Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар. 12 страница

- әкімшілік /заңмен тағайындалған қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдарды атқару жарлық ету әрекеті аймағындағы қатынастарға қызметтік міндетті жүзеге асырумен байланыссыз/ зиян келтіретін құқықбұзушылықтар;

- еңбектік /еңбектік қатынастар аймағында жасалатын кәсіпорын мекеме, ұйым әрекетіндегі ішкі тәртіпке қол сұғатын құқықбұзушылықтар;

- іс жүргізушілік /әділсотты жүргізудің заңда тағайындалған үрдісіне қол сұғатын құқық бұзушылықтар болып бөлінеді.

Заңды жауапкершілік жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары.

Заңды жауапкершілік шаралары: жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипатында болуы мүмкін. Заңды жауапкершілікке тән белгілер:

1) құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады;

2) мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді;

3) арнаулы өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады;

4) жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады;

5) жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді;

6) құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады;

7) іс жүргізу нысанында жүктеледі;

8) жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі - құқықбұзушылық; заңды негізі - құқық нормасы және тиісті құқық қолдану актісі /мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны/. Мақсаты - субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.

Функциялары:

1/ айыптау - мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;

2/ құқықты қалпына келтіру - келтірілген зиянды, шығынды толтыру;

3/ тәрбиелік /жеке превенция, жалпы превенция/.

Қағидалары:

1/ әділеттілік

2/ гумандылық /адам намысына тиетін жаза қолданбау/

3/ заңдылық

4/ негізделгендік

5/ бұлтартпастығы

6/ мақсаттылық, қажеттілік

Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:

- қылмыстық /құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза/

- әкімшілік /қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне кедергі келтіруге қатысты және т.б. қолданылады

- азаматтық /шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу - негізгі принципі.

- тәртіпшілік /еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады

- материалдық /еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды

Заңды жауапкершілік жүзеге асырылу нысандары

- соттық тәртіптегі заңды жауапкершілік;

- әкімшілік тәртіптегі заңды жауапкершілік;

- өзге тәртіптегі заңды жауапкершілік болып бөлінеді.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

1 Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

2 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

3 Қажетті қортындылардың жасалуы

4 Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

5 Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:.

1. Заңды жауапкершілік.

2. Құқыққа сай мінез-құлық түсінігі.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

3 Рәсімдеу сапасы

4 Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Құқық бұзушылық» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша ғдебиеттер:

2. Алауханов Е. Қылмыс құрамы / / Заң. №2-4. 2000.

3. Алауов Е. Қылмысқа тосқауыл. Алматы. 1997.

4. Базылев Б. Т. Юридическая ответственность (теоретические вопросы). Красноярск, 1985.

5. Боброва Н. А., Зражевская Т. Д. Ответственность в системе гарантий конституционных норм (государственно-правовые аспекты). Воронеж, 1985.

6. Братусь С. Н. Юридическая ответственность и законность. М., 1984.

7. Денисов Ю. А. Общая теория правонарушения и ответственности (социологический и юридический аспекты). Л., 1985.

8. Кудрявцев В. Н. Закон, поступок, ответственность. М., 1986.

9. Лейст О. Э. Санкции и ответственность по советскому праву. М., 1981.

10. Малеин Н. С. Правонарушение: понятие, причины, ответственность. М., 1985.

11. Малеин Н. С. Современные проблемы юридической ответственности // Государство и право. 1994. № 6.

12. Нурпеисов Е. К. Психология правомерного поведения. Алма-Ата, 1984.

13. Рахметов С.М., Бапанов Т.А. Қылмыс құрамы. Алматы, 1998.

14. Тархов В. А. Гражданские права и ответственность. Уфа, 1996.

15. Тавиева П.Т. Вина как субъективное основание гражданско-правовой ответственности. Вестник КазГУ. № 2. 2000 г.

16. Чукмаитов Д.С., Алчинбаев Р. Некоторые вопросы обеспечения неотвратимости уголовной ответственности. Вестник КазГУ. № 4. 2001 г.

17. Онланбекова Г. Правонарушение и преступление - их сходство и различие.// Фемида. 2000. №9.

