Ақырыптың мазмұны. 6 страница
Мақсаты:тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының жүйесін зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі
2. Парламенттің құрамы мен құрылымы
3. Парламенттің өкілеттігі мен жұмыс істеу нысандары
4. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:
1. Тақырыптың сұрақтарына ауызша жауап беру керек.
2. «Қазақстан Республикасының өңірлік саясаты» тақырыбына реферат жазу.
Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты ұсынылған әдебиеттерді оқудан бастау керек. Бұл тақырыпты қарастыру кезінде Мемлекеттік биліктің әрбір басқару ұйымдары механизмінің мәнін түсінген дұрыс.
Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері қай органның өкілі болып табылады:
А) ҚР Президенті
В) ҚР Үкіметі
С) жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Д) ҚР Президенті мен ҚР Үкіметі
Е) барлық жауаптар дұрыс емес
2. Қазақстан Республикасында жергілікті атқарушы орган:
А) мәслихат
В) әкімшілік
С) мәжіліс
Д) кеңес
Е) cенат
3. Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті орган:
А) әкімиат
В) мәжіліс
С) маслихат
Д) кеңес
Е) сенат
4. Маслихаттардың негізгі қызметтеріне …
А) нақты аумағында жоспарларды, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бекіту, жергілікті бюджетті және оның атқарылу есептерін, сонымен қатар бюджет бағдарламаларын бекіту
В) облыстық коммуналды меншікті басқару және оны қорғау шараларын жүзеге асыру
С) облыс аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамытуға бағытталған жағдайлар жасау
Д) ҚР өндірістік күштерді орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық схемасын жоспарлау, облыстық орталықтың бас жоспарын жасау
Е) барлық жауаптар дұрыс емес
5. Әкімиаттың қызметтеріне тікелей байланысты:
А) нақты аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бойынша бағдарламаларды бекіту
В) нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жоспарларды, облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын жасау, облыстық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз ету, сонымен қатар бюджет бойынша есеп жасау
С) жергілікті әкімшілік- аумақтық құрылым мен жергілікті қоғамдық шекараларды анықтау туралы мәселелерді шешу
Д) атқарушы органдар басқармасының есептерін қарау және нақты органдарға жауапкершілік туралы ұсыныстарды енгізу
Е) барлық жауаптар дұрыс
6.Облыс әкімін кім тағайындайды:
А) Премьер-Министр
В) Мәжіліс депутаттары
С) Сенат депутаттары
Д) Президент
Е) Халық
7. Конституция азаматтардың еркі мен мүдделерін білдірудің, қоғамдық құрылыстың негіздерін белгілеудің қайсысына жатады:
А) Заңдық
В) Құқықтық
С) Рухани
Д) Саяси
Е) Қоғамдық
8. Жергілікті өкілді орган
А) Мәслихат
В) Парламент
С) Сенат
Д) Мәжіліс
Е) Әкімият
9. Жергілікті атқарушы органды кім басқарады:
А) Әкім
В) Мэр
С) Премьер-Министр
Д) Президент
Е) Жергілікті сот
10. Мемлекеттік басқару кағидаларының ерекше белгілері:
А) басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы
В) олардың диалектикалылығы, жүйелілігі
С) олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы,өзара байланыстылығы
Д) олардың өзара байланыстылығы
Е) объективті факторларға тәуелділігі
9-ТАҚЫРЫП. Басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет
Дәрістің мән мәтіні
Мақсаты: Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функциясының жіктеуі бойынша өте ірі экономикалық саясат құрайтынын зерттей отырып, онымемлекеттік қызметтің әртүрлі экономикалық қызметтері экономикалық саясатты әзірлеуде қарастыратын экономикалық міндеттерін негізге алу. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мәртебесі мен жіктеуі туралы түсінік қалыптастыра отырып, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн қарастыру.
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттiк қызмет әлеуметтiк-құқықтық институт және қызмет саласы ретінде.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәртебесі және жіктеуі.
3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерi.
Негізгі түсініктер:Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саяси қызметші, мемлекеттік әкімшілік қызметші, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң.
Тақырыптың мазмұны
1.Мемлекеттік қызмет ұғымы мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі деп түсіндіруге болады.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік қызмет институттарының экономикалық функциясының жіктеуі және әр түрлі топтық нұсқалары бар. Мысалы, оларды қандай да бір белгілері бойынша (әлiпби бойынша, маңыздылық дәрежесi бойынша, экономикалық саясаттың құрылымы бойынша және т.б.) атап шығуға болады. Осылайша, мемлекеттік қызмет институттарының экономикалық функциясы жіктеуінің маңыздылығы, және алдыңғы қатарға көбіне нарықтық және мемлекеттiк реттеудiң мәселелерін шешу жолдарын іздестіру, кәсіпкерлік еркіндікті дамытуды қолдау және экономиканы мемлекеттік реттеу маңыздылығы бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларын жіктеу жиі ұсынылады. Бұл байланысты ғылыми түрде және өлшемнің жүйесін анықтау арқылы, нарықтық және мемлекеттік тетіктің шоғырлану дәрежесін, сонымен қатар оның серпімділігін және есептік шегін анықтау қажет.
