Тақырып. Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
Элементтері | Ішкі аудит | Сыртқы аудит |
Аудит объектісі | Тапсырушы анықтайды. Нақты кәсіпорын активін тексеру, табыстылығын қамтамасыз ету. Информация жүйесін дұрыс қолдану | Сыртқы аудит статусы анықтайды. Қаржы есебін тексеру, оның көрсеткіштерінің дұрыс екенін анықтау. Дамыған елдердегі өндіріс процесінің аудиті |
Біліктілік | Кәсіпорын басшыларының қалауы бойынша анықталады. Тәуелсіздік. Мамандарды бақылау | Мемлекет тұрғысына өте қатал талап қойылады, оны біліктілік комиссиясы шешеді. Шексіз дербес тәуелсіздік |
Әдістері | Ішкі және сыртқы аудит қызметінде қызмет әдістері бірдей. Ерекшеліктері аудит объектісі мен мақсатына сәйкес әр түрлі болады | Олардың айырмашылығы аудит күрделігіне сәйкес бөлінеді |
Мақсаты | Тапсырушылар басшысымен және жұмыс жоспарымен анықталады | Заң талабына сәйкес аудит принциптерімен анықталады. Сол сияқты информация қолданатын талапкерлер үшін |
Ақпарат | Тапсырушыға, кәсіпорын басшыларына | Тапсырушыға |
Келтірілген кестеден ішкі аудиттің сыртқы аудиттен ерекшелігі, ол кәсіпорын құрылымына жататындығы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының қол астында қызмет атқарады, тікелей басқаруында болады. Ішкі аудит кәсіпорынның бөлімдерін тәуелсіз түрде тексереді, бірақ фирма, бірлестіктер тұрғысынан бақылауда болады. Сонда да болса ішкі аудиттің кәсіпорын үшін беделі, атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, олар оперативтік бақылау, тексеру жүргізуде көп қызмет көрсетеді.
Сондықтан да ішкі аудиттің ерекше атқаратын қызметі, ол күнделікті кәсіпорынның негізгі құралының, материалдарының тауарының, өндіріс процесінің, дайын өнімнің бухгалтерлік есебін күнделікті бақылап отыруында. Қазіргі кезде ішкі аудит кәсіпорындағы күнделікті бухгалтерлік есеп жұмысын күнделікті бақылап, қадағалап тексеріп отыруында. Сондықтан да ішкі аудит тек қана күнделікті кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасап қана қоймай олар сол кәсіпорынның басқару, менеджмент проблемаларын зерттеп, көрсету мақсатымен қызмет көрсетеді. Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты – ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған информацияның дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару процесінде қолданатын информацияның шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орндалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалуына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жазу. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектіліерінің кәсіпкершілік көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қоймай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.
Сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығының қандай даму, қаржы резервтерінің бар екенінетолық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі – ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудитің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар – олар, кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иегелері.