12. Хамзина Ж. Объект и предмет преступления.// Фемида. 1999.№6.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

« Құқыққа сай жүріс тұрыс қалыптастыру» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқыққа сай мінез-құлық түрлері, Заңды жауапкершілік түсңнігі, функциялары.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Заңдылық және құқықтық тәртіп

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______

Дәрістің мақсаты:

Қоғам өмірін реттеудегі заңдылық және құқықтық тәртіптің мәнін түсіндіру.

Жоспары:

1. Заңдылық ұғымы, белгілері..

2. Заңдылық мәні, негізгі қағидалары.

3. Құқықтық тәртіп.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Заңдылық және құқықтық тғртіп.

Заңдылық - барлық субъектілердің заңдар мен заңға бағынышты актілерді сақтауы. Заңдылыққа екі шарт қажет: 1/ құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы /мазмұндық жағы/; 2/ олардың орындалуы /формальды жағы/. Заңдылық пен олардың принциптерінің ара қатынасына құқық теориясында методологиялық аксиома қалыптасқан: принцип-мазмұн, «заңдылық» категориясы - олардың көрінісі болып табылады.

Қағида ретіндегі заңдылық идеялар мен көзқарастар жиынтығы, олардың көмегімен құқық қатынастардың барлық қатысушылары құқықтық әрекет жасауға ішкі қажеттілікті қалыптастырады. Заңдылық қоғамды мемлекеттік басқару әдісі ретінде және режим ретінде - құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің қолданыстағы заңдар мен заңдық нормаларды қатаң және бұлжытпай орындауы.

Заңдылықтың мынандай жақтары анықталған:

- ішкі жағы - құқықтық шындылықты сипаттау үшін қолданылатын, құқықтық құбылыстар жүйесіндегі заңдылықтың функционалдық ролін көрсетеді /оған заңдылықты қағида, әдіс, режим, жағдай ретінде анықтау жатады/;

- сыртқы жағы - қоршаған шындықты тану және түсіндіру үшін қолданылатын құндылықтар жүйесіндегі заңдылықтың орны мен ролін анықтайды. Сыртқы аспектілерге: әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеологиялық, рухани, логико-семантикалық жақ жатады.

Әлеуметтік-экономикалық жақ. Заңдылықтың объективті табиғатын, саяси-құқықтық шындықтың құбылысы ретіндегі қалыптасуы мен дамуының шарттары мен алғышарттарын қалыптастырады.

Саяси-идеологиялық жақ. Қоғамдық дамудың заңдылығы ретінде түсіндіріледі. Ол заңдылық теориясының дүниетанымдық негізін құрайды. Заңдылық пен мақсаттылық, қажеттілікті салыстыруға болмайды. Рухани-адамгершілік тұрғысынан заңдылық жеке тұлғада құқықтық нұсқауларына қатаң бағыну қажеттілігін қалыптастырады.

Заңдылық - бірнеше жағдайдан құралады: 1/ Құқық шығармашылық және құқық қорғаумен айналысатын мемлекеттік органдардың болуы; 2/ қоғамдық қатынастарды ретке келтіруге бағытталған құқықтық нұсқаулардың қолданыстағы жүйесінің болуы; 3/ құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жеткілікті дәрежесінің болуы.

Заңдылықтың мәні - қолданыстағы заңнаманы қатаң және бұлжытпай сақтауын талап ету.

Заңдылықтың құқық теориясында танылған мынандай белгілері бар:

1) заңдылық қоғамда мемлекетте болып жатқан саяси-құқықтық процесстермен себепті-салдарлы негізделеді;

2) заңдылық талаптарының жалпылығы және міндеттілігі танылған;

3) заңдылық категориясымен түсіндірілетін, жоғары дәрежелі абстракцияның болуы тән;

4) объективтілікпен сипатталынады;

5) заңдылықты қорғау бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыру орын алады.

Заңдылықтың төмендегіде принциптері танылған:

1/ Заңдылық бірлігі - әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеуді нормативті-құқықтық акт түріне, құқықтық қатынасқа қатысушыларға, ықпал ету объектісі сипатына қарамастан теңестіру;

2/ адам негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілдендірілгендігі - әлеуметтік негізі; индивидті жалпы қорғау мен жалпы гуманитарлық құндылықтардың басымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігі;

3/ жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес жауапкершіліктің болуы - заңдылық табиғатын анықтайды; елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекетін анықтайды.