Алайда мұндай ұстанымның экономикалық тұрғыдан атқаратын қызметі жеткіліксіз және төзімді болады, өйткені қоғамның дамуында қоршаған ортаның атқаратын қызметі қарастырылады, олардың басымдылығы экономикада елеулі орын алады.
Сондықтан, мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функциясының жіктеуі бойынша өте ірі экономикалық саясат құрайтынын көруге болады.Экономикалық саясатты әзірлеуде мемлекеттік қызметтің әртүрлі экономикалық қызметтері қарастырылатын экономикалық міндеттер негізге алынады.Сонымен экономикалық функцияның жіктеуін келесі суреттен көруге болады (1-сурет).
1-сурет. Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық саясаты бойынша экономикалық функциясының жіктеуі
Өз кезегiнде, мемлекеттік қызмет институтының экономикалық қызметтерінің тағайындалуы және табиғаты бойынша (құрылымдық, монополияға қарсы, инвестициялық саясат және т.б.) бақылаушы, реттеуші, ынталандырушы бола алады.
Экономикалық функциялардың мұндай бөлiмшелері экономикалық тетіктің негізгі пайдалы көзі болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет институтының экономикалық функциялары әлеуметтік міндеттерді, сонымен қатар әлеуметтік саясаттың құрамына енетін әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-мәдени сала, тұрғындар саны және т.б. міндеттерді орындайды. Ең алдымен, мемлекет пен оның органдарының қатысуы мемлекеттік қызметте нарықтық экономиканы реттеуде экономикаға әлеуметтік бағыттылықты тудыратын әлеуметтік нарықтық экономиканы құрайды.
Әлеуметтiк нарықтық экономиканың басты нүктесі нарықтық экономика болып табылады, оның ең басты мақсаты мен міндеті – өндірістің өсуі мен табыстылығы.Сондықтан да нарықтық экономика бұл мақсаттарға жетумен бірге бірнеше әлеуметтік сұрақтарды да шешеді.Оның ең басты міндеті – көп мөлшерде тауар өндіру, яғни бұл жерде жұмысбастылық, еңбекақы төлеу жүйесі, және т.б. жайлы айтылады.Бірақ нарықтық экономикада бәсекелестікке негізделген, мұнда әлеуметтік әділеттілік жайлы мүлде қаралмайды.Әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік қорғау ең алдымен мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша мемлекет әлеуметтік нарықтық экономиканы өз еркімен халықтың мүддесіне қарай бұрмалайды.
Осы шарттарға байланысты мемлекет халықтың әлеуметтік қорғалуы және қоғамның тыныштығы үшін көбінесе экономикалық белсенділігін жояды. Мысалы, әлеуметтік нарықтық экономикасы дамыған Жапония, Швеция елдеріндегі зағип адамдарға арналған қосымша әуендері бар бағдаршамдарды, қоғамдық көліктерге орнатылған арнайы көтергіштері бар құрылғыларды қорытынды ретінде атап кетуге болады.
Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің белсенділігін іске асыру бағытындағы Қазақстанның шетел мемлекеттерінің тәжірибесін қолданудағы кейбір жайларын атап кетуге болады. Жапонияда экономиканы мемлекеттік реттеу және әлеуметтік-еңбек қызметтері әлсіз дамыған. Мысалы, мемлекет тікелей әлеуметтік әріптестіктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ та жапон тәжірибесіне тереңірек талдау жасайтын болсақ, мемлекеттік реттеу барлық жерде жүргізіледі. Осыған байланысты мемлекет барлығын орындауға міндетті бірыңғай стандарттарды бекітеді. Дәл осындай құралдар еңбекақы мәселелері, жалдау және т.б. мәселелерді реттеуде қолданылады.
Сонымен бiрге Жапонияда бес жылдық жоспар ойдағыдай қолданылуда. Оған тән ерекшеліктер – бұл үрдісті жүзеге асырудағы ұйымшылдық, үлкен тәрбиелік мәні. Жобалардың бес жылдық жоспары ұжымдарда, кәсiпорындарда, оқу және ғылыми орындарында белсенді түрде талқыланады.Талқылау барысында формализм болмайды, өйткені жапондықтардың барлық жоспарлары адамзаттың дамуына, рухани байлығының өсуіне, адамзат өмірінің жақсаруын дамытуға бағытталады.
Сондықтан да ел тұрғындары бұл жоспарлардың орындалуына қызығушылықтарын танытады. Бұл жоспарлардың іске асуы өз кезегінде мемлекеттік қызмет институтының құрамына енгізіледі.
2.Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Саяси лауазымдарға мыналар кіреді:
1. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
2.1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;
3. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
4. орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды
Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді.
Өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметке кіру кезінде жынысына, нәсіліне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дініне, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.
Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:
1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;
1-1) тараптардың өзара келiсуi бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттiк қызметте болу мерзiмiн бiр жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;
4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;
5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;
7-1) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi.
3.ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9)мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
12) мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгiне түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;
13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға мiндеттi.
Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiктi қоспағанда, оны пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.
Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.
Мемлекеттiк қызметке:
- белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
- сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
- бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;
- өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
- жұмыстан босату түрiндегi тәртiптiк жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;
- мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
- мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
- мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.