Ақирет шаһидтері
- Туберкулез, эпилепсия, ішбөсір (водянка) мен оба секілді ауру түрлерінен көз жұмушы, батып кетуші, қираған құрылыстың астында қалушы, өртеніп кетуші, діни білім жолында немесе қажылықта қөз жұмушы, жауыздықпен өлтірілген кісілер ақирет шаһидтері деп аталады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الشهداء خمسة: المطعون، والمبطون، والغرق، وصاحب الهدم، والشهيد في سبيل اللّه عزَّ وجلّ)
«Шаһидтер бесеу: оба ауруынан көз жұмушы, ішбөсерден көз жұмушы, суға батушы, қираған құрылыс астында қалушы және Аллаһ жолындағы қаза табушы»[779].
- Бөтен елде көз жұмған кісі де осы топқа жатады. Уқба ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الميت بذات الجنب شهيد)
«Бөтен жерде өлуші - шаһид»[780].
- Босану кезінде көз жұмған нәресте мен анасы да осы топқа кіреді. Мұғауия қызы Хаснаның немере ағасы, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(النبي في الجنّة، والشهيد في الجنّة، والمولودة والوليدة)
«Пайғамбар жәннәтта болады. Шаһид те жәннәтта болады. Босану кезінде көз жұмған бала мен анасы да жәннәтта болады»[781].
- Отбасын, жанын және малын қорғау жолында қаза табушы кісілер де осы топқа кіреді. Саъид ибн Зайд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من قتل دون أهله فهو شهيد، ومن قتل دون دينه فهو شهيد، ومن قتل دون دمه فهو شهيد)
«Кім отбасын қорғап өлсе, шаһид болады. Кім дінін қорғап өлсе, шаһид болады. Кім жанын қорғап өлсе, шаһид болады»[782].
- Құрғақшылықтан, жыртқыш аңның тырнағынан, улы жәндіктің уынанан, абақтыға әділсіз қамалуынан көз жұмған кісілер де, Аллаһ тағала қаласа, ақирет шаһидтерінен саналады. Әбу Мәлик ал-Ашъари, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(أو وقصته فرسه أو بعيره، أو لدغته هامة، أو مات على فراشه، أو بأي حتف شاء اللّه، فإنه شهيد، وإن له الجنة)
«...Немесе аты не түйесі жығып кетіп өлсе, жәндік шаққаннан өлсе, немесе төсегінде өлсе, сондай-ақ Аллаһ қалаған тағы да басқа ажал түрімен өлсе, шаһид саналады және оған жәннат болады»[783].
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын,пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من قتل دون مظلمة فهو شهيد)
«Өзіне әділсіздік жасалып, соны қайтару жолында қаза табушы шаһид саналады»[784].
- Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) үмбеті бұзылған заманда сүннетті ұстанушы кісіге шаһидтің сауабы жазылады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(المتمسك بسنتي عند فساد أمتي له أجر شهيد)
«Үмбетім бұзылған заманда сүннетімді ұстанушыға шаһидтің сауабы жазылады»[785].
Шінші: Көз жұмған мұсылман нәрестенің алдындағы міндетіміз
1 -Егер тірі туып, сосын өлсе, тіпті бір ғана әрекет көрінсе, не даусы естілсе, аты қойылады, жуындырылады, кебінделеді, оған намаз оқылады, сосын жерленеді. Ал-Барра ибн Ъазиб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(أحق ما صليتم عليه أطفالكم)
«Өздеріне намаз оқылуға ең лайықтыларың - балаларың»[786].
Барра ибн Ъазиб, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(صلى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم على ابنه إبراهيم. ومات وهو ابن ستة عشر شهراً)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір жас төрт айында көз жұмған Ибраһим баласына намаз оқиды»[787].
Босану кезінде өліп кеткен ана құрсағында бала қимылдаса, ішін жарып алынады.
2 - Ана құрсағынан өлі туылған нәрестеге ат қойылады, жуындырылмайды, намаз оқылмайды, матаға оралып жерленеді.
Төртінші: Тұтқындалған жау әскері ішінде көз жұмған баланың үкімі
1 -Жалғыз болса, мұсылмандардың қолына өтуімен мұсылман саналады. Жуындырылады, кебінделеді, намаз оқылып жерленеді.
2 -Қасында әкесі немесе шешесі болса, қиық матаға оралып, ғұсылсыз, намазсыз жерленеді. Егер әке-шешесінің бірі ислам қабылдаса, бала мұсылман саналады.
Бесінші: Мұсылманның туысы кәпір күйінде, атеистік нанымда көз жұмса
Мұсылманның туысы исламнан басқа дінде немесе атеистік нанымда адал болған күйі көз жұмса, кәпір үкімімен өледі. Өлім сәтінде мұсылман туысы оған исламды қабылдауын бұйыруы қажет. Егер қабылдамаса, оның денесі өзінің діндес немесе пікірлес (атеистік) жодастарына беріледі. Ал егер оны мұсылман туысы жерлесе, ол мұсылман секілді кебінделмейді, тек бір матаға оралады. Сондай-ақ қабірі мұсылманша қазылмайды және мұсылманша жерленбейді. Денесі бататындай шұңқырға көміледі. Мұсылман туысы оған бұл дүниеде де, ақиретте де еш жәрдем бере алмайды. Сондай-ақ оған қабіріне де түсуіне болмайды. Өйткені кәпірдің қабіріне лағынет түседі.