4/ Заңдылық пен мақсаттылықты қарсы қоюға болмайтындық;

5/ Заңдылық пен мәдениеттіліктің өзара байланысы - жалпы және құқықтық мәдениет заңдылықтың моральдық - этикалық негізін құрайды;

6/ Конституция мен заңдардың жоғарылығы /нормативті-құқықтық актілердің заңға сәйкестігі/.

Құқықтық тәртіп дегеніміз - құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

Қоғамдық тәртіп - мемлекетте барлық әлеуметтік нормаларды іске асыру арқылы пайда болатын қоғамдық қатынастардың жүйесі.

Құқықтық тәртіп ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1/ Құқық нормаларында жоспарланған тәртіп болып табылады;

2/ берілген нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады;

3/ мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

4/ қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

5/ заңдылықтың нәтижесі болып табылады.

Қоғамдық тәртіп заң нормасы және оларды орындау және әлеуметтік норма және орындау /тәртіп/ көмегімен жүзеге асады.

Құқықтық тәртіптің мазмұнын төмендегіден көруге болады:

1/ Материалдық мазмұн - құқықтық тәртіптің пайда болу, қызмет ету және даму заңдылықтары, экономикалық, саясат, мәдениет, идеологиямен өзара байланысынан байқалады.

2/ мемлекеттік-еріктік мазмұны - мемлекеттік ерік пен құқықтық тәртіп қатысушылардың мүддесінің жинақталған нәтижесі болып табылады.

3/ заңдық мазмұны өзі мынандай элементтерден құралады:

- құқық пен заңдылықтың жүзге асырылуы;

- құқықтық қатынастардың өзара байланысты жүйесі, құқықтық тәртіпке қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің корреляциясы;

- құқықтық элементтердің, процесс, қатынас пен байланыстардың тәртіптелгендігі.

Нысаны: а/ тәртіпті құқықтық бекіту; б/ материалдық құқық нормаларында көрініс табатын барлық статистикалық элементтер мен сипаттамалар; в/ динамикалық процесстер - процессуалдық құқықтар көрініс табатын даму, қозғалыс және өзгеріс; г/ өмірдегі жеке көріністер.

Құқықтық тәртіп құрылымы, элементтері:

1/ Қоғамның құқықтық құрылымы /оған мемлекет, оның органдары, кәсіпорын, ұйым, мекеме; мемлекеттік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер, азамат жатады/. Олардың құқықтық мәртебесі толық анықталған;

2/ Құқықтық қатынастар және байланыстардың пайда болу, даму, өзгеру, тоқталу кезектілігі;

3/ Атрибутивті элементі құқықтық актілерде бекітіледі.

Құқықтық тәртіп деңгейлері әртүрлі: көлемі бойынша: ел, аймақ, облыс, қала, ұйымның құқықтық тәртібі; маңыздылығы бойынша: жалпы, салалық; қатынас сипаты бойынша бойынша: конституциялық, соттық, әкімшілік, қаржылық, салық және тағы басқалар; күрделілігі бойынша: кешенді, қарапайым, элементарлы тіркелу деңгейі бойынша: бекітілген және тіркелмеген болып бөлінеді.

Құқықтық тәртіп қызметтері:

1/ қоршаған ортамен өзара әрекеттестік, жүйені ретке келтіру қызметін атқарады;

2/ ішкі байланыстар мен қатынастарды ретке келтіру қызметін атқарады;

3/ құқықтық тәртіпті қорғау және ретке келтіру қызметін атқарады.

Заңдылық кепілдіктері - заңдылықты жүзеге асыру процесін қамтамасыз ететін, қоғамдық даму заңдылығы мен негізделетін шарт, құрал, жағдайлар жүйесі. Олар екі топқа бөлінеді: жалпы және арнаулы. Жалпы кепілдіктері - экономикалық, саяси-идеологиялық, адамгершілік-рухани, арнаулы-заңдық. Экономикалық-саяси кепілдіктерге: меншік нысандарының әртүрлілігі, экономикалық даму сипаты, саяси жүйе жағдайы, идеология, қоғамдағы тұрақтылық деңгейі, мәдениет жағдайы жатады.

Адамгершілік рухани кепілдіктер ар-ұят, намыс, қайырылымдық қазіргі таңда үлкен роль атқарады.

