіленген уақытта орындауын тексеріп бағалау
Тапсырманы орындауды бағалау баллы-8