Мемлекеттік қызметке тұру үшін сынақтан өту.
Мемлекеттік қызметті өткеру бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуын, өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара бір-біріне себепші заңдық айғақтардың жүйесі.
Мемлекеттік қызметті өткерудің элементтері: мемлекеттік қызметке кіру; мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау; қызметті ауыстыру; қызмет атқару жеңілдіктері мен оны ынталандыру; мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығы.
Мемлекеттік қызметті өткеру бұл мемлекеттік қызметтік қатынастардың пайда болуын,өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара біріне бірі себепші заңдық айғақтардың жүйесі және ол ұзаққа созылатын процесс.
Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Біріншісі –Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін яғни ережелерін, шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы » заң және Президенттің жарлықтарымен бекітілген бірнеше нормативтік актілер жатады.мыс. «Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы Ереже ». Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестациядан өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың және қызметке ауыстырудың тәртібін, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың тәртібін, құрметті атақтар берудің тәртібін белгілейді.
Құқықтық актілердің екіншітүрі- бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни, нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке-дара актілер. Мыс. Конституцияның 33б 4-тармағында ҚРсы азаматтарның мемлекеттік қызметке кіруіне тең құқылы деген жалпы ереже бар. Бірақ, бұл арнайы шектеулер болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мыс . Әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтарды мемлекеттік қызметке алынуына шектеу қойылған. «Мемлекеттік қызмет туралы » заңның 10 б.4т. берілген.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алынған адамдардың да өзіндік шектеулері бар. Мыс. Мемлекеттік қызметкердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына құқығы жоқ. «Мемлекеттік қызмет туралы » заңның 10 б.1т. берілген.
Мемлекеттік қызметкерлерге қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіншілік жасайтын кейбір жеңілдіктер бар.
· Мемлекеттік қызметші қызмет бабымен іссапарға барған кезінде олардың кепілдіктері бар, іссапарға арналған шығындары өтеледі, яғни, тәулік ақы және тұрғын үй жалдау ақысы төленеді. Және оның жұмыс орны мен жалақысы сақталады.
· Мемлекеттік қызметшілерге сауықтыру үшін екі лауазымдық айлықақы есебінде жәрдемақы төленеді. Және отыз күндік ақы төленетін жыл сайынғы демалысы (отпускасы) беріледі.
· Медициналық қызмет көрсетуді пайдалану бойынша медициналық тегін страховкасы болады.
· Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін ҚР сының Президенті белгілейді.
· Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу ҚРсының Президенті бекітетін Еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жалақысы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен немесе Ұлттық Банктің қаржысынан төленеді.
· Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік жоспар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері бар.
· Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік орган таратылған немесе органның штаты қысқартылған жағдайда жасалатын жеңілдіктері бар.
· Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда төленетін жәрдемақы.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.
Аттестациялауда бағалаудың негізгі критериіне қызметшілердің өздеріне белгіленген міндеттерді орындай алу қабілеті жатады
Аттестациялауды өткізудің тәртібі мен шарттары ҚР-ның Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығымен бекітілген Ережемен анықталған. Аттестация өткізуге дайындықты, мемлекеттік орган басшысының тапсырмасы бойынша кадр қызметі ұйымдастырады.
Ол мынадай шараларды қамтиды:
1) аттестациядан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестация өткізудің кестесін әзірлеу;
3) аттестация комиссияларының құрамын айқындау;
4) аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
5) мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен сынақ мерзiмдерi және оны өткiзетiн орны туралы келiсу.
Аттестациялаудан жүкті әйелдерден басқа барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер өткізіледі
Мемлекеттік қызметке алғаш рет түсіп отырған тұлғалар аттестациялаудан мемлекеттік қызметте үздіксіз үш жыл болғаннан кейін өтеді. Содан соң әр үш жыл өткен сайын аттестациялаудан өтіп отырады.