Заңдылық кепілдіктері мына топтан құралады: 1/ әлеуметтік - экономикалық; 2/ саяси; 3/ ұйымдастырушылық; 4/ қоғамдық /профилактика/; 5/ идеология (қоғамдық сана, адамгершілік тәрбие); 6/ арнаулы-заңдық кепілдіктер.

Заңдылық заңдық кепілдіктері - әлеуметтік - экономикалық құрылым ерекшеліктерімен негізделген қолданыстағы заңнамада бекітілген және тікелей заңдылық қамтамасыз етуге бағытталған жағдайлар мен құралдар жүйесі. Оның өзі 2 бөлінеді:

1/ құқықтық - қолданыстағы заңнамада көрсетілген және жалпы сипаты бар

2/ келісімділік - олар келісімдік қатынастар аймағын реттейтін нормативті актілермен негізделген, келісім жасағандарға ғана қатысты болады.

Заңдық кепілдіктерге мыналар жатады:

а/ заңдық нормалардың толықтығы және тиімділігі

ә/ заңдылық талаптарын жүзеге асыруға бақылаудың жоғарғы деңгейі

б/ азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ықпал ететін заңды жауапкершілік және қорғау шараларының тиімділігі

в/ заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік билік органдарының жоғарғы сапалы және кәсіби жұмысы

г/ заңдық әрекетті тұрақты жетілдіру

д/ құқықтық сананы дамыту және елдің жоғарғы құқықтық мәдениеті.

Оған арнаулы принциптер, институттар, процедуралар, құралдар /мадақтау және жазалау т.б./ қолданылады.

Заңдылыққа жетудің әдістері:

1/ қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу - мемлекет құқықтық нормалар шығарады, оларды сақтауды қамтамасыз етеді, сөйтіп құқықтық тәртіпті қалыптастырады.

2/ жоспарлау /ұйымдастырушылық әдіс/ нормативті құқықтық актілер жоспарын бекіту.

3/ экономикалық әдіс /жалақы мөлшерін, тәртібін т.б. анықтау/.

Тәртіп дегеніміз - жеке тұрғалардың және заңды ұйымдардың қызметтерінің заңдылыққа сәйкес атқарылуын көрсететін үлгі.

Тәртіптің өзіне тән белгілері қатарына мыналар кіреді:

1/ Тәртіп субъективті әлеуметтік байланысы нысаны, ол бірлескен әрекет үрдісінде жасалады және жүзеге асырылады.

2/ Тәртіп субъектінің өзгеге бағынуымен байланысты, ол белгілі бір биліктік немесе беделді талаптарды, бағытты анықтайды.

3/ Заңдық және өзге әлеуметтік міндеттердің болуымен байланысты.

4/ Бұл нормативті сипаттағы құқықтық актілерде ғана емес, сондай-ақ құқық қолдану, интерпретациялық, келісімдік, нормативті және жеке заңдық емес нұсқауларда мазмұндалатын міндеттерді орындау. Көбінесе құжат - актіні емес, әрекет актіні /бұйрық, тапсырма, бастық өкімі/ орындау түрінде кездеседі.

5/ Тәртіп мақсаты әлеуметтік байланыстарды ретке келтіру жағдайы. Оның нәтижесі қоғамдық тәртіп.

Тәртіп түрлері:

1/ мемлекеттік - мемлекет тағайындайтын құқықтық нормаларда мазмұндалған заңдық міндеттерді субъектінің орындауымен байланысты тәртіп;

2/ еңбектік тәртіп;

3/ оқу тәртібі;

4/ партиялық тәртіп.

Тәртіп пен заңдылық арақатынасы мынадай:

1/ мақсаты бір болғандықтан өзара әрекеттестікте болады

2/ тәртіпті нығайту заңдылықты нығайтуға әсер етеді

3/ тәртіп көлемі бойынша заңдылық түсінігінен кең. Тәртіп нормативті-құқықтық талаптарды ғана емес, жеке-құқықтық, құқық қолдану талаптарын орындауды білдіреді.

Глоссарий (терминдер): заңдылық, құқықтық тәртіп, құқықтық идеология, құқықтық психология, пролетарлық құқықтық сана, корпоративтік құқықтық сана, социум, эмпирикалық сана, доктриналдық сана, құқықтық нигилизм, құқықтық инфантилизм, құқықтық идеализм, құқықтық демогогия.

·

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Наши рекомендации